Сцинтилляциялы санауыш
– негізгі элементтері
сцинтиллятор
(өзіне
түскен бөлшектерді жарық жарқылына сәулелендіретін – кристаллофосфор,) және
әлсіз жарықтың жарқылын электрлік импульске түрлендіруге мүмкіндік беретін,
фотоэлектронды көбейткіш
болып табылатын ядролық бөлшектердің детекторы.
Түрленген электрлік импульстер электрондық аппаратурамен тіркеледі.
35
Иондаушы санауыш
– газбен толтырылған электрлік конденсаторлар –
зарядталған бөлшектердің газдың иондалуын тудыратын қабілетіне және сол электр
өрісінде ионизация өнімдерін бөлуге негізделген.
Егер санауыш бөлшектердің тікелей әсерінен түзілген иондарды тіркейтін
болса, онда мұндай санауыш
импульсті иондаушы камера
деп аталады.
Алғашқы иондардың газ атомдары мен молекулаларына соқтығысуына және
нәтижесінде газда разряд тудыруға негізделген екінші ретті иондалу маңызды роль
атқаратын санауыштар
газ разрядты санауыштар
деп аталады. Газ разрядты
санауыштың мысалы – Гейгер-Мюллер санауышы.
Иондаушы камераның схемасы:
1 – камераның ішкі беті (оң электрод); 2 – металл сақина (теріс электрод); 3 –
камераның түбі; 4 – янтарлы изолятор; 5 – күзет сақинасы.
36
Металл корпусы бар газ разрядты санауыш:
1—санауыш корпусы (катод); 2—санауыш қылы (анод); 3—оқшаулағыштар;4
—сыртқы тізбекке жалғайтын шығыстары.
Жартылай өткізгішті санауыштар
– жартылай өткізгішті диодтар,
тіркелетін бөлшектер одан өткен кезде, диод арқылы өтетін электр тоғының пайда
болуына әкеледі.
Вильсон камерасы
– нейтрал газбен толтырылған поршеньмен нығыз
жабылған цилиндр. Газды өте тез (адиабаталық) ұлғайтқан кезде, ол қанығады және
камера арқылы өткен бөлшектердің траекториясында тұманнан тректер (сызықтар)
түзіледі. Осы тректер суретке түсіріледі.
Вильсон камерасының схемасы:
1 – оқшауланған жұмыс көлемі; 2 – шыны цилиндр, 3 – суретке түсіруге
арналған шыны терезе; 4 – жылжымалы поршень; 5 – поршеньнің жүрісін реттегіш;
6 – резина диафрагма, 7 – диафрагма қозғалған кезде турбуленттілікті азайту үшін
сымнан жасалған тор; 8 – су-спирт қоспасын жіберуге арналған тесік (жұмыс
кезінде жабық болады); 9 – фотографиялық құрылғы
37
|