Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Ақша – бұл жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар. Ақшаның қызметтері



бет36/81
Дата16.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#68281
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

Ақша – бұл жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар.
Ақшаның қызметтері. Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:

  1. Құн өлшемі және баға масштабы;

  2. Айналыс (айырбас) құралы;

  3. Төлем құралы;

  4. Қорлану және қор жинау құралы;

  5. Дүниежүзілік ақша.

1) Құн өлшемі - ақшалар бұл қызметті тауардың бағасын анықтағанда атқарады, өйткені ақшаның көмегімен тауарды өндіруге кеткен шығындар өлшенеді. Тауардың құны дегеніміз - тауарды өндіруге кеткен шығындар жиынтығы. Тауар құнының ақшалай көрінісі - баға деп аталады. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады.
2) Айналым құралы- ақшалар бұл қызметті қолма - қол түрінде атқарады, яғни, тауарды сатушы мен сатып алушы арасында делдалдық қызмет атқарады, себебі, тауар соңғы тұтынушысын тапқанша ақшамен қатар айналыста болады. Тауар тұтынушысын тапқаннан кейін айналыстан шығады, ал ақша әрі қарай айналыста жүреді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша резервтік (сақтық) қор ретінде қажет.
Таур айналысы мынадай процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадай түрде беруге болады: Т (тауар) – А (ақша) – Т (тауар).
3) Төлем құралы - ақшалар бұл қызметті сатылған тауардың ақысы кейінге қалдырып төленген жағдайда атқарады. Сонымен қатар ақшаның төлем құрал қызметі қаржылық, несиелік қатынастарды да қамтиды, яғни, ақшаны қарызға бергенде, салықты, айыппұл, жер рентасын, жалақыны, диведендті, коммуналдық қызметтерді және т.б. төлегенде атқарады.
4) Қор жинау немесе жинақ құралы - ақшалар бұл қызметті белгілі бір себептермен айналыстан шығып жинақталған кезде атқарады. Ақшаның қор жинау түрінде қорлануы әрбір адамның белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, сөйтіп өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды. Қор жинауға мысалы, банкқа салынатын дипозиттер мен салымдар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет