Шпенглердің ойынша, мәдениеттің қарттық шағы, құлдырауы, ақыры ретіндегі өркениетке империализм сәйкес келеді. Орталығы әлемдік қала болып табылатын империя, айналасын экспансиялауға, басып алуға, жаулап алу мен бағындыруға тырысады.
О.Шпенглер мықты деген сегіз мәдениетті бөліп көрсетеді. Олар – египеттік, үнділік, вавилондық, қытайлық, «аполлондық» (грек-рим), «магиялық» (византиялық-арабтық), «фаустық» (батысеуропалық) және майя мәдениеті. Болашақта тоғызыншы мәдениет орыс-сібірлік пайда болатынын айтады. Бұл мәдениеттердің алғашқылары бүгінде жоқ, Фаусттық бар, ал орыс-сібірлік енді пайда болады дейді.
Шпенглер халық сөзін рухпен байланыстырады. Мәдениет дамуының бірінші фазасын Шпенглер архитектура деп есептейді. Ол ландшафтымен байланысты. Архитектура ол өнердің де алғашқы түрі, және қоғамды басқару формаларымен де қатысты. Мәдениет егде тартқанда архитектураның орнын бейнелеу, кескіндеме өнері басады. Бұл қатарға Шпенглер музыканы да қосады.
Еуропаның құлдырауы
Мәдениеттің дамуы соңында оның құлдырауына әкеледі. Шпенглер өркениетті мәдениеттің ақыры деп есептеді. Қартайған шағы. Талай өркениеттер өзінің жастық шағын, ересек кезін және соңында құлдырау кезеңін бастан өткеріп қартайған. Олар Антика, Египет, міне енді кезек Еуропада. Антиканың жастық шағы грек мифологиясы мен философиясың пайда болған кез, ересек кезі Перикл басқарған, клаасикалық философия өркендеген кез, ал құлдырауы Эллинизм дәуірі мен Римдік кезең. Римнің өз ішінен іріп, құлауы.