Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану


Масс-медиа, технологиялар және қоғам



бет14/30
Дата14.10.2023
өлшемі152,74 Kb.
#114928
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері-Әлеуметтану

Масс-медиа, технологиялар және қоғам
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Әлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникациялар.

  2. Масс-медиа қызметтері.

  3. Бұқаралық сана мен цифровизация.

  4. Бұқаралық коммуникациялар және әлеуметтік өзара әрекет. Қазіргі заманғы технологиялар. Технологиялық теңсіздік. Масс-медиа түрлері. Медиалық жаһандану.

  5. Масс-медиа мен технологияларды зертеудің теориялық бағыттары. Әлеуметтік қадағалау мен бақылау. Киберлаңкестік. Жеке мәліметтерді қорғау.

  6. Масс-медианың жаңа стандарттардың, мотивацияның, стереотиптердің, мінез- құлық моделінің, өмір салтының қалыптасуына әсері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Масс-медиа (бұқаралық ақпарат құралдары) - ірі, гетерогенді және географиялық шашыраңқы аудиторияларға символдық коммуникацияның орталықтандырылған технологиялары мен институттары; бұқаралық мәдениеттің таралуы мен болмысының маңызды нысандарының бірі.
«Медиум» сөзінің өзі тәжірибені білімге айналдырудың белгілі бір құралын білдіреді, ал оның көпше түрі «медиа» күнделікті өмір оқиғаларына мән беретін белгілерді және де көптеген таңбалы жүйелердің бар екендігін білдіреді. Телефон, радио, фильм, теледидар-олардың барлығы «медиа» болып табылады. Сонымен қатар, медиация процесінің өзі әрбір жағдайда медиумның «тазалық» дәрежесіне байланысты әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады. Сонымен, телефон медиацияның «таза» түрі болып табылады, ал газеттер мен электрондық медиа өзінің өмір сүру ортасымен тығыз байланысты және өз кезегінде өзіндік дербес универсумын қалыптастырады. XIX ғ. соңында газет әлеуметтік институт болып, ал электронды медиа ең басынан бастап бұқаралық мәдениет пен тұтыну қоғамының түпмәтінімен тығыз байланысты. Медиа теориясы бойынша зерттеулерде жаңа коммуникациялық технологиялардың қоғамның өзгермелі сипатымен байланысы байқалады, бастауын XIX ғасырдың ортасынан алады.
Ақпараттың жеке адам мен мемлекет, жалпы қоғам өміріндегі алатын орны өте маңызды. Ақпарат – адамды өмір сүру ортасына бейімдеуге бағытталған коммуникациялық үрдістің нəтижесі. Қазір əлеуметтік ортада жаңа ақпараттық қоғам құру мақсаты коммуникациялық үрдіске өзіндік ерекшеліктер мен өзгерістерін əкелді.
Ақпарат құндылығы тұлғаның субъективтік мінез-құлыққа ие болуымен түсіндіріледі. Егер адам қойылған мақсатқа жетсе, онда қолданған ақпарат оның назарынан тыс қалып, ол өз құндылығын жоғалтады. Сонымен қатар құндылықтың əртүрлі екендігін ескеру қажет. Құндылық – бұл адамның мақсатқа жету жолын таңдау процесінде оны қолдануға мүмкіндік беретін ақпараттың қасиеті.
Осының бəрін бірге алғанда қоғамда құндылыққа ие ақпараттан бөлек, құндылығы мүлдем жоқ немесе жағымсыз құндылыққа ие ақпараттың да бар екенін айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет