Бөлім бойынша ЖБ
№
|
Білім алушы балы
|
Бөлім бойынша ЖБ
максималды балл
|
Тапсырманы орындау пайызы *
|
Деңгейі
|
1
|
7
|
10
|
70%
|
Орта
|
2
|
8
|
10
|
80%
|
Орта
|
3
|
4
|
12
|
33,3%
|
Төмен
|
* Есептеулер электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады
|
Бөлім бойынша жиынтық жұмыс қорытындысы негізінде білім алушының жеткен оқу жетістігі деңгейі тапсырманы орындау пайызына сәйкес анықталады. Білім алушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің жалпы сипаты 8-кестеде көрсетілген.
4 - кесте. Білім алушылардың оқу деңгейлерінің сипаты
Деңгейлер
|
Тапсырманы орындау пайызы
|
Сипаты
|
Төмен деңгей
|
0%-39%
|
Пән бойынша терминдер мен ұғымдарға қатысты қарапайым білімін және түсінігін көрсетеді
қарапайым тапсырмаларды орындайды және тікелей нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі
ақпаратты ұсынудың әр түрлі формалары (кестелер, графиктер және диаграммалар) негізінде қарапайым қорытынды жасайды
қарапайым тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады
|
Орта деңгей
|
40%-84%
|
пән бойынша терминдер мен ұғымдарды жеткілікті түсінгенін және білімін көрсетеді
әдеттегі тапсырмаларды орындайды, таныс және кейбір таныс емес жағдайларда білімін орынды қолданады
ақпаратты жинақтайды және ішінара негіздей отырып, қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты аргументтер келтіреді
әдеттегі тапсырмалар үлгілерін ажыратады, шешудің стандартты жолдарын ұсынады және қолданады
тапсырмалардың бекітілген жиынын шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістеріне қатысты білімін, дағдыларын кіріктіреді
|
Жоғары деңгей
|
85%-100%
|
пән бойынша терминдер мен ұғымдарға қатысты терең білімін және түсінгенін көрсетеді
қиын тапсырмаларды орындайды және кең өрістегі жағдайларда білімін орынды қолданады
әр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты жинақтайды және толық негіздей отырып, қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты логикалық бірізді аргументтер келтіреді
қиын тапсырмалар үлгілерін ажыратады, шешудің альтернативті және стандартты емес жолдарын ұсынады және қолданады
тапсырмалардың кең өрісін шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді, әр түрлі стратегияларды қолданады, алынған нәтижелердің маңыздылығын және негізділігін бағалайды
|
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда орындалған жұмыстардың нәтижелері білім алушыларға түсінікті болып, одан әрі білім алуға ынталандыруы қажет. Кері байланыс – білім алушылардың оқу жетістігінің жеткен деңгейі туралы ақпараттардан тұруы керек. Білім алушылар мен олардың ата-аналарын ақпараттандыру үлгісін мұғалім өз бетінше анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |