Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Философияның пайда болуы және дамуы Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет4/30
Дата19.06.2022
өлшемі146,5 Kb.
#37074
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Ежелгі Шығыс философиясы.
Ежелгі Шығыс философиясының элемдік философиядағы орны. Руханилықтың шығыстық дәстүрі - ежелгі Шығыс философиясының ерекше белгісі. Веда мәдениетіңің аясында ежелгі Үнді философиясының қалыптасуындағы діннің рөлі. Ведалардағы дүние, адам, өмір туралы алғашқы философиялық түсініктер. Самхиттер, брахмандар, Араньяктар - Ведалардың кұрамдас бөліктері. Упанишадалардағы философиялық сананың элементтері. Ежелгі Үндінің ортодоксалды және ортодоксалды емес философиялық мектептері. Буддизм философиясы. Адамның өз күшімен адамгершілікті түлға болып қалыптаса алу қабілетің жария ету. Адам рухын сырткы материалдық дүниеге қарсы қою. Үнді философиясының элемдік адамзаттық ойға мықты эсері.
Қытай философиясының прагматиқалық сипаты. Қытай жазуының ескерткіштері: «И цзин», «Ши цзин», «Шу цзин» - Қытай философиясының бастауы. Дүниемен, қоғаммен және өзіңмен үйлесімділік - ежелгі Кытай философиялық ойының басты философиялық принципі.
Қытай философиясының негізгі мектептері. Жэнь, чжун юн, цзюнь- цзы, дао, ди, инь и ян, ли, сяо, тянь-ся, ци, у-вэй қатегорияларының заттардың иерархиялық тәртібін орнатудағы рөлі.
Қонфуций ілімі -этиқалық-әлеуметтік ілім және ерекше мемлекеттік саяси қонцепция. Ақсүйектік даналық пен қарапайым халықтың сенімдері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етудегі даосизм философиясының рөлі. Мо-цзының таным теориясы және этиқалық-саяси идеялары. Қытай практицизмін қалыптастырудағы Мо-цзының он принципі. Легизм адамдардың барлығына ортақ заңдардың негізінде қоғамды қайта өзгерту туралы.
Ғылыми білімнің қалыптасуы - ежелгі Египетте философиялық ой дамуының ерекшелігі. Адамның мәні туралы сұрақтың қойылуы. «Өлілер кітабы». Ежелгі Египет философиясының ежелгі Грецияның және бүкіл әлемнің ғылымы мен философиясына әсері.
Антикалық философия.
Ежелгі Греция философиясының генезисі. Эқономиқалық қатыңастар еркіндігі - рухани мәдениеттің өркендеу негізі. Ежелгі грек полисінің өміріндегі философияның айқындаушы рөлі. Философияның Милет мектебі. Фалес, Анаксимандр, Анаксименнің натурфилософиялық ілімдері және Европа ғылымы мен философиясының қалыптасуы.
Элея мектебі. Парменид: Ғалам туралы көзқарастар. Ксенофанның дүние туралы түсініктеріндегі пантеизм бастаулары. Эфестік Гераклит философиясының қарама-қайшылықтылығы. Антиқалық философиядағы атомизм. Эмпедокл «барлық заттардың тамырлары» болып табылатың төрт стихия туралы. Анаксагор: табиғат - мәңгі және өте үсак бөлшектердің шексіз көптігі.Демокрит: дүниеде бәрі атомдардан және олардың|;қозғалысынан тұрады. Пифагордың сандар және олардағы сэйкестік туралы ілімі Бүкілэлемдік үйлесімділік - Қүдайдың жетілген көрінісі. Софистер мектебі Софистер даналық пен асыл қасиеттерге үйретушілер. Риториқаны мемлекеттік істерде жеңіске жете білу ретіңде түсіну.Сократ: адам мәселесіне бүрылыс. Сократтың рационалдық этиқасы Философия - ақылсыну емес, асыл қасиетке ие және әділ адамды қалыптастыру кұралы. Акиқат білімге жетудің Сократ ұсынған әдістері ирония, майевтиқа, дефиниция. Сократтың логиқасы. Платон: идеялар - ақиқат болмыс. Платонның мінсіз мемлекет туралы ілімі. Платонның этиқасы. Ақыл-ойлы, аффектілі, құмарлық билеген жан - асыл қасиеттердің және адамдардың әртүрлі типтері.Аристотель философиясының энциклопедизмі. Оның қатегориялар, материя және формалар туралы ілімі. Аристотель логиқаның танымдағы әдістемелік маңызы туралы. Жан және ақыл-ой туралы ілім - Аристотель этиқасының негізі. Адам саяси мақұлық.Грек демократиясының IV ғ. соңындағы дағдарысы және эллинизм философиясының қалыптасуы. Мызғымастық және салмактылық - стоиктердің өмірлік идеалдары. Адам және оның бақыты - Эпикурдың философиялық пайымдауының негізгі нысандары. Гедонизм: рахаттану - өмірдің жалгыз мәні. Киниктер философиясы- табиғилық пен жеке еркіндікті уағыздау. Диогеннің аскетизмі. Сенеқа философияның адам өміріндегі рөлі туралы. Марк Аврелийдің мэңгілік туралы пайымдаулары. Марк Туллий Цицерон философиясының практиқалық сипаты. Пирронның скептицизмі. Алғашқы философ әйел Ипатияны жазалау - адамзат ойы тарихындағы ғажайып антиқа дәуірінің аяқталуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет