аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген
оқу
орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. Қосымша мәліметтер
көрсетіледі.
Монолог (грекше – monologos, mono – бір, logos – сөз) – бір адамның өз ойын,
көзқарасын білдіруі. Монологтік сөйлеу дегеніміз – бір адамның өз ойын, пікірін ұзақ
уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы. Монологтік сөйлеуге
оқушылардың белгілі бір
тапсырманы түсіндіруі, мұғалімнің жаңа тапсырманы баяндауы, хабарлама, баяндама
жасауы жатады.
Оқушылардың монологтік сөйлеу дағдыларын
сыныпта және сыныптан тыс
кездері қалыптастыруға болады. Мектеп оқушыларының монологтік сөйлеу
дағдылары, әсіресе, ана тілі және қазақ тілі пәндерінде (әңгімелерде, ертегілерде,
нақыл сөздерді,өлеңдерді оқуда) қалыптасса, ал сыныптан тыс кездерде мұғалімнің
басшылығымен
оқушылардың баяндама, реферат, ғылыми жұмыстарды қорғау
кезінде қалыптасады.
Сөйлеу мақсатына қарай монологтік сөйлеу үш негізгі типке бөлінеді:
ақпараттық, сендіруші және орнатушы.
Ақпараттық сөйлеу – білім беру үшін қызмет етеді.Ақпараттық сөйлеудің
әртүрлілігі – дәріс, есеп, хабарлама,баяндамалар.
Сендіруші сөйлеу – тыңдаушының көңіл-күйіне бағытталған,
мұндай жағдайда
айтушы оның қабылдануын есепке алуы қажет. Сендіруші сөйлеудің әртүрлілігі –
құттықтаушы, мерекелік.
Орнатушы сөйлеу
– тыңдаушының әртүрлі іс-әрекет түрін қалыптастыруға
бағытталған. Мұнда саясат сөзі, іс-әрекетке шақыру сөзі,
қарсылық білдіру сөзі
белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: