Дәріс тақырыбы: Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы Жоспары


Қызметтiк қатынастар жеке қатынастарға қарағанда бiршама тұрақты, олар əдетте, көңiл-күйге байланысты өзгере бермейдi



бет2/5
Дата28.04.2023
өлшемі116,9 Kb.
#88290
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тұлғааралық қарым-қатынас №5

Қызметтiк қатынастар жеке қатынастарға қарағанда бiршама тұрақты, олар əдетте, көңiл-күйге байланысты өзгере бермейдi.
Мұндай қатынастардың əрбiр тұлғаның көңiл-күйiне бағына бермейтiндiгiнен, оларды ресми қатынастар деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың əрқайсысының жеке ерекшелiктерi мен психологиялық кейпiне тəуелдi болмауы қажет. Бiрақ өмiрде жеке жəне қызметтiк қатынастар өзара кiрiге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйiнде қарастыру мүмкiн емес.
Бiрiншiден, əр адам өзiнiң даралығымен қызметтiк қатынастарға əрқашан ерекше мəн мен сəн берiп отырады; екiншiден, əрқандай тұлға нақты қатынастарға өзiнiң жеке ниет, ой, толғаныс жəне сезiмдерiмен кiрiседi, ал бұлардың бəрi адамның басқалармен болған қызметтiк қатынасына əсерiн тигiзбей қоймайды.
Қарама-қарсылықты қатынастар негiзiнде толық үйлесiм болмағанымен, оған қатысқан адамдар бiр-бiрiнiң əрекетi мен ниетiн түгелдей шектемейдi.
Бiрде келiссе, бiрде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуi жолында қажеттi қатынасын үзбейдi. Қатынас түгелдей елемеу мен дау-дамайға бармайды. Кейде екi адам бiр ортада бола тұрып, бiр-бiрiне деген ыстық та, суық та шырай сезiнбейдi, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттiлiктi таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.
Адамдар арасындағы жəне бiр ерекше қатынастар түрi - бұл екi ұшты, амбиваленттi қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебi бiр адамдағы екiншiге деген өзара тiкелей қарсы екi бiрдей эмоцияның: жек көрушiлiк пен құрметтiң қосарлана жүруi. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерiнiң көңiл төркiнiнде жатқан ниеттерiнiң нендей жағдайда екенiн айырып алуында бiраз қиналады.
Адамдар қажетсiнулерiнiң арасында өз мəнi бойынша iзгi адамгершiлiк сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистiк қатынас деп атайды. Альтруист адамдардың барша ойы, iс-əрекетi əрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жəрдем етуге бағышталады. Қазiргi кезде жалпы психология мəселелерiнiң көптеген шешiмi осы тiлдестiк қатынастарды зерттеуге байланысты болып отыр.
Себебi психологиялық бейненiң бiр формадан екiншiсiне өтуi (мыс.: түйсiктiң сезiмге, сезiмнiң ойға, ойдың сөзге т.с.с.), адам психикасындағы ашық сана аймағы мен бейсана байланысы, адам көңiл шарпуларының ерекшелiктерi, жеке адам заңдылықтары т.б. осы тiлдестiк қатынастың негiзiнде жасалады.
Тiлдесу деген не? Тiлдесу - бiркелiкi iс-əрекет қажеттiгiнен туындаған адамдар арасындағы байланыстардың даму көзi. Тiл қатынасы негiзiнен əңгiмелесушiлердiң өзара ақпарат алмасуынан қалыптасады.
Бұл ақпарат алмасу тiл қатынасының коммуникативтiк сипатын құрайды. Тiлдесудiң екiншi тарапы - сөйлеушiлердiң өзара ықпалы, яғни сөйлесу барысындағы сөз алмасу ғана емес, сонымен қатар бiр бiрiнiң əрекетiн, қылығын танып, оны өзгерiске келтiруi, жауап беруi. Үшiншi, ақырғы, тарапы тiл қатынасы сөйлесу арқылы адамдардың бiрiн бiрi қабылдап, өздерiнiң психологиялық бейнесiн түзуi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет