1. Лидерлік теориясы. Жеке адамның қасиеті мен көзқарасы жағынан қарағандағы тәсіл
2. Басшылық стилі туралы түсінік және олардың түрлері, оны қалыптастыру факторлары Дәрістің қысқаша мазмұны:
1 сұрақ. Лидерлік теориясы. Жеке адамның қасиеті мен көзқарасы жағынан қарағандағы тәсіл Басшы шешім қабылдап, оның орындалуын ұйымдастырып, қарауындағы адамдардың бақылаған кезде, ол өзінің осы міндетіне лайық әрекет етеді.
Лидерлік - бұл жеке адамдарға немесе бір топтағы адамдарға әсер ету қабілеті.
Лидерлікті қолданудың үш тәсілі бар:
жеке адамдардың қабілеті мен көзқарасы тұрғысынан қарағанда ;
тәртіптілік
жағдайлық
Жеке адамдардың қабілеті мен қөзқарасынан қарағандағы ерекшелігі мынандай:
интеллект пен білім деңгейі;
әсерлі сыртқы келбет;
дұрыс бағыттағы ақыл;
экономикалық және әлеуметтік ғылым;
өзіне деген сенім;
Тәртіптілік тәсіл– басқару стилін жіктеудің негізін немесе тәртіптік стилін қалайды. Бұл тәсілдің тиімділігі, басқарудың жеке қасиеттерін емес, бағынышуларға деген көзқарасын, қарым – қатынасын анықтайды.
Жағдайлық тәсіл – бұл тәсілді қолданышулардың пікірі бойынша лидерліктің басты стилі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Дуглас Мак Грегор басқару тәсілдерін атап көрсетті: 1.Автократиялық басқарушы, мұнда екі теория бар: А) Х теориясы
Адамдар әуелден-ақ жұмыс істегілері келмейді және ыңғайы келгенде жұмыстан қашқақтайды;
Адамдардың бәрі бірдей адалдықты мұрат тұтпағандықтан, олар жауапкершіліктен құтылуға тырысады;
Адамдарды еңбек етуге баулу үшін, еріксіз көндіру мен жаза қолдану аса қажет болған.
Ә) «У теориясы» бойынша:
Еңбек – табиғи процесс. Егер жағдай қолайлы болса, онда адам жауапкершілікті өз міндеттеріне алып қана қоймай, оған олар ұмтылады;
Егер адам ұйымның мақсатын терең біліп түсінген болса, олар өзін-өзі басқару мен өзін-өзі байқауға тырысады;
Мәселені шығармашылық жолмен шешу қабілеті жиі кездеседі.