Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі



бет21/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50
г) Мемлекеттік баж;
д) Кеден төлемдері.



    1. Салық салуды ұйымдастыру

Салық салуды ұйымдастыру салық механизмін, яғни салық түрлерінің нақты атаулары, сонымен қатар оларды пайдаланудың әдістері, тәртібі, іс-әрекет әдістерін құру мен жұмыс істеуіне байланысты сипатталады.


Салық салу элементтеріне мыналар жатады: субьект, объект, салық көзі, салық салу бірлігі, салық ставкасы, квота, салықтық жеңілдіктер, төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері, салықтық бақылау, салық заңдылықтарын бұзғаны үшін санкциялар.
Салық субъектісі (салық төлеуші) - салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын адам.
Салық агентi - Салық кодексіне сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықты есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндет жүктелетiн адам.
Салық тасушылар - нақты салық ауыртпалығы түсетін соңғы салық төлеушілер, яғни жеке тұлғалар.
Салық объектісі - салық салудың негізі болатын ақшалай операциялар, қызмет көрсету, қызмет түрі, мүлік, табыс. Салық салу объектісі болып, сонымен қатар мүлікті беру, табиғи ресурстарды пайдалану, өнімге (оның құнына) қосылған құн, жұмыс және қызмет көрсету, шаруашылық айналым (тауарлы материалды құндылықтар) және т.б. табылады.
Салық көзі болып салық төленетін табыс; кейбір салықтар бойынша (мысалы, табысқа салынатын салық) объектілері мен көздері сәйкес келеді; кейбір жағдайларда салық көзі болып салық төлеу үшін төлеуші сататын мүліктің бір бөлігі болуы мүмкін.
Салық өлшем бірлігі - санау үшін белгіленген салық объектісінің өлшем бірлігі (1 теңге, табыс және т.б.)
Салық ставкасы - бұл салық салу бірлігіне бекітілген салық көлемі, ол салық салудың нормасын сипаттайды. Салық ставкаларының құрылуы жағынан тұрақты және пайыздық болып бөлінеді.
Салықтық жеңілдіктер - заңды түрде төлеушілерді салық төлеуден толық не жартылай босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:
- салық салынбайтын минимум - толығымен салықтан босатылатын салық объектісінің ең аз мөлшері;
- есептелген табыс сомасынан жеңілдіктер;
- салық салынатын табысқа жатпайтын сомалар;
- белгілі бір субъектілерге және кейбір салық төлеушілерге салық ставкаларын азайту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет