Дәріс тезисі. Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология



Дата04.02.2023
өлшемі127,15 Kb.
#65159
Байланысты:
284a0810-59d3-4394-953f-a1bd04fe080e


І-тақырып. «Медициналық экология пәніне кіріспе. Экология ғылымы: мақсаты, міндеттері, зерттеу салалары. Тіршілік ортасы және экологиялық факторлар».
Дәріс тезисі.
Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз.
Экология бір ортада өмір сүретін организмдерді зерттейді, олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады .
Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау.
Экология ғылымының негізгі міндеттері:

  • организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу;

  • табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау;

  • адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;

  • биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;

  • биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру;

  • көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру;

  • экологиялық қауіпсіздікті сақтау.

Экология – биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, «Экология» терминін ғылымға алғаш енгізген Эрнаст Геккель (1866ж).


Экология термині гректің «ойкос» – «үй», «тұрғын мекен» және «логос» – «ғылым» деген сөзінен шыққан, тұрақ, мекен туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын, айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.
Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.
І-кезең: Биоэкологиялық зерттеулердің алғашқы кезеңі. (ХVІІ-ХVІІІғ.ғ)
ІІ-кезең. Экологияның жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі.(ХІХғ – ХХғ 70-80 жылдар аралығы)
ІІІ-кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. (ХХ-ХХІ ғасырға өту кезеңі).
Қазіргі заманғы экология бүкіл ғаламдық ғылым мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қамтитын деңгейге жетіп отыр.
Қазіргі заманғы экологияның зерттеу нысандары төмендегі кестеде көрсетілген салаларды қамтиды:

Қоршаған орта факторлары :
а) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.
б)Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.
в) Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.
1). Абиотикалық фактор дегеніміз – организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар – химиялық (атмосфераның химиялық құрамы, теңіз және тұщы сулар, шөгінділер, т.б) және физикалық (қысым, ылғал, жел, радиация, т.б) деп бөлінеді.
2). Биотикалық фактор – организмдердің бір-біріне және ортаға әсері. Тіршілік әрекеті бойынша кез келген тірі организм бір бірімен жыртқыштық, бәсекелестік, паразиттік қарым-қатынас жасайды.
3). Антропогенді факторлар биотикалық факторлар қатарына жатқызып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс-әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал ететіне байланысты ол жеке қарастырылады.
Антропогенді факторлар дегеніміз - айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әректінің тікелей немесе жанама әсері.
Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер , ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр-түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі.Зиянды заттардың көпшілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып бүкіл тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су айналысының бұзылуы, жердің құнарсыздануы, қуаншылық, өзен-көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе құрып кетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бұрын-соңды болмаған климаттың өзгеру құбылыстары үдейе түседі.
Үй тапсырмасы (кері байланыс).
Дәріс тезистері бойынша конспект құрастыру.
Сұрақтары:

  1. Экология ғылымы: анықтамасы, мақсаты, негізгі міндеттері;

  2. Экология ғылымының зерттеу салалары (қазіргі құрылымдары);

  3. Қоршаған орта факторлары.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет