Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Осылардан екі маңызды қорытынды шығады



бет92/140
Дата15.02.2023
өлшемі1,56 Mb.
#68197
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   140
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ . Психология (электив)

Осылардан екі маңызды қорытынды шығады:
Біріншіден, сөйлеу мен ойлаудың бірігуі және сөздік - логикалық ойлаудың пайда болуы сөйлеумен байланысты емес адамдағы ойлаудың түрлерінің жеке дамуына және де ойлаудан тәуелсіз қызмет атқаратын сөйлеудін түрлерінің мүмкіндігін ауыстырмайды.
Екіншіден, ойлау мен сөйлеудің онтогенезде толыктай бірігуі іс жүзінде ешуақытта болмайды, олар ересек адамда автономдығын жиі сақтауын жалғастыра береді. Ересек адам қарым - қатынас күралы ретінде сөйлеуді қолдана беруі мүмкін, сонымен катар өзінің сөйлеуін қолданбай ойлануы да мүмкін.
Адамның психологиялык дамуында ойлау мен сөйлеудің бірігуі нені білдіреді?
Адамның психологиялық дамуында ойлау мен сөйлеудің арқасында маңызды каркынды өзгерістер болады.
Біріншіден, барлык психикалық процестер ырықтылыққа ие болады. Сөйлеудің көмегін адам ырықты реттеп, бақылай отырып, ойлауы мен елесін есте сақтауын, зейінін, қабылдауын басқару мүмкін болады.
Екіншіден, адам көп көлемді информацияны үзак уақытка есіне сақтау мүмкіндігіне ие. Бүл сөздік, мағыналық жалпылаудын көмегімен жасалады, яғни бүл информацияны шағын қыскарту. Мысалы, үзак жазбаша тексті есте сақтау үшін оның бәрін есте сактау міндетті емес. Осы тексте не жөнінде сөз болатынын түсіну жеткілікті және оның мағынасы көп уақытта есте қалады. Сонан кейін бүл тексті еске түсіру үшін оның мағынасын еске түсіру және өз сөзімен дүрыс жеткізе білу жеткілікті.
Информацияны үзаққа сақтау үшін оны қыскаша жазып алуға, жоспар не схема түрінде сызып алса, кез - келген уакытта таба аласың.
Үшіншіден, сөйлеу мен ойлаудың бірігуі адамдарға бір - бірімен ойларын алмасуға мүмкіндік береді. Баста пайда болған кез - кслген идеяны адам сөздің көмегімен баска адамға бере алады. Бүдан өз ойын басқа адаммен бөліскен адам да, оны алған адамда үтады. Біріншісі карым-катынастың арқасында өз ойын тексеруге, оларды нақтылауға мүмкшдік алады. Екіншілері - алушылар - ақпараттық және интеллектуалдық жағынан байиды. Олар өз кезегінде, басқа адамдар меңгерген информацияны игеруіч, мүмкіндік алып, басқа адамдар сияқты ойлауды үйренеді.
Төртіншіден, сөйлеуді интеллектуализацияның және сөйлеу мен ойлауды біріктірудің аркасында сөйлеуді қолданатын ойлауға танымдық процестер қосылады. Мысалға, қабылдау ақыл - ой процесіне айналып перцептивтік /қабылдау/ тапсырмаларды шешуде образ қүрайды.
Соңғы, бесіншіден, ойлау мен сөйлеудің бірігуі адамның жалпы мәдени және ақыл - ой дамуын жеделдетеді. Сөздік - логикалык және сөздік ойлау өзімен бірге оның жоғарғы формасын үсынады және осы ойлау бойынша адамның жалпы интеллектуалдық дамуы бағаланады. Адамдардың мәдениетін қүрайтын барлық информация сөздік немесе интеллектуалдык формада беріледі және адамның ойлауы мен сөйлеуінің даму деңгейі каншалықты жоғары болса, оның мәдени деңгейі соншалықты жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет