Дәріс тақырыбы және тезистер



бет7/16
Дата07.09.2023
өлшемі84,7 Kb.
#106368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Дәріс бойынша ағымдық, аралық, қорытынды бақылауға арналған тест тапсырмалары
1. Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы 6-cыныптар «Математика» оқулықтарының авторлары:
A) Смирнов, Тұяқов;
B) Әбілқасымова және т.б.;
C) Алдамұратова;
D) Нурк;
E) Ыбан.
2. 6-cыныпта математиканы оқыту төмендегі курсты оқып-игеру арқылы жүзеге асырылады:
A) Арифметика;
B) Алгебра және анализ бастамалары;
C) Математика;
D) Алгебра және геометрия;
E) Тригонометрия.
3. «Теріс сан» ұғымы енгізілетін мектептің буыны мен сыныбын көрсетіңіз:
A) 5-cынып;
B) негізгі мектептің екінші оқу жылы;
C) 6-cынып;
D) 7-cынып;
E) 8-cынып;
4. «Бүтін сан» ұғымы енгізілетін мектептің буыны мен сыныбын көрсетіңіз:
A) 5-сынып;
B) негізгі мектептің бірінші оқу жылы;
C) негізгі мектептің екінші оқу жылы;
D) негізгі мектептің үшінші оқу жылы;
E) 6-сынып.
5. Бүтін сандарға амалдар қолдану мәселесі қарастырылатын мектептің буыны мен сыныбын көрсетіңіз:
A) 6-сынып;
B) негізгі мектептің бірінші оқу жылы;
C) негізгі мектептің екінші оқу жылы;
D) негізгі мектептің үшінші оқу жылы;
E) 7-сынып.

1

№7
дәріс

Математика пәні мұғалімінің инновациялық қызметі. Дарынды балаларды оқыту. Қарастырылатын мәселелер:
1. Математиканы оқыту құралдары және олардың негізгі түрлері.
2. Көрнекі құралдар және олардың математиканы оқытудағы маңызы.
3.Математиканы оқытудың қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық құралдары.
Дәрістің қысқаша мазмұны
1.Математика сабағы барысында мұғалім мен оқушының өзара байланысты іс- әрекеті әртүрлі оқыту құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оқыту құралдарын қолдану оқушылардың белсенділігін арттырады, сабаққа назарын аудартады және осы арқылы олардың дамуына, оқу материалын анағұрлым берік игеруіне әсер етеді, уақытты үнемдеуге мүмкіндік туғызады.
Математика дерексіздігі басым пән болып табылады. Бұл өз кезегінде оны оқыту барысында қолданылатын оқыту құралдарының сипатын және оларды қолдану әдістемесінің ерекшеліктерін анықтайды. Математика сабақтарында қолданылатын оқыту құралдарының түрлері өте көп және уақыт өткен сайын өмір талаптарына сай олардың жетілдірілген, жаңа түрлері пайда болып отырады. Оларды негізінен алғанда, мынадай топтарға бөлуге болады:
1) Оқу – әдістемелік құралдар ( математика оқулықтары, мұғалімге арналған әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар, т.б);
2) Қолдан жасалатын дәстүрлі көрнекі құралдар (диаграммалар, сызбалар, графиктер,кестелер,т.б); 3)Математика оқулығына қосымша кестелер жиынтығы; 4) Аудио және видео – визуальдық техникалық оқыту құралдары (кино- проектор, эпипроектор, диапроектор,т.б);
5) Чертеждік құралдар ( сызғыш, циркуль, бұрыштық);
6) Өлшеу құралдары (масштабты сызғыш, өлшеуіш жіп, лента, рулетка, өлшеуіш циркуль, таразы, сағат, т.б);
7) Есептеуіш құралдар ( калькуляторлар, т.б);
8) Қазіргі заманғы техникалық оқыту құралдары (флепчарт тақта, компьютер, интерактивті тақта, т.с.с).
Математиканы оқыту барысында ақпарат мұғалім мен оқушының арасындағы байланыстырушылық қызметін атқарады. Ол мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушылардың іс-әрекеті арқылы тасымалдана отырып, математиканы оқыту үдерісін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ендеше, математиканы оқыту құралдарын ақпараттың берілу және қабылдану тәсілдері бойынша топтастыруға да болады.
Жалпы алғанда, оқыту үдерісіндегі ақпараттың төрт жетекші көзі бар, олар: дыбыс, кескін, дененің сезімдері және осылардың жиынтығы. Осыған орай оқыту құралдарын төрт топқа бөлуге болады:
1. Оқытудың аудиалдық құралдары. Мұнда ақпарат дыбыс арқылы тасымалданады және ақпаратты беру мен қабылдау аудиалдық каналдардың көмегімен жүзеге асырылады.
2. Оқытудың визуалдық құралдары. Мұнда ақпарат кескін түрінде болады. Бұл топқа табиғи объектілер мен кескіндік құралдарды, сондай-ақ баспа және жазбаша ақпараттың барлық түрлерімен істелетін жұмыстарды қамтитын құралдар жатады.
3. Оқытудың кинестетикалық құралдары. Мұнда ақпаратты беру мен қабылдау дененің физикалық күш-жігер жұмсауы немесе басқа да сезімдері арқылы жүзеге асырылады. Бұл құралдар қазіргі мектепте таза күйінде қолданылмайды, көбіне, зағип және нашар еститін балаларды оқыту осы оқыту құралдары арқылы жүзеге асырылады.
4. Оқытудың полимодальдық құралдары. Мұнда ақпарат қабылдаудың барлық каналдары арқылы тасымалданады.
Осыған байланысты қазіргі күні осылардың бірлестірілген оқыту құралдарын бөліп көрсетуге болады:
- аудиовизуальдық құралдар (диа-, кино- және видеофильмдер, тәжірибелер мен эксперименттер, т.б.);
- визуальдық-кинестетикалық құралдар (ауызша түсіндірусіз графикалық және жазбаша жұмыстарды қамтитын құралдар, компьютермен жұмысты қамтитын құралдар, т.б.), бұл құралдарды қолданғанда ақпарат екі канал арқылы жүреді.
- аудиальдық-кинестетикалық құралдар (кейіннен сипаттама берілетін тыңдаумен байланысты оқыту құралдары);
- аудиовизуальдық-кинестетикалық құралдар (тәжірибелер мен эксперименттер, оқу, кино- және видеофильмдер, компьютерлік оқу бағдарламаларымен жұмыстарды қамтитын құралдар), бұл оқыту құралдарын қолданғанда ақпарат қабылдаудың барлық каналдары арқылы жүреді.
2. Математиканы оқытудың әртүрлі кезеңдеріне байланысты да қолданылатын оқыту құралдары түрліше болуы мүмкін. Олардың арасында көрнекі оқыту құралдары ерекше роль атқарады. Мәселен, есеп шығаруға оқытып – үйрету барысында заттар мен олардың кескіндері көрнекі құралдар ретінде есеп шартында көрсетілген сандық – есептік қатынастардың мән – мағынасын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Геометрияны оқыту барысында көрнекі құрал ретінде геометриялық фигуралар мен олардың әртүрлі модельдері жиі қолданылады. Алайда, мұғалім ешқандай чертеждің немесе ешқандай модельдің шектеусіз түзуді, сәулені немесе бұрышты дәлме-дәл кескіндей алмайтындығын оқушыларға ескертіп отыруы тиіс.
Көрнекі құралдардың рөлі тиімді болуы үшін олар белгілі бір талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Көрнекі құралдарға қойылатын жалпы талаптар: мазмұнының ғылымилығы; оқу бағдарламасына сәйкестігі; оқушының жас ерекшелігіне сәйкестігі; құрылысы мен сыртқы түріне қатысты талаптар (қашықтан жақсы көрінуі, ұқыпты сызылуы, қолданудың ыңғайлылығы),т.б. Математика сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар мазмұны бойынша дәлме-дәл және қарапайым болуы тиіс. Олардың шамадан тыс ашық түстермен боялуы мен тым әдемі безендірілуі оқушылардың олардың математикалық мазмұнынан назарының ауып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
Көрнекілікті қолдануда мынадай рет сақталуы тиіс: 1) айнала қоршаған ортадағы нәрселер (сынып бөлмесіндегі); 2) балаларға таныс нәрселерді кескіндейтін суреттер; 3) осы нәрселердің шартты кескіндері (мәселен, автомашинаны тік төртбұрыш түрінде, алманы дөңгелектер түрінде кескіндеу, т.с.с.); 4) схемалар. Әрине, бұл кезеңдер арасында дәлме – дәл шекара қоюға болмайды.
3. Қазіргі күні ғылыми–техникалық прогрестің қарыштап дамуына байланысты оқытудың техникалық құралдары да жетілдіріліп, оның жаңа түрлері пайда болуда. Оларды бір сөзбен заманауи оқыту құралдары деп атауға болады. Олар арқылы оқылатын құбылыстар мен үрдістерге тереңірек бойлай алуға мол мүмкіндік туады. Компьютерлік технология мен оқытудың заманауи техникалық құралдары көмегімен оқушыларға мектеп жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құбылыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық- дыбыстық құралдар арқылы қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математикада қолдану арқылы сабақтың негізгі формасын оқушының кішігірім зерттеу лабораториясына айналдыруға болады. Мәселен, оқушы компьютердің көмегімен уақытын үнемдеп, жаңа материалды игеруде көп уақытта жетіспей жататын көрнекіліктердің орнына компьютердегі арнаулы программа мүмкіндігін пайдалана алады. Оқушының дайындығы мен білімінің арасындағы айырмашылық теориялық ойлау кезінде байқалады, яғни, үздіксіз жаттығу нәтижесінде өзіндік танымдық іс - әрекеті қалыптасқан, өз бетінше тексеріп нәтиже ала алатын, қорытындылай білетін тұлғаны қалыптастыру мақсатында ақпараттық технология әдістерін кеңінен қолдану қажет. Мәселен, «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың туындысы мен алғашқы функцияларды қолдану» тақырыбын оқып – игеруде EXCЕL электронды кестесінің функция графигін тұрғызу мүмкіндігін пайдалану арқылы сабақты кішігірім зерттеу лабораториясына айналдыруға болады. Сол сияқты «Geogebra» бағдарламасы ерекше атап айтуға тұрарлық.
Жалпы алғанда, заманауи оқыту құралдарын былайша жіктеуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет