Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1,2 дәріс Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу



бет55/62
Дата16.03.2023
өлшемі0,86 Mb.
#74796
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ . Психология (электив)

§ 5. Жоғары сезiмдер
Ақыл-ой сезiмi адамның таным қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты. Таным қажеттiлiктерiн оятатын көркем әдебиет, теледидар, өнер, компьютер бағдарламалары. Кiтап арқылы адам өзiн және басқа адамдарның эмоциялық әлемiн таниды, өзiнiң эмоционалды күйiн бағалайды және реттейдi, өзiн өзгертедi, өмiр талабына сай қалыптастырады. Бiрақ кiтап адам өмiрiнiң барлық кезеңiн көрсете алмайды, тек ерекше, есте қаларлық жағдайларды бередi. Ол адамдардың эмоциялық қуаттарын - қалыптасқан ойларды жинақтайды, тұтынушы, насихаттаушы және ұйымдастырушы қызметтерiн атқарады. Қоғамның эмоциялық жағдайларына бағыт-бағдар бередi (Бездидко А.В. Книга эмоциональной сферы человека. Журнал ңМир психологииң, 2002, N4, стр. 85-89).
Эстетикалық сезiм адамдардың сұлулыққа, әсемдiлiкке, табиғатқа деген сезiмiн ояту. Өнер, музыка, көркем шығармалар, шешендiк өнер, поэзия, республикада кең таралған көрермендердiң көңiлiнен шыққан, жүрегiне жол тауып баурап алатын ақындар сайысы, адамның жан дүниесiн тереңдетiп оны шабыттандыра түседi.
Адамгершiлiк сезiм демократия және гуманистiк, гуманитарлық үстемдiк ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер – борыш сезiмi, әр адамның өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы. Мысалы, адамзатқа белгiлi тарихи тұлғалар өздерiнiң кең рухани байлықтарымен және адамсүйгiштiк қасиеттерiмен қадiрлi болған. Олар Сократ, Платон, Аристотель, Мухаммед Пайғамбар, Ибн-Сина, Әл-Фараби, Абай, Алтынсарин, Шоқан, Ыбырай т.б. Қазiргi кезеңде өрiс алып кетуiне байланысты жастарымыздың сана-сезiмiн уландырып, ұлттық менталитетiмiзге жат жәйттердi, құбылыстарды болдырмау үшiн жасөспiрiмдердiң жоғарыда айтқандай биiк сезiмдерiн жаңа бiлiм, тәрбие технологиялары арқылы сусындап, қаруландыруымыз қажет.
§ 6. Сезiмдердiң психологиялық сипаттамасы
Сезiмдер деп тұрақты, эмоционалды боялған тұлғалық құрылымдарды айтамыз, онда адамның бiреуге немесе бiр нәрсеге деген қатынасы бейнеленедi: бiреуге деген махаббат сезiмi, патриотизм сезiмi, ұят сезiмi, т.б. Сезiм мәндi эмоционалды бастан кешiрулердiң жалпылау аккумуляциялау механизiмi негiзiнде пайда болады. Сәйкес эмоциялар формасында оларды адам саналайды. Мысалы, егер бiр адамның әрекеттерi ылғи да бiзде жек көру эмоциясын тудырса, бұл сол адамға кездескен сайын (ол өзiн дұрыс немесе дұрыс емес ұстаса да) әркез тұрақты жек көру сезiмiнiң пайда болатынына алып келедi. Әрбiр сезiмде сәйкес эмоцияларды бастан кешулердiң жеке тәжiрибелерi шоғырланған. Сезiм қаттырақ болған сайын, онда эмоционалды күш те көбiрек болады. Сондықтан сезiмдер ылғи да өз-өзiнiң мәнiн құрайтын терең интимдi тұлғалық құрылым ретiнде бастан кешiрiледi. Оларды тұлғаның эмоционалды негiзi ретiнде анықтауға болады. Әйгiлi орыс психологы В.И. Мясищев қатынастарды тұлғаның құраушы компоненттерi ретiнде, ал тұлғаны қатынастар жүйесi ретiнде қарастырды.
Сезiмдер ояту, мағыналық бағасы, жүрiс-тұрысты реттеу, ағза жұмысын реттеу, адамның жан дүниесiн реттеу (арман, ой, тiлек, шешiм, еске түсiру, т.б.) сияқты қызметтердi атқарады. Сезiмдердi функциялар, заттық мазмұн, эмоционалды бояу, күш, тұрақтылық, саналау деңгейi, белгi сияқты параметрлермен сипаттауға болады.
Нақты адам, әлеуметттiк топтар және қоғамдастықтар, мемлекет, отан, құдай, эстетикалық объектiлер, iс-әрекет, бiлiмдер, мәдениет т.б. барлық мүмкiн заттары сезiмдер мазмұны бола алады. Осыған сәйкес өнегелiк сезiмдердi (махаббат, сыйлау, жек көру және т.б.), патриоттық сезiмдердi, дiни сезiмдердi, эстетикалық сезiмдердi, практикалық сезiмдердi, интеллектуалды сезiмдердi т.б. бөлуге болады. Сезiмдердiң эмоционалды боялуы бастан кешулердiң сапалық боялуымен анықталады. Сезiмдердiң эмоционалды боялу диапазоны өте кең. Эмоциялар қанша болса, олар да сонша көп. Сезiмнiң күшi мен тұратылығы сезiм бағытталған сәйкес объектiнiң адам үшiн маңыздылығымен, онда жиналған эмоционалды бастан кешулердiң санымен анықталады. Сезiм объектiсi қаншалықты маңызды болса және онда бастан кешулер қаншалықты көбiрек жинақталған болса, ол яғни сезiм соншалықты күштi және тұрақты болады. Ең күштi және тұрақты сезiмдер оның көзқарастарын, құндылық бағыттарын, пiкiрлерiн, яғни тұлға ядросын (орталығын) құрайды. Сезiмдер саналанудың тұрлi деңгейiне ие және белгi бойынша ерекшеленедi.
Сезiмдердi тәрбиелеу және адекватты өзгерту психология, психиатрия және психокоррекция аймағындағы мамандардың, педагогтардың және ата-аналардың ғана емес, қоғамның өте маңызды мiндетiн құрайды.
Мотивация ұғымы-адамның нақты бiр мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесiмен түсiндiрiледi. Мотивациялық жүрiс-тұрыс “Адам ненi қалайды?ң Ол неге ұмтылады?” сұрақтарына жауап бередi. Адамның талабы әрқашан басым қажеттiлiктердiң жүзеге асуымен байланысты болады. Адамдар жүрiс-тұрысының негiзiнде белгiлi бiр қажеттiлiктер болады. Қажеттiлiк бұл адам бастан кешiретiн мұқтаждық қанағаттануы, адам тiршiлiгi, оның жеке адамдық тұтастығын сақтау үшiн өмiрлiк маңызды болып табылады. Адам өзiнiң тiршiлiк етуi, дамуы және жетiлдiруi үшiн өзiнiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыруы үшiн құралдар мен белсендiлiктердi қажет етедi. Адам қажеттiлiктерi әртүрлi болады.
Қазiргi кезде қажеттiлiктiң материалдық (тамақ, киiм, тұрғын үй, жылылық т.б.) және рухани (қоғамдық өмiрге, еңбекке, қарым-қатынасқа,бiлiм алуға, творчество т.б.) түрлерiн бөлiп шығарады. Мұндағы қажеттiлiктердiң кез-келген жiктелуi де шартты болады. Қажеттiлiктер-адамның барлық психологиялық iс-әрекетi, оның ақыл-ойы, сезiмi еркi құрылатын ең басты негiз болып табылады.
Адам қажеттiлiктерiнiң негiзi оның күшi, пайда болу кезеңдерi мен қанағаттандырылу тәсiлдерiмен сипатталынады.
Қажеттiлiк мотивация құрылымында ерекше орын алады. Қажеттiлiк кез-келген iс-әрекет белсендiлiгiнiң бастау көзi болып табылады. Iс-әрекет сәйкес қажеттiлiктi қанағаттандыру құралы болып табылады. Осылайша, қажеттiлiк iс-әрекет субъектiсiнiң белсендiлiгiнiң жалпы бағыттылығын көрсетедi.
Қажеттiлiктiң заттану процесi дегенiмiздiң өзi оның мотивке көшуi (трансформациясы). Субъект белсендiлiгiнiң бағыттылығы нәтижеге жетуi және жекелеген әрекеттiң қасиетi, оның алдында тұрған мақсатқа қалай тәуелдiгiне байланысты, мотив iс-әрекеттi толық себептендiредi.
Iс-әрекет субъектiсiнiң осындай тәуелсiздiгi, iс-әрекеттiң сыртқы себептерi субъектiге ылғи әрқашан iшкi шарттар арқылы әсер етуiнен көрiнедi. (Рубинштейн С.Л.).
Мотивтер қажеттiлiктермен затталына отырып, бұл қажеттiлiктер мотивтiң бағыттылығын анықтайды. Бiр адамның бойында сансыз көп қажеттiлiктердiң болуы мүмкiн емес, бiрақ мотивациялық сфераның байлығы олардың әртүрлiлiгi және өзара толықтырулардан байқалып отырады. Мотив сферасындағы қажеттiлiктердiң өзара әрекеттесуi бiр-бiрiн күшейтедi немесе әлсiретедi, ал олардың өзара қарама-қайшылыққа түсуiнiң нәтижесi-аморальдық жүрiс-тұрысқа әкеп соғауы мүмкiн.
Жеке адамның мотивациясының анықтайтын шешушi фактор-ол өмiрлiк мақсатқа, мағынасына байланысты танымдық белсендiлiгi. Мақсат, саналы түрде анықталады, яғни, болашақ нәтиженi сөз арқылы алдын-ала мақтау, әрекеттiң бейнеленуi, оның мүмкiн болар салдарының, жалғасуының, бейнесi, аралық және соңғы нәтижелер бейнесi. Мақсат мотивацияның детерминалы ретiнде шығады, адамның тiкелей сыртқы әсерден қатысты түрде тәуелсiз бола алу қабiлеттiлiгiн көсетедi.
Мотив-бұл адамның белгiлi бiр әрекет үшiн саналы меңгерiлген талаптануы. Ол адамның өзiнiң қоршаған жағдайын және алдына қойған мақсатын бағалау, ақылға салу, есептеу деңгейiне байланысты мазмұны анықталып қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет