Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


В. Франкл айтқандай өмір мағынасын адам жаны ұмтылатын рухани деп түсіндіреді



бет86/108
Дата06.01.2022
өлшемі0,94 Mb.
#15550
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   108
Байланысты:
Дәріс тер тезистері

В. Франкл айтқандай өмір мағынасын адам жаны ұмтылатын рухани деп түсіндіреді. Өмір мағынасын түсіну əр түрлі жас кезеңінде жəне əртүрлі жағдайда пайда болуы мүмкін, сондықтан адам өз тіршілігіне өзі мəн беруі тиіс, əйтпесе оған сырттан келер көмек жоқ. Өмірдің мағынасы жазылып, құрастырыла салмайды, ол өмір бойы жинақталады. Өмір мағынасын іздестіру адам үшін табиғи құбылыс болып саналады [4].

Күнделікті істі ысырып қойғанда адам шексіз əлем туралы ой қозғайтыны жасырын емес. Ол əлем бізге сондай жақын бола тұра сондай бөгде, алшақ орналасса да сондай қол жетімді. Осы əлем адамға махаббат, сұлулық пен тəтті əуен, гүлдердің хош иістері іспеттес кереметтерді сыйлай отыра тағы табиғи апаттар мен соғыс, эксплуатация, жұт сияқты зілзаларды əкеледі. Адам өзін ғаламның шаңы екенін бар тəнімен сезінеді, оның өмірі бар жоғы Жер шарының Күнді бірнеше ондаған рет айналғанмен тең, ал Ғаламның көзге ілінбестей қозғалысымен тең уақыт екенін біледі, ең ақырында адам бар жоғы сол шаңға айналады. Осы мəселелер жайлы сан ғасырлар бойы ойлана келе адам əр кезде өзіне сұрақ қояды: Жер бетіндегі адамдар не үшін өмір сүреді? Біздің осы əлемдегі өміріміздің мағынасы қандай?

Тарихқа көз жүгіртсек, өмір мағынасы туралы ізденістердің түрлі нұсқаларын көреміз. Прогрессивиті ғалымдар, философтар мен ойшылдар өмір мағынасын ғылыми түрде дəлелдеп шығаруға тырысып бақты. Ондай əрекеттерді біз антикалық философтарда, XVIII ғасырдың алдыңғы қатарлы француздық ағартушыларда жəне орыстың революционер-демократтарында байқаймыз. Олар халыққа, қоғамға жарқын болашақ туралы оптимизмді жеткізуді мақсат көрді.
Өмір мағынасы жайлы сұрақ адам өмірінің басты сауалы болып табылады. Адам, санасы бар жан болғандықтан өзіне келесідей сұрақтар қоюы заңды-ақ: бұл ғалам қалай пайда болды жəне оның мағыналы өмір сүруіне кім жауапты, өмір сүрудің мағынасы неде жəне өмір сүрудің басты мақсаты не? Өмір мен өлім, мəңгі өмір мағынасы қоғамда құндылықтар кризисі орнағанда өте жиі қолданыла бастайды. ХХ ғасырда адам, тұлға тұрмыс мағынасының өлшемі болды. Ерте ме, кеш пе əйтеуір адам өмірінде философиялық көзқарастар оянатын кездер болады, ол кездің басты қаңқасы адамның өмір мағынасын іздеумен сипатталады.

Сонымен, ХХ ғасырда батыстық философия мен психоаналитикалық жəне постмарксисттік дəстүрлерге ортақ мəселе – əр адамның өмір мағынасын іздеу не табудың рухани құндылыққа айналуы болды. Адамның қоршаған орта мағынасын түсініп, сол ортада өз бағытын таба білуі осы мəселенің басты мəніне айналды. Өмір мағынасы – адамның өмірлік бағыттар, мақсаттар мен бағдарламалар жəне оларды жүзеге асыру жолдарының жиынтығы болып келеді.

Барлық когнитивтік (зерттеушілік) əрекеттер адамды осы өмірде өз орнын іздеуге, өмірлік мақсаттарын айқындауға, қоғамда белгілі бір статустарға ие болуға итермелеп отырады. Индивидтің өмірлік бағыт анықтау процесі көбіне басқалармен қарым-қатынас жасау, өз мүмкіндіктерін дамыту жəне сол мүмкіндіктерді пайдалана алу сияқты əрекеттердің тізбегінен құралады.

Өмір мағынасын іздеуде социум үлкен жұмыс атқарады, социумда адамның тұлға болып қалыптасу жолындағы көпжоспарлы идентификация жүзеге асырылады. Тұлға болып қалыптасқан байқуатты, танымал əрі актуалды дамуы тоқтамаған адамның жеке құпиясы оның сырт келбетінде емес, оның киіну, сөйлеу, басқалармен қарым-қатынас жасау жолдарында емес оның өз мүмкіндіктерінің шегінен таси алатындығында, өзін-өзі анализдеп, өзін-өзі сырттан бағалай білуінде, сол адамның өмір сүру əдістерінде жəне де өз өмірін өзі құра білуде деп түсіну керек.

Кез келген тұлғаның өмірінде белгілі бір орын алатын өмірлік-практикалық мəселені өмір мағынасы деп таныса да болады. Өмірлік-мағыналық мəселе іс-əрекет арқылы жүзеге асып, адамның өз өмірін құрғысы келетіндіктен, өзін көп байланысқа мүмкін субъект ретінде қарастырылуына ұмтылыста көрініс табады. Адамның тұлға болып қалыптасуының басты критерийі адамның өзін өмірлік ортада сезінуі болып табылады. Ол үшін индивид түрлі салалар мен түрлі əрекеттер барысында идентификацияланады, ол əрекеттер күнделікті, коммуникативті, зерттеушілік, қолы бос кездегі, кəсіпқойлық, сексуалды, эстетикалық, діни жəне тағы басқа əрекеттер болып саналады [5].
Адам өмірінің мағынасы туралы сұрақ əдетте сол адамның өмірлік тəжірибесінің жəне жалпыға бірдей табыстылық көрсеткіш бойынша табыстылығының өлшемін туғызады. Бұл стандарттар кейбір адамдарға қолданылмайды. Тағдырға теңдестіріліп қарастырылатын өмірлік жолда үнемі белгілі жəне белгісіз кедергілермен күрес жүреді, сол күрес барысында адам айналаны жəне өзін-өзі тану арқылы ұстанымдылыққа қол жеткізеді.

Өмір жолында адам үнемі өзін-өзі асып түсіп отырады, себебі адам өмір туралы ойланып қана қоймай, өмірдегі мəселелер мен қиындықтарды шешу жолын қарастырады, сонымен қатар өз əрекеттерін жəне айналасындағы қоғаммен, туыстарымен, жанұясымен жəне өз-өзімен қарым-қатынасты реттеп, оларға байланысты шешімдер қабылдап отырады. Басқа адамдар өмірі мен өз өмір шығармашылы- ғындағы байланыс адамды өмірді бағалауға жəне өмір мағынасын табуға итермелейді.

В. Франклдың пайымдауынша, қазір біз күйреу заманында өмір сүрудеміз. Осы күйреу заманының ықпалына түскен адамға Франкл сəйкесінше жан күйзелісінің ерекше диагнозын қояды – ноогенді невроз. Бұл невроз стомагенді жəне психогенді неврозбен теңдестіріледі, алайда ол ерекше күйзелістерге əкеледі, бұл күйзелістегі жандар «экзистенциалды вакуумға» түседі, оның салдары қалыпты іш пысулық пен апатия жəне өмірге деген қызығушылықтың жалпы болмауы. Бұл вакуумға түскен адамдар əдетте «өз өмірімнің ешбір мағынасын таппадым» деп күйзеледі. Өз өмірін осылай құнсыз- дандыру əдетте суицидалдық əрекеттердің бастапқы қадамдары деп танылады. Сонымен қатар экзистенциалды вакуум тұлғада басқа да невротикалық реакциялардың дамуына ықпал етуі мүмкін (аггресивті немесе сексуалды мінездегі).

В. Франкл бұл апатия мен неврозға қарсы дəрі ретінде рухани психотерапияны қолдануға кеңес береді. Ол тіпті бұл неврозбен күрес ретінде өзінің логотерапия атты емдеу курстарын ұсынды. Алайда бұндай фундаменталды концепция дəл осындай фундаменталды онтологиялық негізге ие болуы тиіс.

Жоғарыда аталып кеткен ноогенді невроз ықпалының күшін байқай отырып біз қазіргі таңда жалпыға бірдей құндылықтар өз күшін жойып, экзистенциалды вакуум жағдайы қалыптасып келеді деп айтуымызға толық мүмкіндігіміз бар. Бұл жағдайда ұрпаққа білім беру мəселесі белең алады, себеп біреу, жалпыға бірдей құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізе отырып, əр ұрпақтың өз бетінше құндылықтарды анықтайтындай етіп білім беру. Берілген білім келесі ұрпақты «өз бетінше қайталанбас құндылықтарды табуға жəне тəуелсіз түпнұсқалы шешімдер қабылдауды» үйрету. Бұл заманға қарсы тек ұят қана тұра алады, себебі тек ұят қана адамға экзистенциалды вакуум эффекттеріне, конформизм мен тоталитаризмге қарсы тұруға көмектесе алады. Негізгі мəнінде адам өмірі адамның рухани еркіндігі мен оның ішкі жəне сыртқы тағдыры күресінің көрінісі болып келеді. Өмір мағынасы мəселесі өз кезегінде адамға психологиялық зардабы бар құбылыс. Мағынаның жоғалуы адамның психологиялық денсаулығындағы өзгерістерге тікелей байланысты болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет