Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»



бет13/54
Дата15.10.2023
өлшемі320,74 Kb.
#115202
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54
Байланысты:
Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі-www.emirsaba.org

Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.
Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдіруі, қызмет жағынан жоғарылап не төмендеуі де ұжым бірлігінің нығаюы не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.
Әрбір менеджер – деп тұжырымдайды Друкер, - өзіне есе берсін, мейлі бермесін, жоғарыда аталған қызметтердіміндетті түрде атқаруы тиіс. Бұлардың барлығы жақсы атқаруы да, жаман атқару да мүмкін, бірақ ол әйтеуір орындауы қажет. Мұндағы бір жайт, осы аталған қызметтердің әрқайсысы жеке элементтерден құралған жиынтық нышанда болып саналады. Сонымен, қорытындылай келгенде менеджер жұмысы күрделі кешен болып саналады және де қызметтің әрбір түрін орындау үшін алуан түрлі сапа мен бірлікті қажет етеді.
Менеджер алдында тұрған барлық проблемаларды біле бермейді, сондықтан да «бесаспап данышпан» болуы да мүмкін емес. Оның арнайы еңбек құралы, атап айтқанда ақпараты болады. Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды және ұйымдастырады. Оның бірден бір құралы – жазбаша немесе ауызша сөзі немесе цифр тілі. Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы тиіс.
Менеджерлік шеберліктің маңызды жайтттарының бірі – келіссөз жүргізе білуі - әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнер болуы тиіс. Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады.
Менеджер дегеніміз заңды, экономиканы жаксы білетін, ұйымдастыру мәселелерімен шұғылданатын, жан-жақты білімді, білікті кез- келген адам. Менеджер басқарушы болғандықтан оның белгілі бір міндеттері болады және ол белгіленген уақытта орындалуы тиіс.
Менеджердің міндеттері:
1.Басшы қызметкерлерді іріктеп, жұмысты жүйелеп бөліп, әрқайсысының міндеттерін анықтайды.
2. Әрбір қызметкердің мамандығына, жауапкершілігіне сай қызмет орнын белгілеп, ұйымның құрылымын құрады.
3. Еңбек ақы құрылымын анықтап, қызметкерлердің штаттық кестесін белгілейді.
4. Жұмыс барысын бақылау арқылы мақтау немесе жазалау шараларын қолданады.
5. Еңбек нәтижесіне байланысты жоғарылату, төмендету және жұмыстан босату шараларын қолданады.
Менеджер осы аталған міндеттерді орындай отырып, басқару ісінде, адамдармен қарым-қатынаста өзінің аса бағалы қасиеттерін көрсете білуі керек.
Менеджерге қойылатын талаптар:
 өзін-өзі меңгере білу;
 жеке басының бағалы қасиеттері;
 жеке өзінің айқын жоспарларының болуы
 туындаған мәселелерді шешуге дағдылану;
 өнертапқыштық және ииновацияға қабілеттілік;
 қарамағындағыларға ықпал ете білу;
 қазіргі басқару әдіс-тәсілдерін білу;
 қол астындағы адамдарды баулып, жетілдіре білу;
 тиімді жұмыс топтарын қалыптастыру және дамыту қабілеті.
Америка менеджмент мектебі менеджерге мынандай талаптар қояды:
 басшы өз ісіне сенімді болуы, батыл мақсат қойғыш, табанды болуы және осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс;
 басшы қуғындаушы болмауы тиіс, нағыз басшы қарамағындағыларды баулып, алға тартады;
 басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс;
 басшы қатал, әрі талап қойғыш болуы тиіс;
 сынды қабылдай білуі, өзі де әділ сынай білуі тиіс;
 басшы жылы шырайлы, әдепті болуы тиіс;
 әзілдей білуі және әзіл-қалжыңды түсіне білуі тиіс, адамдардың көңіл-күйі жақсы болса, еңбек өнімділігі артады;
 табандылық пен өжеттілік;
 тәуекел етуге дайын тұру (біреуге жалтақтамай іске бел шешіп кірісу);
 болып жатқан өзгерістерді жіті қадағалау;
 байланыс орнатуға қабілеттілік (коммуникабельность).
 басшы қарамағындағыларды жақсы білуі тиіс.
Жапон менеджерлеріне тән қасиеттер:
 жапон менеджерлерінің ойлау стилі олардың дәртүрлі принциптеріне негізделген.
 кәсіпкерлік және өнертапқыштық;
 белгілі бір жағдайда көнгіштік таныту;
 кішіпейілділік; сауаттылық;
 бизнесте ұсақ-түйек жоқ; (жапон менеджерлерінің басты ұраны)
 алдағына «көре білу» қабілеті;
 өзіне сын көзімен қарау;
 өзіңді - өзің көрсетуге тырыспа.
Осы аталған талаптармен қоса басшы қоғам мүддесін өз мүддесімен қатар қоятын адал, жаны таза, парасатты адам болуы тиіс. Мысалы республикада нарықтық экономикаға өту кезінде шаруашылықтарды жекешелендіру процесі көбінесе кейбір шенеуніктердің шешімі арқылы жүзеге асып, мемлекет байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, ұйым мүшелеріне шаруашылықтың дамуы үшін айтарлықтай ештеңе қалмады.
Бұл жағдай басшылардың қоғам игілігінен гөрі өзінің жеке басының мүддесін ойлайтын, тәрбиелілігі, адамгершілігі төмен болғанын көрсетеді . Кейбір даңғой басшылар кәсіпорынның жұмысын өркендетуден гөрі, бар қаражатты өзінің жеке басының пайдасына жұмсап, ұйымды күйретеді.
Әрбір кәсіпорын өркендеп, дамуы үшін ең бірінші оның басшысы жан-жақты білімді, өндіріс технологиясын жақсы білетін, алдағыны болжай алатын, қарамағындағы адамдармен, әріптестермен іскерлік қарым-қатынас орната алатын, жан-дүниесі таза, өзіне өзі есеп бере алатын адам болуы керек.
Осындай зерттеулер нәтижесінде табысқа жету үшін әрбір жеке адамға тән мынандай сипаттамаларды келтіруге болады:
 мүмкіндіктер мен бастамаларды іздестіру, ізденімпаздық;
 табандылық пен өжеттілік;
 тәуекел етуге дайын тұру;
 жұмысты барынша тиімді ұйымдастыру;
 ұйымның барлық мүшелерін жұмысқа қатысуға жұмылдыру;
 мақсаттылық – белгіленген мақсатқа жетуге ұмтылу;
 болып жатқан өзгерістерді жіті қадағалау;
 ұдайы жоспарлау және бақылау;
 байланыс орнатуға қабілеттілік;
 тәуелсіздік және өзіне сенімділік.
Осы жоғарыда аталған талаптарды ескере отырып, бүгінгі менеджерлер басшы ретінде бірнеше ғылымдардан хабары болу қажеттігі туындайды. Сондықтан, бұрынғы қазақ билерінен үлгі, өнеге алса, жұмысы нәтижелі болып, еліміз өркениетті елдер қатарына қосылуға мүмкіндік молаяр еді.

1

3 дәріс. «Ұйымның ішкі және сыртқы орталары».

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет