Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)


Тіл білімі және кибернетика



бет8/72
Дата10.10.2022
өлшемі205,02 Kb.
#42209
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72
Тіл білімі және кибернетика. Ал тіл білімі мен кибернетика ғылымының байланысы тың және әлі де толық шешімін таппаған мәселе. Бұл екі ғылым саласын байланыстыратын қабылдау, ақпарат беру, еске сақтау, тілдік мәліметтерді өңдеу, жүйелеу процестерінің тіл білімі мен кибернетикада ұқсас қызметтері болып табылады. Кибернетикада электронды машиналардың негізгі міндеті – хабарды қабылдау, меңгеру, сақтау, өзгерту, қайта хабар беру. Тіл білімі үшін кибернетиканың маңызды ісінің бірі – материалды, мәтінді электронды машина арқылы бір тілден екінші тілге аудару мәселесі. Бұл мәселе 1954 жылы алғаш рет Америкада басталды, бірақ машинамен аудару ісі жан-жақты шешілді деуге болмайды.
Қорыта келе, тілі білімінің көптеген ғылымдармен байланысты екендігін, бұл байланысты жете білудің териялық жақтан болсын, практикалық жақтан болсын айқын маңыздылығын көруімізге болады.
Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні.
Тіл білімінің теориялық мәні дегеніміз - тіл алдымен ғылыми тұрғыдан зерттелінеді. Соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар сараланады. Ол категориялар мен заңдардың бір-бірімен байланысы, өзара қарым-қатынасы анықталады. Сөйтіп, белгілі бір тіл туралы қорытындылар, топшылаулар жасалынады. Сол қорытындылар мен топшылаулар негізінде грамматикалық, яғни ғылыми немесе нормативті окулықтар жазылады, түрлі сөздіктер құрастырылады. Міне, тілдің теориялық мәні дегеніміз осы.
Ал тілдің практикалық мәні деп - әлгі заңдылықтарды білуді, ол үшін сол тілді оқуды, үйренуді айтамыз. Белгілі бір тілді оқып білу - ең алдымен, сөйлеу мәдениеті мен жазу мәдениетін арттырады, адамның ой өрісін кеңейтеді. Содан кейін тілді, оның зандары мен қағидаларын үйретеді. ЖОО-ға түсіп оқу, білім алу, әдетте, тілді оқып машықтанудан атап айтқанда, дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуді үйренуден басталады. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу - әрбір мәдениетті, білімді адамның алдына қойылатын басты шарттардың бірі. Ал мұның өзі тілдің орфоэпиясы мен орфографиясын, грамматикасын жақсы білуді қажет етеді. Тілдің стильдік тармақтарын жете білудің де практикада маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет