Үш негізгі шығармасы: Таза ақылға сын, Пактикалық ақылға сын, Пайымдау қабілетіне сын. Алдыңғы үш сауалды бірінші еңбекте қояды. Ол таным мәселесі, метафизикасы, философиясы. Себебі Кант философияны таным теориясы дейді. Онтологияны ол мәнсіз метафизика деп есептеді. Екінші еңбегі этика, моральға арналған. Канттың этикасы оның категориялық императив қағидасына негізделген. Адамға құрал емес, мақсат ретінде қара дейді. Үшінші еңбегі эстетикаға арналған. Өнер, поэзия, әсемдік пен асқақтық табиғаты т.б. қарастырады. Күндіз әсем болса, түн асқақ. Түнде адам терең ойларға, қиялға барады.