Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Тест Қырғыз эпосы”Манасты” “Сахара Илиадасы” деп бағалаған кім?
А) Радлов В.
В) Потанин Г.
С) Уәлиханов Ш
D) Бөкейханов Ә
Е) Әуезов М
«Фольклорда даңқты есімдер болмайды,ондағы көркемсөз авторы - әркез халық”,- деген сөзді айтқан кім?
А) Потанин Г
В) Диваев Ә
С) Байтұрсынов А
D) Белинский В.Г
Е) Андреев Н.П
”Жаназық” зерттеу еңбегі қазақ фольклорының қай жанрларына арналған?
А) Эпостық жырлар
В) Лиро-эпостық жырлар
С) Қазақтың халық прозасы
D) Тұрмыс-салт жырлары
Е) Жұмбақтар
20-ғасырдың орта шенінде қазақ ертегілерін үшке бөліп қарастырған кім?
А) Байтұрсынов А
В)Әуезов М
С) Мұқанов С
D) Марғұлан Ә
Е) Қасқабасов С.
Қазақ халқының шешендік өнерін арнайы зерттеген ғалым:
А) Дүйсенбаев Н
В) Қирабаев С.
С) Марғұлан Ә.
D)Адамбаев Б
Е) Бердібаев Р.
Жоғары оқу орындарына арналған ”Қазақ халқының ауыз әдебиеті” оқулығының авторы?
А) Бөкейханов Ә
В) Дулатов М.
С) Ғабдуллин М.
D) Ғабдуллин Н
Е) Жұмалиев Қ.
Қазақ фольклорын кеңінен зерттеген орыс зиялысы Г.Н.Потанин қай жылдар аралығында өмір сүрген?
А) 1648-1726
В) 1731-1792
С) 1835-1920
D) 1926-1994
Е) 1942-2004
Сұрақтар: 1. В.В.Радлов қазақ фольклорын зерттеуші
2. Г.Потанин қазақ фольклорын зерттеуші
3. Ш.Уәлиханов- фольклоршы
4. М.Әуезов фольклортанушы