Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Әртүрлі белгісіне қарай нарықты классификациялау



бет46/81
Дата16.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#68281
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

Әртүрлі белгісіне қарай нарықты классификациялау





Ұйымдық тұрғыдағы белгісі

Құрылымдық тұрғыдан бөлу

1

Территориялық

Базар, биржа, аукцион, жәрмеңке, аймақтық нарық, ішкі (ұлттық) нарық, әлемдік нарық.

2

Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан

Монополиялық,олигополиялық, монополиялық бәсеке, ерікн, реттеуші.

3

Пропорционалдық деңгейі тұрғысынан

Баланстанған, баланстанбаған.

4

Салалық сипаты тұрғысынан

Салааралық, салалық, ішкі салалық.

5

Тауарды бағыттау тұрғысынан

Азық-түліктік емес, тағамдық немесе тағамдық емес.

6

Заңдылыққа сай келу тұрғысынан

Арнайы ресми, ресми емес.

7

Жетілу деңгейі тұрғысынан

Дамыған нарық, қалыптасушы нарық.

8

Нарық субъектісі тұрғысынан

Сатушы нарығы,тұтынушы нарығы.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1.

Ұсыныс заңы бойынша:




A

тауар бағасы ұсыныс мөлшеріне кері тәуелді




B

тауар бағасы ұсынысқа тура-кері тәуелді




C

ұсыныс мөлшері сұраныс мөлшеріне тура тәуелді




D

сұраныс мөлшері ұсыныс мөлшеріне кері тәуелді




E

ұсыныс мөлшері тауар бағасына тура тәуелді




2.

Сұраныс заңы сипаттайды:




A

тауар бағасының сұраныс көлеміне тәуелділігі




B

сұраныс көлемінің тауар бағасына тікелей тәуелділігі




C

сұраныс көлемінің тауар бағасына кері тәуелділігі




D

тауар бағасының ұсыныс көлеміне тікелей тәуелділігі




E

сұраныстың тауар ұсынысына кері тәуелділігі




3.

Ұсыныс заңы бойынша:

A

тауар бағасы ұсыныс мөлшеріне кері тәуелді

B

тауар бағасы ұсынысқа тура-кері тәуелді

C

ұсыныс мөлшері сұраныс мөлшеріне тура тәуелді

D

сұраныс мөлшері ұсыныс мөлшеріне кері тәуелді

E

ұсыныс мөлшері тауар бағасына тура тәуелді

4.

Сұраныс заңы сипаттайды:

A

тауар бағасының сұраныс көлеміне тәуелділігі

B

сұраныс көлемінің тауар бағасына тікелей тәуелділігі

C

сұраныс көлемінің тауар бағасына кері тәуелділігі

D







E

сұраныстың тауар ұсынысына кері тәуелділігі

5.

Тұтынушының табысы өскен жағдайда, сұраныс қисығы жылжиды:

A

төмен және солға қарай

B

төмен және оңға қарай

C

жоғары және оңға қарай

D

өз траекториясы бойымен жоғары

E

өз траекториясы бойынша төмен




1

7 апта№ 7 дәріс

7-дәріс. Сұраныс пен ұсыныс


1. Сұраныс заңы. Сұранысқа ықпал жасаушы факторлар.
2. Ұсыныс заңы. Ұсынысқа ықпал етуші факторлар.
3. Икемділік.


1. Сұраныс заңы. Сұранысқа ықпал жасаушы факторлар.
Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді, яғни тұтынушы белгілі бір бағамен және белгілі бір уақыт кезеңінде сатып алуға келісетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, мөлшері.
Сұраныс – ақшалай қамтамасыз етілген, нарықтағы тұтыныстың өңі айналған түрі немесе сұраныс – төлем қабілелеттілігі бар тұтыныс.
Нарықтық баға мен оның сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып алушылардың саны азайады, яғни сұраныс деңгейі төмен болады және керісінше, баға төмен болған сатып алушылардың саны мен сатылып алынған тауарлардың саны көп болады.
Баға мен сұраныс шамасы арасындағы кері тәуелділік сұраныс заңы деп аталады.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.
Нарықта әрекет ететін сұраныс заңы бойынша — баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым аз болады және осыған керісінше. Нарықта тауарларды қажетсіну ақшалай нысанда көрсетіледі және ақшалай қаражатпен қамтамасыз етіледі. Сұраныстың мөлшері халықтың ақшалай табысының денгейіне және өндірушілердің ендіріс құрал-жабдығын сатып алуға бөлетін сомасына, сондай-ақ тұтынушылардың талғамына немесе артықшылықтарына, нарықтағы сатып алушылардың санына, тұтынушылардың ақшалай табысына, сабақтас тауарлар- дың бағасына, тұтынушылардың болашақтағы баға мен табысқа катысты үмітіне байланысты. Сұраныс тауар өндірісінің көлемі мен құрылымын айқындайды, яғни тек тұтыным деп танылған нәрсе ғана өндіріледі. Экономикалық зерттеулерде сұраныс ұсыныспен өзара ықпалдастықта қаралады.
Сұраныс мен ұсыныс капиталдың неғұрлым тиімді жұмсалу бағыты мен аясын көрсететін бағдар болып табылады. Сұраныс жекелеген игілікке жеке, нарықтық сұраныс, сондай-ак жалпы ел шеңберінде біріктірілген сұраныс ретіндегі жиынтық сұраныс болып бөлінеді. Сұраныстың көлемі мен құрылымы экономикалық, әлеуметтік-саяси, демографиялық, мәдени-тарихи, табиғи-климаттық факторларға байланысты. Сұраныс көлемі- сатып алушының тауарлардың (қызметтердің) осы көлемін (осы бағамен) сатып алуға дайын болуы. Сұраныс инфляциясы - сұраныс жағындағы факторлар тудырған инфляция.
Сұраныс қызметі – сұранысты оған әсер ететін әртүрлі факторларға байланысты анықтайтын қызмет. Оның ішіндегі ең маңыздысы осы кездегі игілік бірлігінің бағасы болып табылады.
Сұранысқа тауардың өзінің бағасы ғана емес, басқа да факторлар әсер етеді:

    1. тұтынушы табысының өсуі (немесе қысқаруы);

    2. ұнайтын және басымдық беретін нәрселердің өзгеруі;

    3. Бағаны және тапшылықты күту;

    4. Жарнамаға жұмсалатын шығындардың ауытқуы;

    5. Субстит тауарлардың (алмастырушылардың) және комплементарлық (қосымша) тауарлардың бағасының төмендеуі;

    6. Сатып алушылар санының өсуі (немесе азаюы) және т.б.

Барлық сатушылар нарықта ең жоғарығы баға алуға ұмтылады. Сондықтан баға жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар сатуға ұмтылады, яғни ұсынысты ұлғайтады.
Жоғары бағалы өндірістің ұлғаю тенденцияның болуы бір жағынан, бағаның өсуі бұл салаға жаңа өндірушілерді тартуына байланысты. Екінші жағынан, баға өскенде кәсіпкер қосымша пайда алады және көп жұмысшылар жалдауға, көп шикізат пен машиналар сатып алуға , өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет