Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Философияның пайда болуы және дамуы Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет1/30
Дата06.03.2023
өлшемі114,61 Kb.
#71999
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
дәрістің мазмұны




ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ



№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

№ 1
дәріс

Философияның пайда болуы және дамуы
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия. Философия – даналыққа құштарлық. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты. Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты.
Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері. Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.
Философияның негізгі бөлімдері – онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философияның қысқаша сипаттамалары. Философия және фәлсафа. Фәлсафа дәстүріндегі ғылым мен дін мәселелерін шешу жолдары.
Философияның анықтамалары, түрлері мен бағыттарының санқырлылығы және философиялық пайымдау тәсілдерінің әртүрлілігі. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі. Қазіргі Қазақстанның үшінші модернизациясындағы философияның орны.Философия - адамзат мәдениетінің қайталанбас және ерекше құбылысы. Ол әрқашан дәстүрлі және уақытына сай келеді. Жеке адам мен қоғам үшін аса қажетті әмбебаптық білімді, дүние мен адам болмысын терең түсінуді жинақтайды. Ол адамға тән объективтік білім қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймайды, оның танымдық белсенділігін адамның дүниедегі болмысы, мәндік мазмұнымен негіздеп отырады. Адам өмірінің мәңгілік сұрақтарын, өмірдің мақсаты мен мәні, өмірге келуінің себебі т.б. проблемарын шешуге тырысып, философия теориялық танымның ең практикалық түріне айналады.
Дүниеге көзқарас термині ғылым тіліне, күнделікті сөзге терең енді. Ол алғашқы рет XVIII ғ. неміс философиясы мен мәдениетінде кездеседі (Кант, Фихте, Гете), адамға тән, оның тәртібін іштей реттеп отыратын, рухани құрылымды белгілейді.
Оны анықтаудың ең жақын әдісі білім мен түсінуді байланыстыру. Мазмұны тұрғысынан, ол адамның дүниеге және сол дүниедегі оның орнына қатысты көзқарас. Көрінген білімде әртүрлі дәрежедегі бағалау белгісі болғандықтан, бейнелейтін затқа байланысты ғылыми, діни, философиялық, өнегелік, саяси, экономикалық және т.б. көзқарастарға бөлінеді.
Дүниеге көзқарас білімдердің, тіпті өте жалпы болса да, жәй қосындысы емес. Ол субъективтік қабылдаудың бағыттаушы және ұйымдастырушы құрылымы ретінде көрінеді, сезімдік және ойлаудағы көптүрлілікті мақсаттылықпен таңдауға әкеледі. Ол біздің санамыз бен ойлануымыздың дүниені өзімізге ашатын "көзі" ретіндегі құбылыс, тек дүниеге көзқарас ғана әр адамның ерекше көруін, түсінуін, пікірін т.б. ажыратады. Ол біздің саналы өмірімізді жекешелендіреді, "Мен" - ді туғызады. Осыған орай әртүрлі адамның, әрекеттің, өзіндік дүниеге көзқарастың мәні бар.
Дүниеге көзқарастың тарихи алғашқы түрі - миф (аңыз, ертегі). Дүниені түсінудің бұл архаикалық түрі біздің ертедегі бабаларымыздың өмірінде маңызды роль атқарды, алғашқы қауым адамын табиғатпен үйлесімді біріктіре білді, рулық өмірді реттеп отырды. Жеке адамның, табиғаттың, алғашқы қауымдық рудың нақты өмірде және санада біртұтас берілуі мифтің сезімдік деңгейлігін анықтайды. Мифтік санада бүкіл дүние сезіммен қабылданатын және сезінетін реалдық түрінде беріледі, бәрінің жаны бар, тірі өмір иелерімен қоныстанған. Адам өзін табиғи өмір күштерімен толтырылған, өзінің мүмкіндігінен асып түсетін қимылдарға дайын жанмын деп түсінеді, бұл сенім көрінген затқа да телінді. Осыдан мифтік елестердің ертегі қияли, керемет сипаттылығы шығады.
Мифтің ерекшелігі идея мен заттың, сезімдік ойлық бейне мен реалдық шындықтың теңестірілуі және бөлінбеуі. Егер дамыған сана елес пен затты ажырата алса, мифология оларды шектеуді білмейді. Миф бәрін қамтиды. Ол бәрін түсіндіре алады, оған белгілі емес, құпия, біле алмайтын құбылыс жоқ.
Миф және дін - философияның алдындағы тарихи көзқарастың түрлері. Олардың айырмашылығымен бірге, бірлігі де бар, екеуі де дүниені түсінудің әртүрлі тәсілдері. Сондықтан көзқарастың тарихи өзгеруін бірқалыпты - төменнен жоғарыға, қарапайымдылықтан күрделіге, дамымағаннан жетілгенге жүру деп қарамау керек. Олардың қазіргі кезде қатар өмір сүруі мәдениеттің өзіндік символы ретіндегі ерекшеліктерінің барын, адамдардын әртүрлі қажеттігін өтейтіндігін көрсетеді.
Философия да дін сияқты өмір сүрудің түпкілікті сұрақтарын шешуге ұмтылады. Оның ерекшелігі рационалдық-теориялық, сын көзбен қабылдау, догматизмге қарсы шығуы. Философия ақылға сүйенеді, сенім мен сезімді ақылға жеңдіреді, ол дайын жауаптар бермейді, жан-жақты ойлауды, сынай талдауды, қатаң ғылыми дәлелдеуді талап етеді.
Философия тарихи пайда болды, әлеуметтік адамның дүниеге көзқарастық мәселелерді тереңдете негіздеу қажеттілігінен шығады.
Философия жалпы теориялық көзқарас ретінде білім мен іс-әрекеттің түпкі негіздерін ұсынумен сипатталады. Философияның екі сипаттылығы (рационалдық-теориялық білім және дүниеге көзқарас) оның арнайы-ғылыми білімнен, көзқарастың белгілі-бір формаларынан ажыратып, философияның өзіндік мүдде саласын анықтауға жеткізеді, ол абсолюттік және шекті бастамалық көзқарас сұрақтары. Философия көзқарастық мәселелерді шешудің теориялық түрі болып, қоғамдық өмірдің практикасынан туа отырып, дамудың болашағын бейнелей алады, яғни жаңа көзқарастық мәселерді қойып, шешу мүмкіндігі бар.
Философияның негізгі сұрақ - ой мен болмыстың, сана мен материя қатынасы. Осы мәселені қалай шешуге байланысты материалистік және идеалистік философиялық көзқарастар типі ажыратылады. Философияның негізгі мәселесін осылай анықтау философия тарихын жүйелі және тұтас қарастыруға, философиялық ойлардың ұқсас және айырмашылық жақтарын ажыратуға мүмкіндік береді.
Философияның қызметі дегеніміз философияның мақсатын, міндетін анықтауда қолданылатын: дүниетанымдық, методикалық, теориялық-ойлау, сыни, аксиологиялық, әлеуметтік және тәрбие-гуманитарлық, болжаушылық іс-әрекеттер.
Дүниетанымдық қызмет - әлемнің бүгіндегі бейнесін қалыптастырудың мүмкіндігін, оның құрылымы туралы түсінікті, ондағы адамның орнын, қоршаған ортада бірлесіп әрекет қылу принциптерін жасайды.
Методологиялық қызмет - философия, бізді қоршап тұрған шындықтың ақиқаттын танудың әдісін жасайды.
Теориялық ойлау қызметі - негізгі ойды теориялық жүйеге келтіру, қоршаған әлем жүйесін, оның ақиқатын ойдың логикалық схемасы арқылы қорыту. Бүл әсіресе философия тарихын зерттеуге қатысты.
Сыни философиялық қызмет - қоршаған әлемнің және білімнің барлығына күмән келтіру, жаңа жақтарының ерекшіліктерін іздеу, қайшылықтарын ашу. Оның негізгі мақсаты таным шекарасын кеңейту, догмалары жоққа шығару, білімді модернизациялау және анықтығын ұлғайту.
Аксиологиялық қызмет - бізді қоршаған әлемдегі заттар мен құрлыстарды әртүрлі құндылықтар: моральдік-өнегелік, этикалық, идеологиялық көзқарас тұрғысынан бағалау. Аксиологиялық қызметтің ролі, әсіресе, тарихтағы ұлы өзгеріс кезінде: ортағасыр басындағы Рим империясының қирауынан кейін жаңа (діни) қүндылықтар іздеу, Қайта өрлеу, Реформация, капитализмнің дамуының дағдарысы (ХІХ-ХХ ғғ.), социализмнің тұйыққа тірелуіне (ХХ-ХХІ ғғ.) байланысты ерекше күшейеді.
Әлеуметтік қызмет - қоғамның пайда болу себебін, эволюциясы, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементін қозғаушы күштерін, қайшылықтарын ашу, түсіндіру және жетілдендіру жолдарын көрсетеді.
Тәрбие-гуманистік қызмет - бізді қоршаған орта мен адам туралы философиялық білімге сүйене отырып, материяның, сананың, тану процесстерінің, адамның, табиғаттың және қоғамның даму тенденциясының жетістерін анықтап болжайды.
Философия да жеке арнаулы ғылымдар зерттейтін дүниені қарастырады, бірақ құбылыстардың белгілі бір жеке салаларын қарастыратын жеке ғылымдарға қарағанда философия неғұрлым жалпы байланыстар мен қатынастарды таниды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет