Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет6/79
Дата23.11.2022
өлшемі281,34 Kb.
#52059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ Психология

Ғарышкерлік психология адамның салмақсыздық пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын онын шектен тыс әсерден кейінгі кейпін, көңіл-күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді. Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармақтар да бар.
Медициналық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармаққа бөлінеді, әрбір тармақтың адам психикасын зерттеуге қатысты мақсат, міндеттері бар. а. Нейропсихология психикалық құбылыстар мен жоғары жүйке құрылысының физиологиясын және олардың өзара қатынасын зерттейді; ә. Психофармаксология дәрі-дәрмектердің адам психикасына әсері мен күшін қарастырады; б.Психотерапия ауру адамға психикалық әдіс айла және емдік тәсілдер қолдану мәселелерінін қарастырады; в. Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындаумен шұғылданады.
Әскери психологияның ең басты міндеті, азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгерлердің мінез-құлқы мен отаншылдық қасиетін тәрбиелеп қалыптастыру жағдайлары, бастықтар мен бағынушылар арасындағы қарым-қатынастар, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, дұшпанға деген өшпенділік сезімдерінің оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі.
Әлеуметтік психология, адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізінде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастары психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді.
Спорт психологиясы, спортшылардың іс-әрекеттеріңдегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет