Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»



бет1/53
Дата16.11.2022
өлшемі291,03 Kb.
#50518
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Тезисы лекции Менеджмент каз 2223




ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ



№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы».

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Ұйым туралы түсінік, ұйымның түрлері, сипаттамалары
2. Менеджмент түсінігінің мазмұны және оның ғылыми анықтамалары.
3. Басқару жүйесінің қалыптасу схемасы және оның мазмұны.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1 сұрақ. Ұйым туралы түсінік, ұйымның түрлері, сипаттамалары
Менеджмент туралы сөз болғанда ең бірінші біз «ұйым» сөзінің мағынасын түсінуіміз керек. Себебі менеджмент тек қана ұйым бар жерде жүзеге асырылады. Менеджмент дегеніміз басқару, бірақ ол мысалы, машинаны, станокты басқару емес, ұйымды, ондағы адамдарды басқару болып табылады.
Ал ұйым дегеніміз саналы түрде барлығы бірігіп, бір мақсатты көздеген адамдар тобы. Ұйым болу үшін белгілі бір талаптар орындалуы қажет:

  • ұйым болу үшін өздерін сол топтың бір бөлігі деп есептейтін кем дегенде екі адам болуы керек;

  • кем дегенде көздеген бір мақсаты болуы керек;

  • мақсатқа жету үшін бірігіп, жұмыс істейтін мүшелері болу керек.

Міне, осы аталған талаптар орындалған жағдайда ұйым пайда болып, құрылады.
Әрбір ұйым қандай да бір мақсат көздеп, сол мақсаттың нәтижесіне жету үшін әрекет етіп, өмір сүруі қажет. Ұйымдардың іс-әрекеті, басқару әдістері мен стилі, мақсаттарының жай немесе күрделілігі әртүрлі болады. Тек қана бір ескеретін жағдай, тиімді жұмыс атқарып, көздеген мақсатына жету үшін барлық ұйымға тән ұйымның жалпы сипаттамалары болады.
Ұйымның өмір сүруінің мынадай кезеңдері бар:
1Ұйымның пайда болуы. Мұнда басты мақсаттар анықталады.
2 Балалық шақ. Мұнда қысқа мерзімдік пайдамен өсу тең бағытталады.
3.Есеюі. Мұнда имиджі қалыптасады, бірқалыпты өсім болады.
4.Қартаюы. Қол жеткен нәтижелерді сақтап қалуға тырысады.
5.Қайтадан жаңаруы. Мұнда барлық қызметтің жаңаруы қарастырылады. Басты мақсаты- жасару.
Барлық ұйымдарға тән сипаттамалар:

  • Ресурстар

  • Сыртқы ортадан тәуелділіігі

  • Еңбек бөлінісі

  • Басқарудың қажеттілігі

  • Бөлімдер.

Сыртқы ортадан тәуелділігі.
Ұйымға әсер ететін сыртқы орта факторлар екіге бөлінеді:
1.Тікелей әсер ететін факторлар (олардағы болған өзгеріс ұйымға тікелей әсер етеді).
а) жабдықтаушылар
б) тұтынушылар
в) бәсекелестер
г) акционерлер
д) банктер
ж) мемлекеттік және жергілікті басқару органдары.
2.Жанама әсер ететін факторлар:
а) экономикалық
б) саяси
в) табиғи
г) ғылыми-техникалық
д) құқықтық
ж) мәдени
3.Еңбек бөлнісінің екі түрі бар:
1) тік еңбек бөлінісі
2) көлденең еңбек бөлінісі
4.Нарықтың эканомика жағдайында кез-келген ұйымға кәсіби деңгейі жоғары басшының қажеттілігі туып отыр.
5.Кез-келген ұйымда қаржы, маркетинг, бухгалтерия, кадрлар және тағы басқалар бөлімдер құрылым жұмыс жасайды.
Ішкі ортасының негізгі элементтері:

  1. Ұйымның мақсаты. Кез-келген ұйымда бір басты мақсаты болады. Ал кейбір ұйымдарда бірнеше мақсаттар болады. Ондай ұйымдарды күрделі ұйымдар деп аталады.

  2. Ұйымның құрылымы- бұл менеджмент деңгейлерімен әртүрлі бөлімдердің логикалық түрде жасалған өзара байланысы.

  3. Тапсырмалары. Бұл белгілі бір уақыт аралығында орындалуы қажет жұмыс көлемі.

  4. Технолоия. Бұл белгілі бір ақпарат-материялдарға, адамдарға өзгерістерді енгізетін біліктілік қабілеттері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет