Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Логотерапия немесе өмірге құштарлық



бет87/108
Дата06.01.2022
өлшемі0,94 Mb.
#15550
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   108
Байланысты:
Дәріс тер тезистері

2. Логотерапия немесе өмірге құштарлық

«Логотерапия немесе өмірге құштарлық» атты жан азығы болатын жақсы кітап шықты. ХХ ғасырдың бастапқы жартысында Еуропаны пенде баласын өз-өзіне қол жұмсап, өмірден баз кешетін кесел иектейді. Сол тұста Зигмунд Фрейд негізін қалаған психоанализ жаңа ғылым ретінде бүкіл Еуропаны дүрлік­тіріп, бұл ілім адамның түпкі санасына сүңгуді қолға алады. Кісінің бейсаналы түрде жасайтын іс-әрекетін психоанализ арқылы жүйелі түсіндіріп беруге талпынғанымен оның кемшін тұстары да болды. Ол – адамның ең негізгі өзегі трансцендентті (ғайыпқа самғайтын рухани қабілет) болмысына үңіле алмады. Тап сол кезде Виктор Франкл деген жас ғалым ортаға шығып, Зигмунд Фрейд, Альфред Адлердің қаузамаған тақырыбына мойын бұрады. Адамға зат секілді қарайтын редукционалистерге қарсы академиялық майдан ашады. Сол негізде ЛОГОТЕРАПИЯ деген ілім өмірге келеді. Осы ілімнің негізін қалаушы Виктор Франкл бұл сөзді бірінші рет тың мағынада қолданған. Ол гректің «Логос» сөзін «МӘН» деген мағынада алған. Оны жалпақ тілде «Хикмет ілімі» дей берсек болады. «Терапия» – ем, шипа. Екеуі бірігіп «Мәнмен емдеу» немесе «Хикмет шипасы» деген мағына береді. Виктор Франклдың «Өмірден мән іздеген адам» («The man’s search for meaning») атты кітабы негізінде ағылшын, орыс тілдерінен аударылып, оны қазақ дүниетанымы қалыптастырған мысалдармен көрсеткен бұл кітаптың біздің қоғамға да берері мол деп сенеміз. Франкл адамтануда үш өзекті негізге алады. Пенденің кірпіш тәнін «соматикалық дене», шартты және шартсыз рефлекстер мен импульстер жайғасқан аймақты «психофизикалық қабат» деп алған. Үшіншісін «ноологикалық болмыс» деп бекіткен. Ол «Пенденің адам болуы немесе бордай тозуы ноологикалық өзекке тәуелді. Өзектегі дерт кетпейінше, адам невроз хәлінен құтыла алмайды» деп кесіп айтады. Аталмыш кітапта бұған мынадай мысал келтіреді. Бір адам қатты толып кеткені үшін, тамақтан тыйылып, сомотикасын реттейді. «Соматикалық дене» бөлегі осы. Екінші ол адам біреуге қатты ашуланып, кеңірдегінен түйір дән өтпей қалады. Қатты ашу тамаққа деген тәбетін қашырады. Міне, бұл «психофизикалық қабат». Үшіншісі, ол адам Құдайдың ризалығы үшін ораза ұстап, тамақтан тыйылады. Ғайып әлеммен жалғасатын ноологикалық өзекті кітапта осылай түсіндіреді.

Әр кәлла «мен не істеп жүрмін? Бұ дүниеге қайдан келдім? Ақирет шынымен бар ма? Өлім деген не? Өлген соң өмір бар ма? Бізді шынымен Құдай жаратты ма? Жаратса, менен не тілейді? Ар-ұят деген не? Тағдыр деген не? Өмірімді өзім жасаймын ба, әлде құдіретті күш­тердің ықпалымен еріксіз дөңгелеп жүрмін бе? Ерік қалауым бар ма, жоқ па? Қисық кеткен тағдырымды өзгерте алам ба, әлде түрлі себепке жетектеліп жүре берем бе? Жауапкершілік деген не? Не үшін жауапты болуым керек? Кімнің алдында жауаптымын?» деген сұрақтарға лық толы екені даусыз. Оған Франкл «Адам дүниеге келгенде кім екенін толық көрсетпей тұрады. Бірақ оның міндеті – «КІМ» екенін толық көрсету» деп жауап береді. Тұтас кітапта осы экзистенциялық сұрақтарға жауап береді. Кітаптың кіріспесінде осы мәселеге байланысты ашық жазылған. «Адам экзистенциялық сұраққа бас ауыртса міндетті түрде бақытты өмір сүреді» дегенді білдірмейді. Сұрақтың жауабын таппаса нигилизмге ұрынуы демде. Нигилизмге ұрынған соң кие тұтып төбесіне тұтатын бірде-бір қасиетті нәрсе қалмайды. Өмірге құштар еткен хикмет атаулы көзден ғайып болады. Міне, сонда адам депрессияға ұрынады. Адам құздан құлаудың аз-ақ алдында тұр деген белгі. Егер экзистенция сұраққа жауап беруден қорқып, тайқыса, бірте-бірте ішкілікке салынып, мастыққа жұтылып, өзін-өзі алдайды немесе қартайса да, бала сияқты сауық-сайранға құмар болады. Бұл басын құмға тығып тұра қалатын түйеқұстың күлкілі кейпін еске салады. Міне, осы жерде экзистенция анализінің мағынасы айқындалады. Психотерапевтер торыққан пендені емдегенде осы қасиеттерді бірінші есепке алады. «Жоғарыдағы сұрақтарға қай деңгейде жауап береді немесе өзін өзгерту үшін қай қасиетіне табан тіреп жатыр?». Жауабына қарай оған көмек қолын созады. Бұдан келіп Логотерапияның міндеті айқын болады. Ол тек оптимистік бағытта қозғалады. Экзистенцияның барлық сұрағына позитивті жауап беруге талпынады. Жауап оңымен беріліп, көңілдегі түйткіл мен түйіндер сәтімен тарқатылған сайын суицид адамнан алыстай береді. Суицидті тоқтатқысы келген адам ең бірінші көкіректі кеміріп бара жатқан экзистенция сұрақтарымен жекпе-жек шығудан қорықпауы керек. Ықылым заманнан келе жатқан: «Өзін-өзі таныған адам Жаратушы Тәңірін де таниды» деген қанатты сөз бар. Енді осыны оңайлатып: «Кімде-кім өзінің экзистенциялық қасиеттерін танып, оларды дамытып машықтанса, Жаратушы Иесін де тезірек таниды…».

Франклдың осы нәзік салаға келуі де қызық. Ғалымның сол оқиғасын есіңе түсірген сайын біздің қоғамның аяқ алысы қалай екенін мөлшерлейсің. Әрі осы кітаптың дер кезінде шыққанына қуанасың. Оқиға былай. Франкл небәрі 21 жасында психоанализ туралы ғылыми мақала жазып, оны Фрейдке жолдаған. Фрейд оны баласынбай, мақаласын ғылыми журналға бастырады. Франкл оны жүзбе-жүз көрмесе де, тұрақты хат жазысып тұрады. Айта кетелік, Зигмунд Фрейд Франклдан 47 жас үлкен болған. Сондай күндердің бірінде жас Франкл ақсақал Фрейдке «Мен психоанализді терең оқығым келеді. Сіздің қауымдастыққа мүше болсам деп едім» деп хат жазады. Фрейд оны Психоанализ қауым­дастығының бас хатшысы Федернге сілтейді. Франкл келісілген уақытта ғалымның кабинетіне келеді. Кірсе, Федерн үстелінде жазу жазып оты­р екен. Франклдың кіргенін білсе де, басын көтерместен жұмысын істеп отыра берді. Оны бақылап қана тұрған Франклға бейне бір ұзақ уақыт күткендей көрінеді. Біраздан соң Федерн «отыр» деп ишара жасайды. Сосын әй жоқ, шәй жоқ, гүжілдеген жуан дауысымен: «Иә, құрметті Франкл, қан­дай невроз мазаңды алып жүр­ген?» деп түйеден түскендей дүңк еткізеді. Франкл сұраққа бірдеңелерді айтып жауап берген болады. Федерн: «Сен бала әуелі медициналық институтты бітіріп ал. Сосын маған келерсің», – дейді (Франкл ол кезде мединституттың студенті болатын).

Федерн сонша не бүлдіріп қойды? Ол ойын жинақтап, кар­тинаны қайта елестетіп тұр­ды. «Әй жоқ, шәй жоқ, «Ана жерге отыр да, неврозың­ды айт» дегені несі?! Мақұл, бұл сондай әдіс делік, соның өзін­де бұның ішінде адамшылықтың ұштығы түгіл, пұштығы да жоқ. Мені күттіріп қойға­ны несі?! Ол үшін кешірім де сұрамады. Ең болмаса «Інім, он минут күте тұршы, жарай ма, мен мына қағазды жазып тастайын» десе, несі кететін еді?! Не адаммен дұрыс амандаспайды. «Үй ішің қалай, хәлің қалай, оқуың қалай? Не үшін психоанализге қызығып жүрсің?» дегеннің бірі жоқ. Сонда мені неврозбен ауырған соң ғана соларға барғысы келді деп тұр ма?! Осындай да ғылым бола ма?! Сонда маған назар салғанда адамды емес, тек неврозды көріп тұр ма?! Бұлар сонда адамды емес, неврозды зерттеумен айналыса ма?!» деген сұрақтармен басы қатып тұрды. Міне, осы сәтті Логотерапияның дүниеге келген сағаты десе де болғандай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет