Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар. Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Әлеуметтік өзгеріс.
Әлеуметтік өзгерістерді зерттеудің әлеуметтанулық перспективалары.
Әлеуметтік өзгерістердің негізгі құрамдас бөліктері.
Гомогенизация және унификация.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әлеуметтік өзгеріс - әлеуметтік құрылымдардың немесе әлеуметтік-мәдени процестердің уақыт өте келе айтарлықтай түрленуі не қайта құрылымдануы.
Ұжымдық мінез-қүлық - мінезқұлықтың мәдени ережелері бұлыңғыр болған жағдайдагы топтың тосын әрекеті.
Соңғы онжылдықта дүниежүзі бойынша қоғамда зор өзгерістер болды. АҚШ-та алғаш рет афроамерикалық президент сайланды; экономика құлдыраған кезде iPad сатылымы жоғарылады; ал климаттын, өзгеруінен теңіз деңгейінің көтерілуі Алясканың бірқатар ауылын бұзып кетуі мүмкін. Сонымен қатар Шығыс Еуропа, Африка және Латын Америка елдері жаңа экономикалық және саяси басқару түрлерін енгізгісі келеді, бірақ мемлекеттердің бәрі халықаралық саяси және экономикалық жүйеге тәуелді болып отыр. Осындай оң және теріс өзгерістердің барлығы әлеуметтік өзгеріс деп аталады. Әлеуметтік өзгеріс - әлеуметтік қүрылымдардың немесе институттардың уақыт өте келе айтарлықтай түрленуі не қайта құрылымдануы сияқты процесс. Бүл тарауда әлеуметтік өзгерістің әлеуетті үш көзі - ұжымдық мінез-құлық, әлеуметтік қозғалыс және технологиялар сарапталады. Үжымдық мінез-қүлық 2012 жылы «Аштық ойындары» фильмі алғаш рет экранға шыққанда, жергілікті кинотеатрларда өгетін бастапқы көрсетілімдерге орын алу үшін көпшілік бірнеше сағат бұрын кезекке тұрды; ал кейін Америкадағы Миннесота Молында кино жұлдыздарымен кездесу үшін 8 мыңнан астам жанкүйер сағаттап күтті. Дәл сол жылы Мәскеуде 100 мыңнан аргық адам әділетсіз сайлауға наразыльщ білдіру үшін алаңға шықты. Осы екі оқиғаның қандай үқсастығы бар? Әлеуметтанушылар үшін екі жагдай да үжымдық мінез-құлықты көрсетеді. Ұжымдық мінез-құлық - мінез-құлықтың мәдени ережелері бұлыңғыр, қисынсыз және даулы болған жағдайда топтардың тосыннан жасайтын әрекеті (Marx & Social change is any significant McAdam, 1994). Мұндай әрекеттерге ұжымның зорлық көрсетуі; аяқ-астынан тұтану, Wal-Mart-та жылдың соңында болатын жаппай сатылымға топталып жиналу, сонымен қатар Марди Грас кезінде көшеде топтардың ішкілікке салынып жүруі жатады. Мұның бәрі - жеке тұлғалар мен топтардың ерекше немесе күрделі жағдайға бірлескен тосын жауабы ретіндегі жоспарланбаған, импровизациялық әрекеттер. Ұжымдық мінез-қүлықтың әлеуметтік қозғалыстардан айырмашылығы бар (кейін толығырақ айтылады). Ұжымның мінез көрсетуі, көбінесе ұзаққа созылмайды, себебі қатысушылардың айқын әлеуметтік жоспары мен мемлекеттік саясатқа эсер етуге қажет ресурстары болмайды. (Кейбір әлеуметтанушылардың пайымдауынша, әлеуметтік қозғалыстар - үжымдық мінез-құлықтың формасы, бірақ басқалары, соның ішінде оқулық авторлары да бұл тақырыптарды бөлек қарастырғанды жөн санайды). Бұған дейін айтылгандай, топтың мінез-құлық мәдени ережелері жоқ болса немесе қисынсыз болса және қайта қарау керек болса бой көрсетеді. Мәдени ережелер көп салада анықталмаған: әйел адам қолына түгелдей тэту сала ала ма? Мектеп пен колледждің арасында бір жылдық үзіліс жасауға бола ма? Дағдарыс немесе әлеуметтік өзгерістер жедел болып жатқан кезде мәдени ережелер қисынсыз болып қалады: апат кезінде кімді бірінші қүтқару керек? Facebook парақшасында нені жариялауға болады? Кейбір әлеуметтік топтар қоғамда қалыптасқан ережелер өздеріне қарсы деп санап, олардың күшін жою үшін немесе қарсылық білдіру үшін әрекет етуге шешім қабылдағанда мәдени ережелер қайта қаралады. Ұжымдық мінез-құлық кез келген жерде - жол жиегінен бастап түрмелерде, корпорацияларда т.б. бой көрсетеді (Marx & McAdam, 1994). Сыбыс шықса көшедегі заңсыз саудагерлер тауарларын тез жинап әкетуі мүмкін; ал түрмедегілер жағдайдың нашарлығына қарсы озбырлық көрсетуі ықтимал. Windows корпорациясында жұмыс үстеліне арналған белгілі бір тұсбейне еденнен көрінсе, аяқ астынан танымал болуы ғажап емес; қызмегкерлер бір-біріне бомбаланған ғимараттан шығуға көмектесе алады немесе томен жалақыға үнсіз наразылық ретінде жұмысты бейресми түрде бәсеңдете бастайды. Ұжымдық мінез-қүлық наразылық ретінде жоспарланбаса да қалыптасқан жағдайға тиімді эсер ете алады. Мысалы, колледж студенттерінің ішімдік ішіп, ұятсыз қылық көрсеткен суреттерін Facebook желісіне жүктесе, онда көпшілік студенттерді осы кейіпте қабылдай бастайды. Ұжымдық мінез-құлық пен әлеуметтік қозғалыс арасындагы айырмашылық - әлеуметтік қозғалыстың ұзақ мерзімге созылып, әлеуметтік өзгеріс тудыруға бағытталатынында.
Әлеуметтік қозғалыс – әлеуметтік институттарды, қарым-қатынасты немесе өмір салтын өзгерту мақсатымен біріккен адамдар, топтар және ұйымдар (Tilly, 2004). Мысал ретінде, иммигранттардың құқығын қорғау үшін Уолл-стрит көшесін басып алуды және жергілікті мектептерді жақсарту үшін жаппай наразылық білдіруді айтуға болады. Әлеуметтік қозғалыстар бір-бірінен қатты ерекшеленуі мүмкін. Кейбіреуі қоғамды өзгерткісі келеді, енді бірі адамды өзгертуге тырысады. Бір топ экстремалды (мысалы, қарулы қарсы тұру немесе жарылыс күші бар отты қару қолдану) әдістерге сүйенеді, тағы бірі заң шығарушыларға ықпал етуге немесе білім беру кездесулерін ұйымдастыруға көп күшін жұмсайды. Екі әдісті де қолданатындар бар. Әлеуметтік қозғалыстардың түрлерін ажырату үшін әлеуметтанушылар олардың енгізуге тырысатын өзгерістерінің ауқымы мен мақсатына мән береді (Hall & Leicht, 2010). 15.1-кестеде көрсетілгендей, балама қозғалыстар кейбір тұжырымдар мен әрекеттерге өзгеріс енгізуге бағытталған. Мысалы, бірнеше топ мемлекет бойынша қоғамдық бақшада жүмыс істеу үшін немесе соған адамдар тарту үшін жұмыспен қамтамасыз етіледі. Олардың айығу қозғалыстары жеке сенімдер мен тұжырымдарды түбегейлі өзгертуге бағытталған. Мысалы, жасырын маскүнемдер тобының мүшесі болашақта өмірге, ішімдікке деген көзқарасын және ортасын өзгертеді деп болжанады. Керісінше, реформистік қозғалыстар (жануарлардың, азшылықтың және әйелдердің қүқығы үшін күресушілер) белгілі деңгейде қоғамды өзгертуге ынталы, ал революциялық қозғалыс қоғамды түбегейлі өзгерткісі келеді. Мысалы, «Талибан» ұйымы Ауғанстанда теократия құру үшін күресті, ал Коммунистік партия капиталистік жүйені жоюға ұмтылады. Ұжымдық мінез-құлық сияқты әлеуметтік қозғалыс та қалыптасқан жағдайды өзгертуге ұмтылады. Сол себепті олар бір-бірімен байланысты болады. Біріншіден, халықтың көз алдында болу үшін әлеуметтік қозғалысқа ұжымдық мінез-қүлықтың қолдауы қажет (Marx & McAdam, 1994). Заңсыз наразылық білдірушілер мен оларды тоқтатуға шыққан полиция қызметкерлері сияқты ешбір оқиға адамдардың назарын аударта алмайды. Екіншіден, үжымдық мінез-құлық әдетте белгілі бір уақытпен және жермен шектеледі. Алайда күндердің күнінде жағдай ушығып кетсе тағы да қайталануы мүмкін. Мұндай әрекет төменгі деңгейде болса да қоғамдық қозғалысқа септігін тигізе алады.
Балама қозғалыстар кейбір тұжырымдар мен әрекеттерге өзгеріс енгізуге бағытталған.
Айығу қозғалыстары жеке тұжырымдар мен әрекетті түбегейлі өзгертуге бағытталған.
Реформистік қозғалыстар (жануарлардың, азшылықтың және әйелдердің құқығы үшін күресушілер) белгілі деңгейде қоғамды өзгертуге ынталы.
Революциялық қозғалыс қоғамды түбегейлі өзгерткісі келеді.
Қозғалыстар неге сәтті немесе сәтсіз аяқталады? Неге кейбір қозғалыстар мақсатына жетіп жатса, басқалары жарты жолда жоқ болып кетеді? Тарихи шолу жасасақ, әлеуметтік қозғалысқа бастама көтерген 53 үйым (ҚҚҰ) болған. Әлеуметтанушы Уильям Гамсонның анықтауынша, әлеуметтік қоғалыстың төрт нәтижесі болады. Толықтай жеңетін қозгалыс - барлық мақсатына жеткен, кейін заңды, беделді үйым деп қабылданатын қозғалыс. Мысалы, Африка үлттық конгресс! ондаған жылдар бойы Оңтүстік Африка Республикасындағы нәсілдік саясатқа қарсы астыртын әрекеттер жүргізді. Ақыры, ол 1994 жылы билікке келіп, Оңтүстік Африкадағы қара нәсілді халықтың жағдайын жақсартты. Алайда басқа ӘҚҰ осылай жетістікке жете алмады. Кейбір ӘҚ¥ ойлары мен идеологиясын қоғам қолдаганымен, жабулы күйінде қала ды. Олар өздері мақсат еткен әлеуметтік өзгерісті енгізе алмайды. Енді бір ӘҚҰ билік басындағылар мақсаты мен бағдарламаларын қабылдап, бірақ ұйым мен оның идеологиясына жала жабуын жалғастыра берген кезде құқыққа ие болады. Көптеген саясаткерлер бүгінде бірдей еңбек үшін бірдей жалақы берілуін қолдайды, бірақ қоғамның назарын өзіне аударатын феминистерді мойындамайды. Алайда өзге ӘҚ¥-ның қоғамға ықпалы аз. 15.2-кестеде Гамсон ұсынған қозғалыстың төрт түрлі нәтижесі көрсетілген. АҚШ және дүниежүзі бойынша қозғалыстарды эмпирикалық зерттеудің нәтижесі бойынша, қозғалыстың сәтті болуына бірнеше фактор эсер етеді. Қозғалыстар, егер олар түрлі ұйымдардан құралса; алуан әдісті пайдалана отырып, жеткілікті ресурс жинай алса; егер олардың мақсаты мен идеологиясы қатысушылардың қызығушылығын тудырып, ұстап қала алатын әдіспен жасалса - сәтті болып шығады. Әртүрлі үйымдар және әдістер Әлеуметтік қозгалыс - бір мақсатты көздейтін ондаған, тіпті жүздеген топтар мен ұйымдардың өзара қатынасының нәтижесі. Мысалы, жануарлардың құқыгын қорғауды мақсат ететін шамамен он шақты ӘҚҰ бар. Бүған Ұлттық Одюбон қоғамы мен Sierra Club (басқасымен қатар Конгресті қолдайтын) сияқты дәсгүрлі жергілікті топтардан бастап Жерді Азат ету Шебі (2008 жылы әлдекімдер маңайындағы жылғалар мен сулы қатпарларды ластайды деп ойлағандықтан сән-салтанатты кешенде орналасқан үш бос үйді өртеп жіберген) сияқты мейлінше радикалды ұйымдарға дейін кіреді. Қозғалыс аясындағы үйымдардың пікірлері бір жерден шықпай, қолдаушыларды тарту үшін өзара бәсекелесуі м үмкін. Түрлі ұйымдар дың жиыны болғандықтан, қозғалыстағы адамдардың мақсаты да, күресу әдістері де артүрлі болып келеді. ӘҚҰ-ның алуан түрлі болуы әлеуметтік қозғалыстың жұмыс істеуі үшін қажет. ӘҚҰ екі түрлі әдіспен ұйымдастырылады: кәсіби жағынан бірлеседі және ерікті түрде үйымдар құрады. Бір жағынан, америкалық азаматтардың еркіндігі қоғамы (ААЕҚ) немесе Ұлттық атқыштар ассоциациясы (ҰАА) сияқты ұйымдар бар. Олардың кеңселері Колумбия округындағы Вашингтонда орналасқан және қызметкерлеріне жалақы төленеді. Олардың кейбірі ұйымға қаражат тартатын кәсіби фандрайзерлер болса, енді бірі - тек қаржылай пайда көргенде ғана мәселеге қызығушылық танытатын лоббиші агенттер. Ал, екінші жағынан, мүшелері ерікті түрде, жеке қызығушылықпен ұйымдасқан ӘҚҰ бар. Мысалы, көршілердің өз аудандарында атом электр станциясының салынуына қарсы шіркеу жертөлесінде ұйымдасуын айтуға болады. Негізіпде, ӘҚҰ үшін ұйымның қос әдісі де қажет. Кәсіби ӘҚҰ қорлардан, корпорациялар мен мемлекеттік мекемелерден қаражат жинау және орнықты қолдауды ұйымдастыру үшін пайдалы. Ал ерікті ұйымдар наразылықтың мәнін түсіндіріп, себептерін қоғамдық шерулер т.с.с. әрекеттер арқылы жария етуге қолайлы.
Жұмылдыру немесе мобилизация - әлеуметтік қозғалысқа қажетті ресурстарды қолжетімді ететін процесс.
Қалыпты тецестіру - қозғалыстар арқылы адамдарға олардың қызығушылықтары, құндылықтары мен сенімі ӘҚҰның мүддесімен астарлас екеніп көрсетегін процесс.
Kepi қозғалыстар дегеніміз - қарсы күресетін қозғалысқа мүлде өзгеріс енгіздірмейтін немесе оған қарсыласуға тырысатын әлеуметтік қозғалыс (Lo, 1982; Meyer & Staggenborg, 1996). Kepi қозғалыстар кез келген қозғалысқа жауап ретінде пайда болуы мүмкін және олар не солшыл, не оңшыл болып келеді. Егер үш шарт сақталса, онда кері қозғалыстар белең алады (Meyer & Staggenborg, 1996). Біріншіден, алғашқы қозғалыс аз ғана болса да жетістікке жетуі керек. Егер қозғалыс сәтсіз болса оған ешкім қарсы шықпайды. Ал қозғалыс толықтай сәтті болып көрінсе, онда оппозицияның пайдасы шамалы болмақ. Мысалға, темекі тартатындардың көбі жұмыс орнында шылым шегуге тыйым салатын ережелерді ешбір қарсылықсыз қабылдады. Ал қоғамдық орындарда, мейрамханалар мен барларда темекі шегуге тыйым салынған кезде олар өздерін қолдаушылар барын түсінді. Осындай орындардың иелері тұтынушыдан айырылып қалмау үшін олардың сөзін сөйледі. Міне, сондықтан да аталған тыйымға қарсылық пайда болды.
Әлеуметтік қозғалыс арқылы адамдар қоғамды өзгертуге тырысады. Басқа жағдайларда адамдардың сүранысы қарапайым болғанымен, үлкен әлеуметтік өзгеріс болуы мүмкін. Технологиямен байланысты жағдай дәл осындай. Біздің күнделікті өмірімізде технология айрықша орын алады. Бүгін сіз алдын ала даярлау тетігін белгілі бір уақытқа басып қойған электрлі кофе аппаратынан бұрын оянып, үялы телефонға келген хабарламаларды оқып шығып, смартфоннан музыка тыңдап, содан кейін барып таңғы асыңызды ішкен боларсыз. Қазіргі технология бұрынғыдан қуатты әрі қауіпті: автокөлік пен ядролық бомбаның жойқын күші жылқы жегілген арба мен қылыштан асып түседі. Сондықтан технологиялар енгізетін әлеуметтік өзгерістерге де мән беру қажет. Технология дегенім із - адамның білімі арқылы қүралдар жасау және табиғи ресурстарды пайдалану. «Технология» термині тек құралдарға байланысты емес (материалдық мәдениет), сонымен бірге біздің тұжырымдарымызға, құндылықтарымызға және біздің соған көзқарасымызға байланысты да қолданылады. Бүгінгі жоғары технологиялар саласындағы заманауи жетістіктерді ғана технология деп санауымыз дүрыс емес, оған қарапайым керамика мен тоқылған себет те жатады. Демек, технология адамзат тарихының басталуынан мәдениеттің құрамдас бөлігіне айналған. Технология қоғамның даму шегін айқындайтындықтан технологиялық инновациялар - әлеуметтік өзгерістің басты қозғаушы күші. Технология аң және балық аулау мен бағбаншылықты сол кезде ауыл шаруашылығына, кейіннен өнеркәсіптік, одан соң постиндустриалдық қоғамға айналдырды. Қазіргі таңда мәдениет пен қоғамның өзгеруіне қарай пайда болатын жаңа сұраныстарды қанағаттандыру үшін жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Бұл үздіксіз жалғасатын цикл іспетті. Әлеуметтік өзгерістер жаңа технологиялардың пайда болуына да, олардың қолданылуына да себепкер болып отырады.