сондай-ақ әскерлерді (күштерді) қару-жарақ, техника және басқа жабдықтау түрлерімен
қамтамасыз ету бойынша баяндауы мүмкін. Тапсыру мерзімі бойынша Хабарламалар жедел
(жедел хабарламалау табелінде белгіленген уақытқа жеткізіледі) және жедел емес (жай)
(жағдайдың шұғыл өзгеру кезінде жедел хабарлар табелін есепке алмай жеткізіледі) болып
бөлінеді. Шешім баяндалған жауынгерлік хабарламаларға командир және штаб бастығы, ал
қалғандарына — штаб бастығы мен тиісті қызметтің бастығы қол қояды. Қамтамасыз ету
мәселелері бойынша (инженер лік, химиялық, тыл және т.б.) хабарламаларға тиісті бастық қол
қояды.
Ақпарат хабарлама түрінде жеткізіледі. Ол үшін
хабарлама ақпаратты алыс
қашықтыққа жеткізуге арналған ыңғайлы түрде бейнеленеді. Хабарламаның мысалы ретінде
телеграммалардың мәтіні, сөз, музыка, теледидар суреттемелері, компьютерден алынатын
деректер, нысандарды автоматтандырылған басқару жүйелеріндегі командалар және т.б.
келтіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: