Бейімделу кезеңін психологиялық қолдау (ата-аналар жиналысы)



Дата05.10.2022
өлшемі23,91 Kb.
#41441
Байланысты:
5 сынып бейімделу ата-ана


Бейімделу кезеңін психологиялық қолдау (ата-аналар жиналысы)
1 қыркүйекте мектепке келген бесінші сынып оқушысы үшін көптеген заттар жаңа болып көрінеді. Сондықтан бейімделу қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда бала қандай қиындықтарға тап болады?
Бастауыш мектеппен салыстырғанда бесінші сыныпта оқыту шарттары түбегейлі өзгереді:
1. Балалар негізгі бір мұғалімнен сынып жетекшісі мен пән мұғалімдеріне ауысады, жаңа мұғалімдер әр баланың ерекшеліктері мен оқу мүмкіндіктерін әлі біле қоймайды;
2. Сабақтар әр кабинеттерде өткізіледі;
3. Кейбір балалар басқа мектептерден ауысып келді немесе басқа қалалардан келді, яғни ұйым ортасын ауыстырды;
4. 5 сыныпта оқу жүктемесі қосылды.
Зерттеу бойынша оқушылар бесінші сыныпта оқудың басында бірінші сыныпта оқығандай сипаттағы жаңа оқу жағдайларына бейімделу кезеңін бастан кешеді.
Нәтижесінде оқушының психикасына жүктеу артылады.
Сондықтан бір балалар сезімтал, мазасыз, біреулері керісінше еркін, тынымсыз болады. Олардың еңбекке қабілеті төмендеп, ұмытшақ, салғырт болуы мүмкін. Кейде ұйқысы мен тәбеті бұзылады.
Осындай жүйелі ауытқулар оқушылардың 70 - 80% тән.
Көбінде осындай ауытқулар бірыңғай сипатта болады және оқу басындағы 2 - 4 аптадан кейін жойылады. Бірақ кейбір балаларда бейімделу кезеңі бірнеше айларға созылуы мүмкін.
2. Үй жұмысын орындау туралы мәселе.
Неліктен бесінші сыныпта үй жұмысын орындау мәселесі қиындайды?
Біріншіден, балалардың әр мұғалімдермен оқытыла бастауы себеп болады. Әр пәннің үй жұмысын дайындаудағы өз ерекше талаптары бар. Егер оқушы оларды білмесе, егер оларды игере алмаса, ол үлкен қиындықтарға тап болып, оқу нәтижелеріне, оның физикалық және эмоционалдық күйлеріне де ықпал етеді.
Екіншіден, оқушы мен мұғалім қарым - қатынасы жағдайы өзгереді.
Бастауыш сыныпта бала бір мұғаліммен қарым - қатынасқа қабілеттенсе, енді орта буында оқуда көптеген ересектермен қатынасқа түсетін болғандықтан, оның міндеттері қиындай түседі. Ол қатынас ылғи да және бірден жағымды бола бермейді: бала мұғалімге артық сұрақ қоюдан қорқады, түсінбеген сұрақтарын, параграфтарын, тақырыптарын жасырып қалады. Осының бәрі үлгерімнің күрт төмендеуіне әкеледі.
Үшіншіден, бастауыш сыныпқа қарағанда үй жұмысының мазмұны да өзгереді. Бастауыш сыныпта көбінесе оқушылардың жазу, оқу, санау дағдыларын дамытуға (қайталауға) бағытталған, 5 сыныпта үй тапсырмалары пайымдау, талдау, өз бетімен қорытындыға келу қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Ойлауға өз миларымен жұмыс істеу — жақсы ұйымдастырылған ұй жұмысы осыған үйретеді.
Үй тапсырмасындағы ең қарапайымы – ол өткен материалды сөзбе сөз қайталау болып келеді.
3. Мектеп өміріндегі қиындықтар.
Кіші жасөспірімнің сәтті бейімделуі оның интеллектік дайндығына ғана емес, сонымен қатар сыныптастарымен және мұғалімдермен қаншалықты қарым - қатынасқа түсе алатынына, мектеп ережелерін ұстана алуына, жаңа жағдайларда бағыттала алуына да байланысты.
Сәтті бейімделудің белгілері

  • оқушының оқу үрдісіне қанағаттануы;

  • -оқушы бағдарламаны оңай меңгереді;

  • -оқу тапсырмалаларын өз бетімен орындай алмаған сәтте ғана, ата-ананың көмегіне жүгінуге дайын болуы

  • - қарым-қатынастағы достарының болауы;

  • - туындаған мәселе бойынша сынып жетекшісіне, пән мұғалімдеріне сұрақ қоя алуы.

  • -ұнататын ісімен шұғылдануы


Бейімделе алмау себептері

  • -оқушының оқу бағдарламасын меңгеруге қиналуы;

  • -оқушының үй жұмысын уақытында орындамауы;

  • - достары мен сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсе алмауы;

  • -үй жұмысын өз бетінше орындамау және ата-ана көмегіне жүгінбеу

  • -күн тәртібінің сақталмауы

  • -өзін нашар сезінуі туралы жиі шағымдар;

  • -өзінің ұнататын ісімен айналысуға ынтасын білдірмеу;

  • -оқушыда мазасыздық білінуі.



Ата-анаға ұсыныс:
-өз балаңызға әрдайым сүйіспеншілікпен қараңыз;
-балаңыздан махаббатыңызды аямаңыз;
-маңызды емес жетістігі үшін де балаңызды мақтаңыз;
-балаңыздың жетістіктерін айтып отырыңыз және ол туралы отбасының басқа мүшелерінің көзінше айтыңыз
-балаңызды жиі құшақтап, мейіріміңізді білдіріңіз
-балаңыздың әрекетін басқа балалармен салыстырмаңыз;
-өз балаңызды тыңдай біліңіз;
-балаңыздың бойындағы қызығушылықтары мен қалауын ескере отырып, арнайы үйірмелерге апаруға тырысыңыз.
«Ата-ана баласын күн сайын кем дегенде 4 рет құшақтаса, ал физикалық психологиялық өсу және қалыптасу үшін 12 рет құшақтау керек»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет