3 сұрақ. Көз жеткізу және қатысу. Бағыныштылардың қабілеті басшылардың қабілетіне жақындаған сайын басшы бағыныштыға ықпал ету үшін, онымен бірігіп қызмет атқаруға тырысады.
Бағыныштыға белсенді байланысқа шақыратын ықпал етудің 2 формасы бар:
Көз жеткізу
Қатынасу.
Көз жеткізу арқылы ықпал ету – басқа адамға ықпал ету үшн марапаттауға немесе жазалауға қабілетті болуын хорезматикалық қасиет иесі болудың немесе білімді болудың қажеті жоқ. Тек өз көзқарасыңды ұтымды түрде жеткізе алсаң жетіп жатыр.
Шынайы сенім сияқты көз жеткізу үлгілі билікпен сараптау билігіне негізделген. Көріп жеткізу арқылы ықпалын жеткізетін басшы бағыныстысына ешқашан не істеу керектігін айтпайды. Керісінше ол бағыныстысының қандай да бір қасиеттеріне сене отырып билікті өз қолына береді. Көз жеткізу арқылы ықпал ете алады.
Көз жеткізу арқылы ықпал етуді мыналар арқылы тиімді етуге болады. Ол үшін
1)- тыңдаушының қажеттіліктерін дәл анықтау қажет,
2)- сенімділік таныту,
3)- тыңдаушының мүддесі тұрғысынан мәселені қарастыруға болады.
Ықпал етуді тәжірибеде қолдану.
Үрейлендіру, марапаттау, дәстүрлеу, хорезм, шынайы сенім, көз жеткізу, бұлар басшы өз жұмысында ықпал ететін құрал болып табылады.
Осы құралдарды тиімді пайдалану үшін мыналарды пайдалану керек:
Ықпал етуге тиісті адам ықпалды белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру көзі ретінде қарастыру қажет;
Ықпал етілетін адам өзіне жіктелген міндетті орындаған жағдайда өз қажеттіліктерінің қанағаттандырылатындығына сенімді болу керек;
Ықпал ететін адам өз күш жігерін мақсаттарды орындауға жұмсай отырып басшының сенімінен шығатындай болу керек.