Амбиваленттік біртектілік – бұл анық көрінбейтін этникалық біртектілік, ол аралас этникалық ортада көрініс табады.
Сонымен, этникалық біртектіліктің аталмыш типтері мен түрлерін айқындай келе, олар тек үлкен эмперикалық мәліметтерді зерттеу негізінде қалыптасқан ғылыми абстракциялар екеніндігін түсіну қажет. Адамдардың сәйкестілігінің басқа нысандары ішінен этникалық біртектіліктің шынай көрінісі аталған типтің біреуімен ғана емес, бірнешеуімен анықталады.
Этникалық біртектілік - әр мәдениеттегі өзгермелі шың. Мысалы, қандай да бір адам ауылда өзін соның тұрғыны ретінде сезінеді және солай болып басқалармен де қабылданады. Қалада ол өз диалектісі, дағдысы, салты бар нақты жердің өкілі ретінде әрекет етеді. Сол себепті этникалық біртектілік шекарасы жылжымалы, өсіңкілі және мәдени негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |