Тарихи фактілердің категориялары Қабылдаған: Алдабергенова м орындаған: Бахитқызы м тобы: 130-28



Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#22120

Тарихи фактілердің категориялары

Қабылдаған: Алдабергенова М

Орындаған: Бахитқызы М

Тобы: 130-28


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

Тарихи факт

Тарих ғылымы үшін тарихи факт мəселесі жаңа проблема саналады. Осы аталған факт ұғымы категориялық мəселе ретінде ХХ ғасырдың басында ғана талқылана бастады. Ал, ХІХ ғасырдағы тарихшыларда бұл мəселе күн тəртібінде қарала қойған жоқ. Бұл тақырыпқа байланысты атақты француз тарихшысы Фюстель де Куланж бүкіл тарихшылардың алдына тарихи деректерді қарастыруда нақты шынайы тарихи білімнің шеңберінен шығып кетпеуді ескерткен болатын

Тарихи фактілердің түрлері

Ғылыми-тарихи факті жай ғана фактіден өзгеше болады. Ол зерттеушінің белгілі бір ой елегінен өткізілген тарихи санада бейнеленген нақты нысаны бар, субъективті жəне объективті таным ғылыми білім жүйесіне қосылған. Осы аталған категориялардың өзіндік ерекшеліктері бар. Шынайы тарихи фактілердің əлеуметтік табиғаты бар. Бұл күрделі жəне көптүрлі фактілер өзіндік баға беруді қажетсінеді.

Тарихи фактілердің түрлері


Өткенді бейнелейтін, мəлімет беретін факт туралы И. Д. Кавальченко: «Тарихи деректерді жасаушы мен тарихшының арасында объек тивті қатынас шынайы болуы шарт. Өйткені, өткен құбылыс инвариантты жəне өзгеріссіз, өзінің уақыты-кеңістігі жəне мəні жағынан аяқталған» Қандай тарихшы болмасын өз зерттеуінде болған оқиғаның шындығына жетуге тырысары анық. Объективті деректі пайдалана отырып жазылған тарихи шығарма объективті болуға тиісті. Деректері шындыққа жанаспаса, деректері жанама болса зерттеуші тарихи үдерістің шындығына жете алмайды.

Ахмет Байтұрсынұлы «тарихшылар құр істегені мен қанағаттанбай, рас, өтірігін тексеріп, расын ғана алады», — дей келе, олардың биік мəртебесін анық көрсетеді. Тарихшының тарих жазуда ғы əрекетін ғалымның еңбегімен салыстырады. Оның тарихтың əр салаларынан хабардар екенін көреміз . Міне, осындай ойтұжырымдардан тарихты зерттеуде фактілік материалдармен деректанулық тұрғыдан жұмыс жасау, олардың құндылығы мен нақтылығына мəн беру мəселесі ескерілуі қажет деген қорытынды жасалуы тиіс.

Ахмет Байтұрсынұлы «тарихшылар құр істегені мен қанағаттанбай, рас, өтірігін тексеріп, расын ғана алады», — дей келе, олардың биік мəртебесін анық көрсетеді. Тарихшының тарих жазуда ғы əрекетін ғалымның еңбегімен салыстырады. Оның тарихтың əр салаларынан хабардар екенін көреміз . Міне, осындай ойтұжырымдардан тарихты зерттеуде фактілік материалдармен деректанулық тұрғыдан жұмыс жасау, олардың құндылығы мен нақтылығына мəн беру мəселесі ескерілуі қажет деген қорытынды жасалуы тиіс.

Тарихи обьективизмнің жеңіске жетуі үшін әсер ететін тарихи фактылар

  • Біріншіден, белгілі бір тарихи оқиғаны баяндау үшін деректер толық болуы керек. Бірнеше ғасыр бұрын болып өткен қоғамдық құбылысты шындыққа жақын етіп көрсету үшін деректердің бірнеше типін, əр алуан түрін кешенді түрде пайдаланған жөн.
  • Екіншіден, тек қана зерттеуші ғана емес, сонымен қатар қоғамның өзі тарихи шындықты білуге мүдделі. Оны бұрмалау, жете бағаламау немесе асырамақтау ғылым үшін-де, бүгінгі өмір үшін-де қиянат екендігін естен шығармауымыз керек.
  • Үшіншіден, тарихшылар қауымы көп жылдар бойы қалыптасқан құндылықтар жиынтығы тарихи шығармалар объек тивтілігінің кепілі болуы тиісті. Егер зерттеуші өз еңбегінің беделін, оған деген оқырман сенімін арттыру үшін объективтілік принциптерінен айнымауы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • 1. Методологические проблемы истории / В. Н. Сидорцова [и др.]; под общ. ред В. Н. Сидорцова. Мн.: Тетра Системс, 2006. С. 154.
  • 2. Атабаев Қ.М. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2002. 93-б.
  • 3. Күзембайұлы А., Əлібек Т. Тарихтану теориясындағы таным принциптерінің кейбір мəселелері / Қазақстан тарихы əдəснамасы жəне теориясының кейбір мəселелері. Мақалалар жинағы / Е.Əбіл, Т.Əлібек, А.Күзембайұлы. Қостанай, 2009. 53-б.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет