Нормаға ұқсас, жақын тілдік категориялар. Оған: тілдік жүйе; тілдік дағды (узус); ереже т.б. құбылыстар жатады. Бұлардың әрқайсысының өзді-өзіне тән ерекшеліктері.
Стилистикалық норма - бұл да тілдік норма, бірақ стилистикалық кейбір әдістер оның ауытқуына себепкер болады. Стилистикалық норма екіге бөлінеді: - экспрессивті-стилистикалық; - функциональды-стилистикалық. Стилистикалық норма деп белгілі қолданыс аясында функциональдық стильдерде, оның барлық жанрларында стилистикалық ресурстардың мәнерлі әсем өрнегімен орынды қолдануын айтамыз.
Дәрістің мазмұны: Стилистикалық қатенің басқа қателіктерден ерекшеліктері. Стилистикалық қатені айқындау. Стилистикалық қатені болдырмау жолдары. Стилистикалық қатенің орын алатын орындары. Стилистикалық қатенің түрлері: 1) қазақ тілінің стилистикалық ресурстарын толық білмеудің салдарынан болатын стилистикалық қателер; 2) тілдік-стилистикалық талғамның төмендігінен болатын стилистикалық қателер; 3) функционалдық стиль нормаларының сақталмауынан болатын стилистикалық қателер.
Стилистикалық қате белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын қатенің түрі. Тілді жұмсауда күнделікті өмірде түрлі нормадан тыс ауытқулар болып жатады. Мысалы, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық тұлға-бірліктерді өзінің негізгі мағынасына сәйкес өз орнымен қолданбаудан болатын қателіктер т.б. Бұлардың барлығы әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларының сақталмауынан болатын тілдік қатенің түрлері. Стилистикалық қате көп жағдайда тілдік талғамның төмендігінен болады. Тілдік талғам - тілді, сөзді жүмсап үйрену, жаттығу арқылы қалыптасатын қасиет. Стилистикалық қатенің өзге қате түрлерінен басты ерекшелігі де осында - тілдік талғамсыздықтың көрінісі болуында. Сол себептен де стилистикалық қатенің болмауын қадағалайтын стилистикалық норма тілдің қатысымдық сапаларының қатарына жатады.