Дәріс Тақырып СҰраныс пен ұсыныс теориясының негіздері


Бірінші жақтан, сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгерістермен екінші жақтан, теңдік баға мен тауардың теңдік көлемі арасындағы өзгерістер арқылы төмендегі байланыстарды анықтауға болады



бет4/5
Дата02.02.2023
өлшемі1,59 Mb.
#64585
1   2   3   4   5
Байланысты:
6-Дәріс. ЭТ. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС

Бірінші жақтан, сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгерістермен екінші жақтан, теңдік баға мен тауардың теңдік көлемі арасындағы өзгерістер арқылы төмендегі байланыстарды анықтауға болады:

Бірінші жақтан, сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгерістермен екінші жақтан, теңдік баға мен тауардың теңдік көлемі арасындағы өзгерістер арқылы төмендегі байланыстарды анықтауға болады:

Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.

Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.

Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады. ЕPD = ∆ Q% ∆ Р% Мұнда ЕPD – сұраныстың бағалық икемділігінің коэффиценті; Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі; Р% - бағаның қатысты өзгеруі;

Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды. ЕіD = ∆ Q% ∆ I % Мұнда: ЕіD – сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті, Q % - сұраныстың өзгеруі, І % - табыстың өзгеруі. - Егерде ЕіD > О бұл тауарлар сапасыз болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды. - ЕіD >О - әдеттегі қолдануға жарамды тауарлар. - Егерде О< ЕіD < 1 – бірінші қажеттіліктегі тауарлар - ЕіD > 1 – қымбат жиһаздар, сән-салтанат тауарлары.

Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауардың бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді және төмендегі формула арқылы есептеледі: ЕхуД = ∆ Qх% ∆ Ру% Мұнда: ЕхуД – қиылысқан икемділік коэффициенті; ∆ Qх% - Х тауарына сұранысына қатысты өзгеруі; ∆ Ру% - У тауар бағасының өзгеруі. - Егерде қиылысқан икемділік коэффициенті оң сан болса, ЕхуД > О, онда Х және У тауарлары бірін - бірі алмастыратын тауарлар. - Егер ЕхуД < О теріс сан болса, онда бірін - бірі толықтыратын тауарлар. - ЕхуД = О онда Х және У біріне - бірі қатысы жоқ тауарлар болып анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет