5. Иiс сезу түйсiгi. Иiс сезу мен дәм сезу химиялық сезгiштiктiң түрлерi болып табылады. Осы кезге шейiн иiс сезу адамда маңызды рөл атқармайды деген пiкiр болды. Алайда иiс сезу вегетативтiк жүйке жүйесiнiң қызметiне әсер етедi және адамның көңiл-күйiнiң тонын анықтайтын жағымды немесе жағымсыз эмоциялық фонды тудырады. Иiс сезу дистанттық рецепторларға жатады.
Иiс сезу түйсiгi мұрынға ауамен бiрге кiретiн әр түрлi заттардың молекулаларының әсерiнен пайда болады.
6. Дәм сезу түйсiгiиiс сезу сияқты заттардың химиялық қасиеттерiмен шартталады. Дәм сезетiн қасиеттердiң негiзгi төрт түрiн бөлiп көрсетедi – тұзды, қышқыл, тәттi және ащы.
Дәм сезуге, әдетте, иiс сезу, ал кейде қысым, жылулық, суықтық және ауырсыну түйсiктерi қосылады.
Дәм сезуде компенсация, яғни бiр дәм сезу түйсiгiнiң (тұзды) басқамен (қышқыл) басылып қалуы үлкен рөл атқарады.
Контраст құбылысымен қатар, дәм сезуде контраст құбылысы да орын табады. Мысалы, қант ерiтiндiсiнiң тәттi дәмiн түйсiну тұздың аз мөлшерiнiң қосындысынан күшейедi.
Дәм сезу түйсiктерi вегетативтiк жүйке жүйесi арқылы эмоциялық көңiл-күйге әсер етедi. Дәм сезу, иiс сезу сияқты басқа рецепторлық жүйелердiң табалдырықтарына, мысалы, ол көз бен естудiң жiткiрлiгiне, терi сезгiштiгi мен проприоцепторлар күйiне әсер етедi.
§ 6. Сезгiштiк және түйсiк табалдырықтары Абсолюттiк сезгiштiк және абсолютттiк табалдырық. Төменгi және жоғарғы абсолюттiк табалдырықтар. Айырма сезгiшттiк және айыру табалдырығы.
Адамның түйсiне алуға қабiлеттiлiгiн сезгiштiк деп атайды.
Абсолюттiк сезгiштiк дегенiмiз – сезiм мүшелерiнiң өте әлсiз тiтiркендiргiштердi түйсiне алуы.
Абсолюттiк табалдырық- сенсорлық табалдырықтардың бiр түрi. Психофизикада абсолюттiк табалдырық деп негiзiнен қабылданбайтын немесе мүлдем қабылданбайтын стимулдар (егер олардың мөлшерi табалдырықтық мөлшерден едәуiр аз болған жағдайда) мен (егер стимул мөлшерi табалдырық мөлшерiнен белгiлiбiр шамадан асқанда) негiзiнен қабылданатын немесе толық қабылданатын стимулдарды өзара ажырататын мөлшердiң мәнiн атайды.
Әрбiр түйсiк түрлерi үшiн өз абсолюттiк табалдырықтары болады. Мысалы, қараңғыға бейiмделген көз жарықтың 7 квантына жауап бередi… Көру арқылы адам қараңғы түнде көзден 48 км қашықтықта тұрған балауыз шамның жалынын қабылдай алу қабiлетi. Естуде қолсағаттың жүрiсiн тыныш бөлмеде 6 м қашықтықта ажырата алу. Дәм сезуде 8 л судағы бiр шай қасық қанттың дәмiн сезу. Иiс сезу 6 бөлмеден тұратын пәтерге бiр тамшы әтiр сепкенде оның иiсiн сезiп қалу. Сипап сезу 1 см биiктiктен шыбынның қанатынын терi үстiне құлауынан пайда болған ауа тербелiсiн сезiну.
Абсолюттiк табалдырық сенсорлық жүйенiң сезiмталдығының модалдылығы ретiнде пайдаланылады.
Алғашқы рет сәл бiлiнерлiк түйсiк туғызатын тiтiркендiргiштiң ең аз күшiн сезгiштiктiң төмеңгi абсолютттiк табалдырығы дейдi.
Тiтiркендiргiштiң осы түрдегi түйсiгiн тағы да туғызатын ең жоғарғы күшiн сезгiштiктiң жоғарғы абсолюттiк табалдырығы дейдi.
Айырма сезгiштiк деп сезiм мүшелерiнiң тiтiркендiргiштердiң арасындағы болмашы айырмашылықты түйсiне алуын айтады. Айырма табалдырығы айырма сезгiштiктi анықтау үшiн пайдаланады. Мысалы, егер алақанға 100 гр салмақ салып, оған тағы 1 гр қосса, салмақтың артқаны бiлiнбейдi. Оны айыра бiлу үшiн шамамен 3-4 гр салмақ қосу керек. Айыру табалдырығы түйсiктiң түрлерiнде әр түрлi болып келедi. Мысалы, жарықты айыратын табалдырықтың күшi 1/100-ге тең.
Осы айталғандар түйсiк табалдырықтарының организм үшiн маңызды бағдарлаушы және, ең алдымен, қорғаныс функциясын атқаратынын байқатады.