1. Әлеуметтік топ түсінігі. Әлеуметтік топтың негізгі қасиеттері.
А.Альфредтің «жаңа әлеуметтік психологиялық көзқарас» концепциясында адамға деген биофизикалық ықпалдан басқа интеллектуалды тенденциялар қалыптасты психоанализге.
Адлер психологтардың ойына әлеуметтік өзгерткіштер дегенді салып, әлеуметтік психологияныңдамуына негіз салды. Адлердің тағы бір екінші маңызды еңбегі ол тұлға теориясына жоғары персоналданған субъективті жүйе «Креативті Мен» деген ұғымды кіргізді. Үшінші айтқан маңызды жағдайы психоанализден айырмашылығы сол ол адамның уникалды сипаты жайлы айтты.
Адлердің концепциясында тұлғада болатын төмендегі жағдайларды көрсетті: фиктивті финализм, басым болуға ұмтылу, толық қанды емес сезімі мен компенсация, әлеуметтік қызығу, өмір стилі, кретивті Мен. Адлер зерттеуде қолданған әдістері: туу реті мен тұлға жайлы, ертедегіні еске түсірулер, балалардың бастан кешкендері бойынша сезімдері.
Эрих Фромм еңбектеріндегі негізгі тақырып адамдағы жалғыздық пен адамдардан бөлектену жағдайы болды. Оның көзқарастарының қалыптасуына Маркстің идеялары әсер етті. Адам бір уақытта табиғаттың бір бөлігі, әрі жануар әрі адам, жануар ретінде адам биологиялық қажеттіліктерді игереді, адам ретінде өзіндік санаға, ақылға, қиялға ие.
Фромм өз теориясын емдеу барысында адамдарды бақылау арқылы, тарих экономика, социология, философия, әдебиет жайлы адамдардың білімдерін бақылап, эмприкалық зерттеулер арқылы жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |