Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Кәсіби тұрғыдан өзін – өзі анықтау



бет89/108
Дата06.01.2022
өлшемі0,94 Mb.
#15550
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   108
Байланысты:
Дәріс тер тезистері

1.Кәсіби тұрғыдан өзін – өзі анықтау

Кәсіби өзін – өзі анықтау – адамның өз кәсіби қабілеттерінің даму деңгейі мен бағытын ұғынуы. Кәсіби өзін – өзі анықтаудың басты ( ізгі ) мақсаты – адамдағы өз даму келешегін өз бетінше саналы түрде жоспарлауға және оны іскеасыруға деген іштей дайындықтың бірте – бірте қалыптасуы. ( Ізгі мақсат деп аталу себебі бұл мақсатқа қол жеткізу өте сирек кездеседі ).

Кәсіби өзін – өзі анықтаудың міндеттерінің негізгі топтарынаақпаратты-анықтамалық немесе ағартушылық, диагностикалық ( өзін – өзі тануға жәрдемдесу), моральді – эмоциялық ( таңдауда, шешім қабылдауда көмек көрсету) міндеттері жатады. Адам өзі көп жағдайда өзін-өзі кәсіби анықтай алмайды, сондықтан ол кеңесшінің көмегіне жүгінуіне тура келеді. Кеңесші мен клиенттің қатынасы барысында кәсіби өзін – өзі анықтау мәселелерін шешу күрделілігінің мынадай деңгейлері болады:


  1. проблема клиент қатысуынсыз шешіледі – клиент пассивті позицияны ұстанып, таңдау субъекті болмайды;

  2. проблема клиентпенбірлесе отырыпшешіледі – диалог, өзара әрекет, бірлесе жұмыс істеу;

  3. клиенттің өз проблемаларын өз бетінше шешуге дайындығының бірте – бірте қалыптасуы – клиент нағыз субъектке айналады.

Кәсіби өзін – өзі анықтаудың негізгі белгілері:

  • Формализация – кәсібилік дипломдарда, сертификаттарда, еңбек кітапшасында, еңбек нәтижелерінде және т. б. көрінеді.

  • Қолайлы жағдайлар – әлеуметтік сұраныс, талапқа сай ұйымдар, құрал – жабдықтар және т. б.

Е. А. Климов кәсіби өзін -өзі анықтаудың гностикалық және практикалық деңгейлерін ажыратып көрсетті:

Гностикалық деңгей дегеніміз сананы және сана сезімді қайта құру.

Практикалық деңгей – адамның әлеуметтік мәртебесінің нақты ( шынайы) өзгеруі.

Жандандырушы әдістеменің басты сипаттамалары:

әдістемеде қаралатын мәселелердің өзіндік маңыздылығы;

көрсетілген әдістеме процедурасына клиенттердің өз еркімен қатысуы;

әрекет жоспарының екіжақтылығы:

бір жағынан – нақты әрекеттер жоспары;

екінші жағынан – ойдан шығарылған әрекеттің жоспары;


  • клиентпен бірлесе отырып кәсіби бағдар проблемаларын қарап шығуды ұйымдастыру. Бұл ұйымдастыру жұмыстың ортақ мақсатын белгілейді, атап көрсетілген проблемалар мен мақсаттарды шешу үшін жалпы әдіс-тәсілдерді қолдануды болжайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет