Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі


Қаржылық жоспарлау, оның қағидаттары, әдістері мен кезеңдері



бет9/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50
Байланысты:
лекции Каржы

3.4 Қаржылық жоспарлау, оның қағидаттары, әдістері мен кезеңдері

Қаржылық жоспарлау мен болжау- бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік- экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі.


Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері:

  • жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау;

  • кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау;

  • орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу.

Қаржылық жоспарлаудың қағидаттары:

  • орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қағидаттардың үйлесуі;

  • бірлік қағидаты;

  • үздіксіздік қағидаты.

Қаржыны жоспарлау әдістері:

    1. Экстраполяция (коэффициенттер) әдісі. Қаржы көрсеткіштердің өсу динамикасы арқылы жоспарлау.

    2. Нормативтік әдіс- сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.

    3. Баланстық әдіс- шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесуін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады.

    4. Сараптық бағалаулар әдісі- жоспарлау объектісінің жай күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.

Орта мерзімді жоспарлау- Үкімет пен облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, әкімшіліктердің жоспарланатын кезеңде Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларында, ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауында, ҚР Үкіметінің Бағдарламасында белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу процесі.
Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары - Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе мәслихат бекiтетiн, республиканың немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының үш жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткiштерi мен бағыттарын және оларды iске асыру жөнiндегі шараларды айқындайтын құжат.
Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығына қарай орта мерзiмдi жоспарлар республикалық және аймақтық деңгейлерде әзiрленедi.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет