Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет16/108
Дата06.01.2022
өлшемі0,94 Mb.
#15550
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   108
Байланысты:
Дәріс тер тезистері

Көптеген жылдар бойы біздің елімізде ұлттар арасындағы айырмашылықтар қарастырылмады. Қазіргі кезеңдегі болып жатқан өзгерістер аймақтардағы ұлтаралық байланыстарды қайта қарауға әкеліп соқтырды. Сондықтан да болар, қоғамда ұлт мәселесі басты назарда. Оның себебі: ұлттар мен ұлыстар арасында көптеген мәселелер туындауда.


Тәуелсіздікке ие болу, қазақ тілінің мәртебе алуы ұлттық сана-сезімнің өсуіне әсерін тигізді. Бұл ұлттық сана–сезімнің тағы бір көрінісі – этнопсихологияға деген бетбұрыс еді.

Психология адамдардың психикасының даму және қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін болса, этнопсихология зерттеліп отырған адамдар қауымдастығына тән мінезді, қауымдастық өкілдерінің ұлттық мүдделерін, ұлттық сана–сезімнің қалыптасуын, қызмет ету заңдылықтарын зерттейді.

Этнопсихология алынып отырған ірі әлеуметтік топтың, этностық–қоғамдық тарихи қалыптасуын, тек өзіне ғана тән психологиялық, стилистикалық кешендерін зерттейтін ғылым, яғни әлеуметтік психологияның аса маңызды арнайы салаларының бірі.

Этнопсихология – адам психикасының ұлттық ерекшеліктерін қарастыратын, әлеуметтік психология, социология және этнография ғылымдарының сабақтасуымен пайда болған жеке дара ғылым.

Этнопсихологияны шартты түрде ұлттық психология деп қарастыруға болады, себебі; ғылымда ұлттар психологиясы едәуір жақсы зерттелген. Ал, ұлт адамдардың этникалық қауымдастығы ретінде тарихи даму кезеңінің соңына қарай құрылған, яғни олардың дамуы, капитализмнің қалыптасу кезеңіне байланысты.

Кез–келген басқа ғылымдар сияқты этнопсихология ғылымының да зерттеу обьектісі бар. Этнопсихология ғылымының зерттеу обьектісі: “ұлт”, “ұлттық қауымдар”.

“Ұлт” – қазіргі қоғамдағы кезеңнен таралған этникалық қауымдастықтың формасы болғанымен, бүгін де бұдан да басқа оның түрлері бар; «ұлттық топтар», «ұлттар», “ұлыстар” т.б.

Демек, бұл ғылымның зерттеу шеңберіне топтың сана құбылысы, топ аралық этникалық қарым-қатынастар, әсерлер және тұлғаның ұлт өкілі ретіндегі қарастыратын психологиясы кіреді. Сондықтан да болар, этнопсихолгия этносты, ұлтты зерттей отырып, психология ғылымының қатарынан салмақты орын ала отырып, этнологиялық жағынан әр түрлі ұлт өкілдерінің қарым–қатынастағы жақындағы мен алшақтағын, өзара түсіністік пен психологиялық сәйкестіктігін, этникалық түсінушілігін қарастырады.

Этнопсихология ғылымының негізгі мақсаты: белгілі бір ұлттың немесе ұлт өкілдерінің психикалық даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерттеу.

Этнопсихология әр ұлт өкілдері арқылы нақтылы ұлттың психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысады. Этнопсихология жеке адамның дамуындағы жүріс-тұрысының қалыптасу жүйесіне, этникалық (ұлттық) ортаның әсер етуін ескере отырып, даму қалыптасу заңдылықтарын, сонымен бірге бұл ғылым әр ұлттың, өзіндік типологиялық айырмашылықтарын нақтылы психологиялық әдістемелермен зерттейді.

Сөйтіп, бұл ерекшелік ұлттық қарым-қатынас жүйесінде, біріккен іс-әрекет барысында қалайша әсер ететіндігін көрсетеді.

Сонымен этнопсихология ғылымы әрбір халықтың рухани әрекетінің (миф, фольклор, тіл, рәсім т.б.) жемісін, сол халықтың психологиясын, ұлттық сана–сезімін, ұлттық мүддесін көрсететін негізгі өлшемдердің бірі.

Этнопсихология ғылым ретінде адамдардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерін ұлтаралық қатынастарда зерттей отырып, әр ұлт өкілдерінің психикалық іс-әрекеттерін оқытады. Этнопсихологияның зерттеу обьектісі: “ұлт”, “халық”.

Жоғарыда айтылған мәселелер этнопсихология аймағында зерттеуцлерді қажет ететін бірнеше өзекті міндеттерді көздейді:



  • әр түрлі теориялық мектептерде дамыған этнопсихологиялық бағыттардың салыстырмалы қорытындысы;

  • адамдардың психологиясындағы этникалық ерекшеліктердің қалыптасуының негізгі заңдылықтарын оқу;

  • әр түрлі мәдениет сферасындағы ұлттық және көп ұлттық қарым-қатынастың жалпы және ерекше психологиялық негіздерін зерттеу;

  • халықаралық топтар мен ұжымдардағы жеке тұлғаның іс-әрекетінің психологиялық негізін зертеу.

Сонымен қатар, тақырыптық және әдістемелік жағынан алып қарағанда, этнопсихология тұтас дүние емес.Сондықтан да оның бірқатар өзіндік бағыттары болады олар төмендегідей:

  • психофизиологиялық, когнетивтік процестердің естің, эмоцияның, сөз сараптаудың этникалық ерекшеліктерін салыстармалы зерттеп қарастыратын бағыты;

  • этностың мәдениеттілігі бағаланатын процестер мен онын символикалық әлемінің ерекшеліктерін айқындау бағытындағы мәдениеттану зерттеулері;

  • түсіністік аппараттары мен әдістерін, әлеуметтік психологияның сәйкес бөлімдерінен алатын этникалық сананы және ұлттық сана–сезімді зерттейтін бағыты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет