Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет41/81
Дата16.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#68281
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

2. Жүргізу әсеріне қарай:

  1. Бағалық бәсеке – бағаны төмендету арқылы

  2. Бағасыз бәсеке – тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету арқылы.

3. Ниет тәсілдері бойынша:

  1. Адал ниеттілік бәсеке

  2. Ниетсіз бәсеке – нарықтық ережелерін бұзу, жалған жарнаманы қолдану және т.б. арқылы.

4. Бәсеке даму сипатына қарай:

  1. Жетілген бәсеке

  2. Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке).

Осы айтылғандарға сәйкес нарық былай бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы және жетілмеген бәсеке нарығы.
Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сататын сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де, шығу да жеңіл.
Жетілмеген бәсеке қандай да тауарлар мен қызмет түрін өндірудегі ерекше өндірушінің пайда болуы. Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар: монополия, олигополия, монополистік бәсеке.
Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсония – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:
Монополияның ұйымдастыру формалары:

    1. Картель - өндірістің көлемі туралы, бағалар туралы келісу

    2. Синдикат – кәсіпорындардың тәуелсіздігі сақталып, бірлесіп тауар өткізу мақсатымен ұйымдасқан бірлестік.

    3. Концерн - бірнеше бағыттағы формалардың бірыңғай қаржы орталығына бірлесуі.

    4. Конгломерат – шаурашылық іс-әрекетіне байланысы жоқ компаниялардың бірлесуі .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет