Дәріс Тақырып: Коллоидты жүйенің электрлік қасиеттері. Қарастырылатын сұрақтар



Дата15.11.2023
өлшемі21,25 Kb.
#124148
Байланысты:
Лекция-1695110535669


17-18 дәріс
Тақырып: Коллоидты жүйенің электрлік қасиеттері.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Электрофорез

  2. Электроосмос

  3. Седиментация потенциалы

  4. Ағу потенциалы

  5. ҚЭҚ

Дәрістің мақсаты: Дисперстік жүйелердегі электрбеттік құбылыстарды қарастыру Дәрістің мазмұны: Коллоидты жүйенің электрлік қасиеттері.Ф.Ф.Рейсс еңбектері.Қос электрлік қабаттың құрылысы. Гельмгольц моделі, Гуй-Штерна моделі.
Қатты дене мен сұйықтың жанасу бетінде бірдей зарядты иондардың адсорбциялануы нәтижесінде потенциалдар айырымы пайда болады. Қатты дене бетіндегі заряд таңбасы сұйықтың және қатты дене бөлшектерінің табиғатына байланысты. Коллоидты жүйелер дисперсионды орта сұйықтан және онда біркелкі таралып жүрген дисперсті фаза бөлшектерінен тұратынын белгілі. Агрегаттанған дисперсті фаза бөлшектері ерітіндідегі иондарды адсорбциялап оң немесе теріс зарядталады. Коллоидты бөлшектердің зарядты болатындығын алғаш рет Ф.Ф.Рейс (1807 ж) дәлелдеген болатын. Егер коллоидты ерітіндіде электр өрісін туғызатын болса, онда ерітіндідегі зарядталған бөлшектер не анодқа не катодқа бағытталады. Демек, коллоидты бөлшектер оң немесе теріс зарядты болады.
Электр өрісі әсерінен дисперсті фаза бөлшектерінің катодқа немесе анодқа бағытталып қозғалуын электрофорез деп атайды. Электрофорез құбылысын зерттеу арқылы колоидты бөлшектердің заряд таңбасын анықтауға болады. Коллоидты бөлшек зарядталған болса, электрофорез құбылысы кезінде катод маңында ерітінді түсінің қоюлануы, ал анод маңында диффузиялық қабаттағы иондардың артылуы нәтижесінде мөлдірлену байқалады. Керісінше, коллоидты бөлшек теріс зарядталған болса, ерітінді анод маңында қоюланып лайланады, ал мөлдірлену катод маңында байқалады.
Сұйықтың қатты дене бетіндегі қозғалмайтын қабаты мен ерітінді көлемідегі қозғалмалы қабаты арасында пайда болатын потенциал айырымын электрокинетикалық немесе Дзета потенциал (С, потенциал) деп атайды.
Электрофорез жылдамдығы С" потенциал шамасымен тікелей байланысты болғандықтан электр өрісіндегі коллоидты бөлшектің жылдамдығын анықтау арқылы С потенциалды табады:



*Е





мұндағы;
'Л - сұйықтықтың тұтқырлығы;
V - бөлшектің қозғалу жылдамдығы;
1 - электродтардың ара қашықтығы;
Е - кернеу;
Д - диэлектрлік тұрақты;
С - потенциалды шамасы диффузиялық қабаттың қалыңдығына тікелей байланысты. Әдетте оның шамасы 50 - 70 мВ. Диффузиялық қабат өте жұқа болған жағдайда С = 0.
Коллоидты бөлшектердің зарядын капиллярлық анализ әдісімен де анықтауға болады. Ол кейбір заттарды суға батырғанда, олардың зарядталуына негізделген. Сүзгіш қағазын (целлюлоза) суға салатын болса, су оны теріс зарядтап, беттік керілу күшінің әсерінен қағаз капиллярларымен жоғары көтеріледі. Егер ерітіндіде теріс зарядты коллоидты бөлшек болса, онда олар капиллярлардың қабырғасына адсорбцияланбай, сумен бірге капилляр бойымен жоғары көтеріледі. Егер бөлшектер оң зарядты болса, онда олар капилляр бойымен жоғары көтерілмей, қағаздың төменгі бөлігінде қалып қояды. Кейбір негіздік бояулардың коллоидты бөлшектері оң зарядты болғандықтан қағаз бойымен көтерілмейді, ал қышқылдық бояулардың бөлшектері теріс зарядты болғандықтан қағаз бойымен оңай көтеріледі. Метилен көгі негіздік бояу флюорэсцеин оңай көтеріледі. Капиллярлық анализ әдісін коллоидты бөлшектердің зарядын анықтаумен қатар түрлі бояуларды бір-бірінен сапалық ажырату үшін де қолдануға болады. Лабораториялық талдау үшін қалың және борпылдақ фильтр қағазын қолдану тиімді.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. Электрофорез дегеніміз не?

  2. Электроосмос дегеніміз не?

  3. Седиментация потенциалы дегеніміз не?

  4. Ағу потенциалы дегеніміз не?

Пайдаланатын әдебиеттер

  1. Қонақбаев Ә. Қысқаша физикалық химия курсы. - Алматы, 1996. - 237 б.

  2. Б. Жайлауов. Физикалық химия. Алматы: Рауан, 1992 - 255 бет.

  3. Алмашев Б.К. Практикум по физической и коллоидной химии. Изд-во «Мектеп», 1984.-208 с.

  4. Болдырев А.И. Ффизическая и коллоидная химия. М.: Высш. шк.,1974. - 406 с.

  5. Жанбеков Х.Н. Физикалық және химиялық есептері мен жаттығулар жинағы. - Алматы, 2002. -198 с.

  6. Физическая и коллоидная химия под редакцией Д.П. Добычина, Л.И., Каданера и др. - М.: Просвещение, 1986. - 230 с.

  7. Хмельницкий Р.А. Физическая и коллоидная химия. - М.: Высш. шк., 1988. -


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет