Дәріс тақырыбы: Мұхтар Мағауин өмірі мен шығармашылығы. «Тазының өлімі» Тақырыпқа байланысты сілтеме



Дата07.01.2022
өлшемі15,99 Kb.
#18623
Байланысты:
№1 сабақ


Дәріс тақырыбы: Мұхтар Мағауин өмірі мен шығармашылығы. «Тазының өлімі»

Тақырыпқа байланысты сілтеме:

  1. https://www.youtube.com/watch?v=obOEmpsRAy8

  2. https://www.youtube.com/watch?v=W48wS7pBpqU

  3. https://www.youtube.com/watch?v=v88uKbRf8Gw

  4. https://www.youtube.com/watch?v=Es5USZqiaM0

  5. https://www.youtube.com/watch?v=f7-o57gZUW44

  6. https://www.google.com/url?sa=i&url=https%3A%2F%2Fmassaget.kz%2Fblogs%2F26103%2F&psig=AOvVaw2acUeyrt5pEFOeQE0r3F54&ust=1612888285178000&source=images&cd=vfe&ved=2ahUKEwinkdab29ruAhUSvSoKHYDGBZIQr4kDegUIARCWAQ

  7. https://adebiportal.kz/kz/news/view/1863

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы Семей облысының Шұбартау ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Қазақтың біртуар дарынды жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы.



Еңбек жолы. 1957 жылы осы ауданның Баршатас селосындағы қазақ орта мектебін бітіріп, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Университеттің филология факультетін 1962 жылы, ал қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасын 1965 жылы бітірген. М.Мағауиннің еңбек жолы 1965 жылдан басталады. Әуелде «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары болып істеген. Бұдан соң Қазақ ССР Ғылым академиясының Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында доцент және аға ғылыми қызметкер болып істеді, сонымен қатар Москвадағы М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізеді. 1984-1986 жылдары «Жазушы» баспасының Бас редакторы болды.

Шығармашылығы. Баспасөз бетінде алғаш рет 1959 жылы көрінді. 60-жылдар ішінде негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды («Қобыз сарыны» монографиясы). Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. Негізгі шығармалары да осы жанырда. Мұхтар Мағауин көптеген әңгімелердің, «Тазының өлімі» (1969), «Бір атаның балалары» (1973), «Көкбалақ» (1978), «Жүйріктің тағдыры» (1979), «Шақан-Шері» (1984) т.б повестерінің, «Көк мұнар» романы (1971) мен «Аласапыран» роман-диологиясының (1980-1982) авторы. Жазушының негізгі шығармалары орыс тіліне аударылған; СССР халықтары мен шет ел тілдерінде басылған. 1984 жылы М.Мағауинге «Аласапыран» тарихи роман-диологиясы үшін Қазақ ССР-ының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. М.Мағауин филология ғылымының кандидаты (1967). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Жазушылар одағы прозасы советінің председателі. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградталған. Иә, Мұхтар Мағауин тек айтулы ғалым ғана емес, аса талантты жазушы, біртуар тұлға. Жазушы өзінің шығармаларында адам өмірін, олардың салт-дәстүрлері мен арман-тілектерінің қайталанбас тарихи көрінісін береді. 1997 жылы ол түркі елінің ең таңдаулы жазушылар қатарынан танылып, Түркия жазушылар мен өнер қайраткерлері Қорының «Түркі әлеміндегі еңбегі үшін» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. Халықтар Достығының маңыздылығы шағын болса да, терең ойлы «Бір атаның балалары» повесінде тағы да дәлелін тапты. Осы повесть қаһарлы әскери балалық шақ жайында сөз қозғауға арқау болды. Әсіресе, депортацияның барлық ауыртпалығын бастан өткерген, «әскери балалықтың» куәгерлері — Н. И. Мельникова мен А.Г. Штихлингтің әңгімелері тыңдармандарды немқұрайды қалдырмады. Кеш барысында «Сұхбат» клубы мүшелерінің қатысуымен повестен үзінділер келтірілді. Біршама шығармалары тарихи шындыққа негізделген, терең ойлы біртұтас туындылар. Өмірдің ащы шындығын қаламмен жеткізген халық жазушысы. Заманымыздың дара да, дана тұлғасы. Жат елде журсе де, шығармалары оқырмандардың колына жетіп жатыр. Дегенімен, де бұның да көлеңкелі тұстары да мол.



Тапсырмалар:

  1. Мұхтар Мағауин өмірі

  2. «Тазының өлімі» шығармасына талдау жасаңыз

  3. «Бір атаның балалары» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  4. М.Мағауиннің шығармасы «Бір атаның балалары» деп аталуының себебі неде деп ойлайсыңдар?

  5. Шығармада қандай оқиға суреттелді деп ойлайсыңдар?

  6. Соғыс тақырыбында жазылған қандай шығармаларды білесіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет