Дәріс тақырыбы: Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы Жоспары


Қарым-қатынас құрылымы: коммуникативті (ақпарат алмасу), интерактивті (өзара ықпалды әрекетке келу), перцептивті (адамның бірі қабылдап, түсінісуі)



бет3/5
Дата28.04.2023
өлшемі116,9 Kb.
#88290
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тұлғааралық қарым-қатынас №5

Қарым-қатынас құрылымы: коммуникативті (ақпарат алмасу), интерактивті (өзара ықпалды әрекетке келу), перцептивті (адамның бірі қабылдап, түсінісуі).
Қарым-қатынастың функциясы:
1. Ақпаратты - коммуникативті, ақпарат бір жақты біреуден біреуге жеткізіліп қалмастан, екеу арасындағы хабар алмасуы, яғни бір адамның өз ақпаратының мазмұнына сәйкес екіншісі тжауап хабар алуға бағытталған әректі үздіксіз жүріп жатады.
2. Реттуші - коммуникативті, адамдар арасындағы ақпарат алмасу сипаты қоғамда қабылданған таңбалар жүйесі негізінде адамдардың бір-біріне ықпалды әсер етуіне байланысты және психологиялық әсеріне теңгеріледі.
.
3. Аффективті - коммуникативті, ақпарат алмасудың нәтижесі болған коммуникативтік ықпал адамдардың бірін-бірі түсініспейтін жағдайлары болады, мұның себебі сол адамдардың әртүрлі әлеуметтік, саяси, жас ерекшеліктерінің болуында.
4.Социометрия әдісі арқылы қарым-қатынасты зерттеу.
Қазіргі кезде кеңінен тараған және шет елден енген әдістердің бірі- социометриялық әдістеме немесе социометрия әдісі, оны алғаш рет ұсынған З.Фрейдің шәкірті - Дж. Морено. Морено теориясы бойынша, барлық қиыншылықтар, оның ішінде әлеуметтік, микро және макро құрылымның сәйкес келмеуіне байланысты. Социомерия әдісі шағын топтарда тұлға аралық қарым-қатынасты зерттеудің ерекше әдісі. Қазір социометрия әдісін топ мүшелерінің арасында ұнату және ұнатпауды анықтау үшін кеңінен қолданады.
Демек, бұл жағдайда әртүрлі социометриялық өлшемдер немесе нақты сұрақтар ұсынылады, оған әрбір зерттеуші жауап беруі тиіс. Сонымен, зерттеу нәтижесінде топтағы «социометриялық жұлдыздарды» немесе топтағы ең көп таңдауға ие болғандарды анықтау.
Әдіс тез арада топтағы адамдардың бір-бірімен қатынасын анықтауға мүмкіншілік береді. Бұл әдісті сынып жетекшілері, тәрбиешілер кеңінен қолданады.

Таңдау өлшемдерін күшті және әлсіз деп бөледі. Күшті өлшемдер зерттеу үшін оның өмірінің ең маңызды және қажетті салаларын қамтиды. Социометриялық таңдау әдісін жүргізу экспериментті жүргізушілерден немесе экспериметатордан таңдау өлшемдерін, оның санын зерттеу мақсаттары мен міндеттеріе сай анықтауды талап етеді. Социомериялық зерттеудің жүрісі белгілі дәрежеде экспериментатордың жеке басына тікелей байланысты, оның топ мүшелерімен қатынас жасай білу білу ептілігіне, зерттеудің маңызы мен қажеттілігін түсіндіре білуіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет