Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)


Тілдің құрылымдық және жүйелілік сипаты



бет15/72
Дата29.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#144810
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72
Байланысты:
Дәріс тақырыбы Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)-emirsaba.org

Тілдің құрылымдық және жүйелілік сипаты.
Тіл - белгілі бір құрылымы, жүйесі және қызметі бар, біртұтас құбылыс. Яғни тілге құрылымдық (структура), жүйелілік (система) және қызмет (функция) деген үш түрлі сипат тән. Бұлардың өзіне тән, нақтылы мазмұны болады. Тілдің қызметі туралы жоғарыда айттық. Енді құрылым мен жүйе дегендерге келелік. Құрылым деп, әдетте, бүтін нәрсенің элементтерінің, қатынастардың тінін немесе сұлбасын айтады. Ол бүтіннің бір тектес немесе әр тектес элементтерінің ара бірлігінен тұрады. Элементтер яғни тілдік бірліктер: 1) дыбыс (фонема), 2) морфема, 3) сөз, 4) сөз тіркесі, 5) сөйлем, 6) мәтін.
Дыбыстар (фонемалар) - есту мүшелері арқылы кабылданатын, бір морфеманы екінші морфемадан, бір сөзді екінші сөзден ажырататын ең кіші тілдік элемент. Мысалы, п, с, т, д, м, н дыбыстары пән, сән, тән, дән, мән, нән деген сөздерді бір-бірінен ажыратып тұр. Морфема -дыбыстар мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік элемент. Морфеманың түбір морфема (бүл+ін, красн+ый), аффикстік морфема (жылқы+шы, бала+лық; ағаш+тың бүтағ+ғы) деген түрлері бар. Бұлардың, яғни жұрнақтар мен жалғаулардың әрқайсысының білдіретін мағыналары болады. Мысалы, сөз тудырушы мағына, сөз түрлендіруші мағына (яғни сөздердің байланысын, бір-біріне қатынасын білдіретін мағына) т.б. Морфема бір ғана фонемадан да құралуы мүмкін. Мысалы: бар+са+м, бар+са+ң, бар+а+ды. Сөздер заттар мен құбылыстарды, сапа мен белгіні, іс-әрекет пен қимылды атайды, солардың атаулары ретінде қызмет атқарады. Сөздің бұл қызметін -номинативті (атау болу) қызмет деп атайды.
Сөйлем ойды, байымдауды білдіреді, бір нәрсені хабарлау қызметін атқарады. Сөз номинативтік қызмет атқарса, сөйлем коммуникативтік (пікір алысу, сөйлесу) қызметін атқарады. Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін сөйлемдер арқылы іске асырады.
Кез келген тілдің жалпы құрылымы мен жүйесі болады. Сонымен бірге оның әрбір қабатының, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік қабаттарының әрқайсысының жеке өз құрылымы, өз жүйесі болады. Әр құрылым мен жүйенің, мәселен, фонетика жүйесінің барлық элементтері (дыбыстары) сол жүйенің мүшелері ретінде қызмет етеді. Олай болса, жүйе дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет