9- XIV-XV ғғ. Орта ғасырлық мемлекеттер 10- Қазақ халқының қалыптасуы «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері. 11-XV-XVI ғғ. Қазақ хандығы. Жоспары: 1. Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер.
2. Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғышарттары.
3. Қазақ хандығының құрылуының негізгі кезеңдері;
а) Керей мен Жәнібектің көшіп кетуі.
ә) Қазақ хандығының нығаюы мен ұлғаюы. Қасым хан (XVI ғ. 1-жарт.)
б) Қазақ хандығының халықаралық аренаға көтерілуі.
Мақсаты:Студенттерге деректік көздер арқылы Отандық тарихтың негізгі кезеңдерінің бірі – Қазақ хандығының құрылу мен жеке мемле- кет болып қалыптасуын таныстыру қажет.
Міндеті:
Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын қарастыру.
Қазақ хандығының құрылуы тарихи заңдылық екенін ашып көрсету.
Қазақ мемлекетінің қалыптасуының негізгі кезеңдерін ажырату.
Студенттерге Отандық патриоттық тәрбие беруді азаматтық тұрғыдан олардың көзқарастарын қалыптастыра беру қажет.
Дәрісті құралдармен қамтамасыз ету:
«XV-XVII ғғ-ғы Қазақстанның» тарихи картасы, тақырып бойынша көрнекті құрал-жабдықтар мен тарихи кестелер.
Әдістемелік ұсыныстар: - Қазақ хандығының құрылуы Отандық тарихтағы ең енгізгі кезеңдердің бірі болып табылады. Сондықтан да бірінші сұрақты Қазақ хандығы жөніндегі тарихи деректерге анықтама беруден бастау қажет. Мысалы: Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и – Рашиди», Әбілғазы «Шайбани – наме», «Түріктер шежіресі», Шайбани Рузбинхана «Михбани – наме» және т.б. бұл деректер Қазақ хандығының құрылуын әртүрлі жылдармен көрсетеді. Сондықтан бұларға балама дерек түрінде орыс ғалымдарының еңбектерін де келтіру қажет. Мысалы: А.Н.Левшин, А.Якушин, М.Вяткин, Л.Гумилев. Мұндай дерек көздерімен танысып оны оқып білу студенттерге Қазақ хандығының құрылуы жөнінде толық мағлұмат бере алады.
- Екінші сұрақты Қазақ хандығының құрылуы ол тарихи заңдылық екенін және саяси-экономикалық жағдайдан пісіп жетілген тарихи процесс екеніне толық сипаттама беруден бастау қажет.
- Қазақ мемлекетінің құрылуы мен дамуы өте тереңде жатқанын ерекше атап өту қажет, себебі оның тарихы тайпалардан, ерте және орта ғасырларда Қазақстан территориясын қоныстанған халықтардың тарихымен байланысты.
- Қазақ хандығы құрылуы Түркістан, Жетісу, бүкіл Дешті-Қыпшақ даласын қамтыған әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайда қалыптасқан заңдылық нәтижесінде қазақ халқының қалыптасуы процесімен аяқталады.
- 15-ғ-ң ортасынан 18-ғ-ң басына дейін Қазақ хандығы біріккен саяси мемлекет болды.Сондықтан да Қазақ хандығын қазіргі дәуірімен байланыстыру өте орынды болады. Қазіргі жағдайда тәуелсіздікке қол жеткізіп отыруымыздың өзі Қазақ хандығының құрылуымен тікелей байланысты екенін ерекше атап өту қажет.
- Үшінші сұрақ Қазақ хандығының құрылуын негізгі кезеңдерін ашып көрсетеді. 13-15 ғғ.-ғы Қазақстан территориясындағы ұлттық ұлыстардың бірігуіне сипаттама жасау өте орынды болады.(Ақ Орда, Көк Орда, Әбіл қайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы) Бұл ұлыстар ұлттық-этникалық жағынан құрамдары бірдей болды, сондықтан да Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар мен ұлыстар, соңында Қазақ мемлекетінің құрылуына әкелді.
- Алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керей өте қиын саяси жағдайда қазақ жерлерінің басын біріктіріп, мемлекет құрған қайраткерлер ретінде ерекше атап айту керек.
- 15-ғ-ң аяғына таман Қазақ хандығының мемлекеттік шекарасы кеңейе түсті. Оған: Батыс Жетісу, Созақ қаласы, Сығанақ, Сауран, Қаратау аумағы, Сырдарияның төменгі ағысы, Солтүстік Арал жағалауы, Орталық Қа зақстанның ауқымды бөлігі қосылды.
- Қазақ хандығы мен мемлекетін нығайтудағы қазақ хандарының рөлін ерекше көрсету керек.Қазақ хандарының арасында Қасым ханның рөлі ерекше екенін еске салу қажет. Ол моңғол шапқыншылығынан кейінгі қазақ рулары мен ұлыстарының басын біріктірген бірден-бір хан. Қасым ханның тұсында қазақ мемлекеті және қазақтар өз алдына жеке мемлекет, ұлт ретінде Батыс Европа мен Москваға белгілі болды. Сонымен қатар, Хақназар хан мен Тәуекел ханның жүргізген сыртқы саясаты да үлкен мәртебеге ие болды, сондай-ақ ірі саясаткер және құқық-заң жүйесін енгізген хан Есімнің де рөлі зор болды. Сонымен қорыта келгенде 16-ғ. аяғында Қазақ хандығы толығымен құрылып, халықаралық аренаға көтерілді.