Дәріс тақырыбы: Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы Жоспары



бет4/5
Дата28.04.2023
өлшемі116,9 Kb.
#88290
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тұлғааралық қарым-қатынас №5

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Психологтар оны жүргізу ісіне бірден кіріспейді, ең алдымен олар топпен танысуға біршама уақыт жібереді. Бұл кезеңді социометриялық жаттығу деп атайды. Топ және эксперимент жүргізуші бір-бірінен үйренеді, олардың арасында ынтымақтастық және бір-бірін өзара түсінушілік қарым-қатынас қалыптасады. Жауаптардың нәтижелері таңдау матрицасы деп аталатынға енгізіледі.
Оның саны өлшемдердің санына сәйкес келеді. Таңдау матицасы социометриялық талдау үшін негіз болып табылады. Мәліметтерді сұрақ карточкаларынан матрицаға көшіргенде жағымды таңдаулар «+» түрінде белгіленеді, жағымсыз « - », қалай болса-солай қарау «0», арқылы белгіленеді.
 

Социометрия әдісі
Топ, ұжым ішіндегі лидерді анықтау
Мақсаты: Зерттеу жұмыстарын атқарудың негізінде топ, ұжым ішіндегі лидерді анықтаумен қатар жеке адамдардың әлеуметтік дәрежесін зерттеу.
Дайындықтар: Зерттеуші педагог топ, ұжым мүшелерінің санына сәйкес арнайы карточкаларды дайындайды. Зерттеуді өткізетін күнді, уақытты белгілейді, алдын ала жария етпейді. Карточка өлшемдері сұрақ және үш адамның фамилиясы сиятын болу керек.
Сұрақтар:
1. Туған күніңе кластасыңнан кімді шақырасың?
2. Саяхатқа қай кластасыңмен шығасың?
3.Кіммен бір партада отырғың келеді?
 Атқару жұмысы: Топ, ұжым мүшелерін тәртіпке келтіреді және әрқайсысын отырғызғанда араларын алшақ отырғызады да келесі нұсқауды береді.
Нұсқау: Мен әрқайсыңа жеке карточканы таратамын. Әр карточкада сұрақ бар, ешкіммен ақылдаспай, әңгімелеспей өзіңіз жауап жазып қайтарасыз. Жауаптарыңыз объективті нақты болу керек. Берілген жауаптарды ешкімге хабарламайсың және менде жария етпеймін. Нұсқауды екі рет айтуға болады, бірақ ешбір өзгерістер енгізуге болмайды. Зерттеуші әрбір жеке адамға жеке карточканы тапсырады, тәртіпті сақтауға шақырады. Зерттелінушілер өз жауаптарын жазып болған соң карточканы, зерттеушіге өңдеуге тапсырады. Зерттеуші талдайды және нәтижесін шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет