Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)


Түркі халықтарының әлемдегі саны (2005 жылға)



бет23/72
Дата10.10.2022
өлшемі205,02 Kb.
#42209
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
Түркі халықтарының әлемдегі саны (2005 жылға):
1. Түрік тілі – 80 млн
2. Азербайжан тілі – 40 млн
3. Өзбек тілі – 26 млн
4. Қазақ тілі – 13 млн
5. Ұйғыр тілі – 10 млн
6. Түрікмен тілі – 8 млн
7. Татар тілі – 7 млн
8. Қырғыз тілі – 4 млн
9. Башқұрт тілі – 2,5 млн
10. Чауаш тілі – 1,8 млн
10. Қашқай тілі – 1,7 млн
Бұлар халқының саны саны млн-нан асатын тілдер. Сонымен бірге Саха (якут), Хорасан, Гагауыз, Қарақалпақ, Қырым татарлары, Афшар халықтарының әрқайсысы – 500 мыңға жуықтаса, Құмық, Қарашай-балқар, Тува халықтарының әрқайсысының саны 300 мыңнан асады. Қалғандары саны 100 мыңан аз болатын, шағын халықтар.
Дәріс тақырыбы: Тілдердің морфологиялық классификациясы
Құрылымдық яғни морфологиялық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, сонымен бірге, әр басқа негізден тараған тілдердің арасында да бола беруі мүмкін. Басқаша айтқанда, шығу тегі жағынан әр басқа тілдердің арасында да құрылымдық яғни морфологиялық ұқсастық болады. Мұны түсіну үшін, ең алдымен әртүрлі тілдердегі грамматикалық мағыналарды білдіру тәсілдеріне, сөз, сөйлем құрамындағы мағыналық бөлшектердің өзара байланысу сипаттарына, яғни синтаксистік қатынастардың берілу әдістеріне көңіл қою керек. Мысалға «М.Әуезовтың кітабын мен туыстарымнан алдым» деген сөйлемді оның «Книги М.Ауэзова я взял у родственников» деген орысшасымен салыстырып көрелік. Мұндағы ту+ыс+тар+ым+нан деген мен у род+ствен+ник+ов дегендерге көңіл қойсақ, олардың кұрылымдық ерекшеліктері мен байланысу тәсілдері, грамматикалық мағыналарды білдіру әдістері әртүрлі екенін байқауға болады. Анығырақ айтсақ, орыс тілінде грамматикалық мағыналар ішкі флексия арқылы да, сыртқы флексия арқылы да (Мыс: И. что? окно-окна, Р. чего? окна-окон; Д. чему? окну-окнам; В. что? окно-окна; Т. чем? окном-окнами; П. о чем? Об окне - об окнах) беріледі.
Ал қытай тілінде «Жаңа үй+де терезе+лер жоқ» деген ұғым «Терезе жаңа үй жоқ» деген формада айтылады. Өйткені бұл тілде сөздер түрленбейді. Олардың арасындағы синтаксистік байланыс екпін немесе интонация арқылы, орын тәртібі, көмекші сөздер арқылы белгілі болады. Осы айтылған құрылымдық ерекшеліктеріне қарай дүние жүзі тілдерін фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлуге болады. Сондықтан тілтану типологиясы, немесе салғастырмалы лингвистика ғылымы тілдерге әртүрлі тұрғыдан келеді:
1) Фонетикалық типология
2) Синтаксистік типология
3) Морфологиялық типология
Бұлайша топтастырудың тілдер арасындағы туыстыққа тікелей қатысы жоқ. Алдымен фонетикалық типология жөнінде.
1. Тілдер дыбыс құрылысты және буын құрылысты болып бөлінеді. Дыбыс құрылысты тілдерді сөздер дыбыстардан құралса, буын құрылысты тілдерде буындардан құралады. Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол тек инициаль (буынның басы) және финальға (буынның соңы) бөлшектенеді. Мысалы, еуропалық тілдер дыбыс құрылысты, Қытай тілі буын құрылысты. Дыбыс құрылысты тілдерде дыбыстар болады да, әріптермен жазады, буын құрылысты тілдерде дыбыстар болмайды, олар иероглифтермен жазады.
2. Монотониялық және политониялық тілдер. Монотониялы дауыс тоны сөз мағынасын ажыратпайды. Политониялы тілдерде сөздің мағынасын ажырататын дауыс тоны. Яғни сөздің айтылу әуені оның мағынасын көрсетеді. Политониялы тілдерге мысалы, Қытай, Вьетнам тілдері жатады. Онда сөздің мағынасын айтылу әуені анықтайды. Монотониялы тілдерде сөздің мағынасын оның құрамындағы дыбыстар анықтайды. Мысалы ағылшын, орыс, қазақ, араб тілдері.
Синтаксистік типология бойынша дүние жүзі тілдері үш топқа бөлінеді.
1. Номинативті тілдер – бұндай тілдерде бастауыш негізгі (атау, исходный) септігінде тұрады да баяндауышпен жақ бойынша қиысады, баяндауыш немесе көмекші етістік соған сәйкес жіктеледі.
2. Эргативті тілдерде етістіктің салт немесе сабақты болуына қарай, белгілі бір септіктерді керек етуіне қарай бастауыштың (субъектінің) тұлғасы өзгеріп отырады, ал толықтауыш осы өзгерістерге керісінше басқа тұлғаларға орайласады. Яғни олардың тұрақты тұлғасы болмайды, бұл тұлға етістіктің қажетсінуіне байланысты.
3. Посессив (пассив) тілдерде етістіктер актив және пассив болып күрт қарсы қойылады да. Бастауыштың тұлғасы осыған байланысты болып келеді.
Қазіргі номинативті тілдердегі етіс каегориясы осы өзгерістердің модификацияға ұшыраған бір тармағы болуы керек: етістер өзгергенде бастауыштар мен толықтауыштар (объектілер мен субъект) да өзгеріп кетеді.
Типологиялық классификациялардың ішінде ең жете зерттелгені морфологиялық типология. Онда әлемдегі тілдерді тұлғалық түрлену жүйесі бойынша топтастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет