Дәріс тақырыбы және тезистер


а+0; а+1 а-0; 1+а а-а; а-1 0+а



бет2/5
Дата18.10.2023
өлшемі53,79 Kb.
#118811
1   2   3   4   5
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

а+0; а+1 а-0; 1+а а-а; а-1 0+а.
Көбейту мен бөлуге байланысты «ерекше» жағдайлардың бірнеше кезеңдері бар. Олар:

  1. а)1*3; ә)0*3

  2. а)3*1; ә)3*0

  3. а)0:3; ә)3:3; б)3:1; в)3:0.

Аталған кезеңдер көбейту амалының ережесіне сүйеніп, бірден хабарлау нәтижесінде немесе көбейту мен бөлу амалдарының өзара байланысын басшылыққа ала түсіндіріледі.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. 1-4-сыныптарда қарастырылатын есептеу тәсілдері.

  2. Әрбір сынып бойынша ауызша есептеулерге арналған тапсырмалар іріктеу және құрастыру.

  3. Әрбір сыныптағы оқушылардың білім, білік және дағдыларын есепке алу, тексеруге арналған бақылау, тексеру жұмыстарын топпен іріктеп, құрастыру.




№ 9
дәріс

«Есептеу тәсілдері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
Желінің негізгі нысандары: «ерекше» (нөл және бірмен байланысты), кестелік және;. Сандарға амалдар қолдану тәсілдерін кезеңдер бойынша Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Кестеден тыс жағдайлардағы ауызша есептеу тәсілдерін оқыту және есептеулер орындау пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру технологиясы.
2. Қосу мен азайтудың алгоритмін оқыту және есептеулер орындау пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру технологиясы.
3. Көбейту мен бөлудің алгоритмін оқыту және есептеулер орындау пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру технологиясы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
3. Ауызша есептеу тәсілдері - арифметикалық амалдардың кестелік жағдайлары мен амал алгоритмдерін оқытуды байланыстырады және жалғастырады. Математика курсында ауызша есептеудің бірнеше тәсілдері қарастырылады. Мысалы:

  1. Ондық санау жүйесіндегі сандардың құрамына негізделген ауызша қосу және азайту.

  2. Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу, екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту.

  3. Нөлмен аяқталатын екі таңбалы санды қосу және азайту.

  4. Екі таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ондықтан аттамайтын, ондыққа толатын, ондықтан аттайтын жағдайлары.

  5. Қосындыны санға көбейту және бөлумен байланысты есептеу тәсілдері.

  6. Санды 10-ға, 100-ге, 1000-ға көбейту және бөлу жағдайы.

  7. Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлгенде нәтижені «сынап беру» тәсілі арқылы табу.

  8. Мың көлеміндегі сандармен орындалатын қосу мен азайту, көбейту мен бөлу жағдайлары.

4. Жазбаша есептеулер дегеніміз амал алгоритмдерінің, яғни қандайда бір амалды орындау процесіндегі саналы іс-әрекеттің әрбір қадамын бағыттап отыратын ережелердің жүйесінің мән-мазмұны болып табылады.
Қосу мен азайтуға байланысты жазбаша есептеулер қазіргі бағдарлама бойынша 2-сыныпта, ол үш таңбалы сандарды қосу мен азайту, сонымен бірге, үш таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды көбейту мен бөлудегі жазбаша тәсілдері 3-сыныпта қарастырылады. 4-сыныпта амалды орындаудың жазбаша тәсілдері көп таңбалы сандарға қолданылады.
Жазбаша қосу мен азайту мынандай ретпен қарастырылады:

  1. Бірліктердің қосындысы (айырмасы) мен ондықтарының қосындысы (айырмасы) оннан кіші болатын жағдайлар.

  2. Бірліктерінің қосындысы мен ондықтарының қосындысы (немесе екі қосынды да) 10-ға тең болатын жағдайлар.

  3. Бірліктерінің қосындысы мен ондықтарының қосындысы (немесе екі қосынды да) 10-нан артық болатын жағдайлар.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

        1. «Есептеу тәсілдері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: «ерекше» (нөл және бірмен байланысты), кестелік және кестеден тыс жағдайлардағы ауызша есептеу тәсілдері.

        2. «Есептеу тәсілдері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: жазбаша арифметикалық амалдар алгоритмі.

        3. Сандарға амалдар қолдану тәсілдерін кезеңдер бойынша оқыту және есептеулер орындау пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру технологиясы.




№ 10
дәріс

«Шамалар және оларды өлшеу» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
Желінің негізгі нысандары:,; шамалардың өлшем бірліктері мен арақатынасы; сан шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде,. Шамалар мен оларды өлшеуді кезеңдер бойынша оқыту және қарапайым шамалар мен олардың бірліктері. Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Қарапайым шамаларды (ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт) оқыту әдістемесі.
2. Геометриялық шамаларды (аудан, көлем) оқыту әдістемесі.
3. Шамалар мәніне амалдар қолдану; шаманың үлесі және оларды салыстыру; шамалардың өзара байланысы және тәуелділік жайлы түсініктерді пайдалану құзыреттіліктерін қалыптастыру технологиясы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Бастауыш математика курсында мынадай шамалар қарастырылады: ұзындық, уақыт, масса, сыйымдылық, аудан, көлем, қашықтық, жылдамдық.
Шамалар бастауыш математикада екі түрлі себеппен оқытылады:

    1. бастауыш математика курсының негізгі мәселелері - теріс емес бүтін сандар нумерациясы мен оларға амалдар қолдану мәселесі мағынасының жан-жақты ашылуына мүмкіндік туғызу.

    2. Орта мектептегі физика, химия курстарын оқытуға оқушыларды бірте-бірте дайындау (пропедевтикалық дайындау).

Бастауыш математика курсында әр шаманың өзіндік ерекшелігіне қарай оқытудың әдістемесі бар болғанымен, кез-келген шама мынандай ретпен қарастырылады:

      • шама жайлы оқушылардың не білетіндері анықталады.

      • нақты шама және оның термині енгізіледі.

      • шамаларды салыстыру жұмыстары жүргізіледі (көз мөлшерімен, беттестіру арқылы, шартты өлшеуіштің көмегімен).

      • шаманың негізгі өлшем бірлігі немесе практикалық іс-әрекетке ыңғайлы қосалқы өлшем бірлігі енгізіледі.

      • оның басқа өлшем бірліктері өмір мұқтаждығынан туындап отырғандығына оқушылардың көздері жеткізіле енгізіледі.

      • бір өлшем бірліктен екінші өлшем бірлігіне айналдыру қарастырылады.

      • бір өлшем бірлікпен берілген шамаларды қосу және азайту қарастырылады.

      • шамаларды санға көбейту мен бөлу енгізіліп, оқытылып-үйретіледі.

Үлестер туралы дұрыс түсінік қалыптастыру үшін геометриялық фигуралардың, кесінділердің моделі, жолақшалар, ленталар т.б. заттарды алып, жартысын алу үшін тең екі бөлікке бөліп, бір бөлігін алуды практикалық іс-әрекет түрінде көрсету керек.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. «Шамалар және оларды өлшеу» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт, аудан, көлем; шамалардың өлшем бірліктері мен арақатынасы; сан шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде, шамалар мәніне амалдар қолдану;

  2. «Шамалар және оларды өлшеу» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: шаманың үлесі және оларды салыстыру; шамалардың өзара байланысы және тәуелділік.




№ 11
дәріс

«Жай есеп және оны шешу үдерісіі» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы..
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Есеп, оның түрлері, шығару тәсілдерін талдау.
2. Жай есептердің түрлері, шығару, модельдеудің үлгілеріне талдаулар жасау.
3. Жай есептерді есептерді шығаруға үйрету технологиясы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жай есеп дегеніміз бір амалмен шығарылатын, ал құрама дегеніміз екі немесе одан да артық амалмен шығарылатын есептер. Жай есептің бірнеше түрлері бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет