Дәрістің қысқаша мазмұны: Еңбек-кәсіптің ролі. Жаратылыс туралы ұғымдар мен тұрмыс-тіршілік тәжірибесінің орнығуы. Үй іші, ру, тайпа арасындағы қатынастар. Анаеркі /матриархат/ мен атаеркі /патриархат/. Ескі наным-сенімдер мен түсініктер: анимизм, онтропоморфизм, тотемизм, фетишизм, магия, т.б. Олардың фольклорға әсері. Мифтік сана мен мифтер /тотемистік, дуалистік, этиологиялық мифтер/. Шаманизм. Бақсылар қызметі. Қазақ фольклорының көне жанрлары: мифтер, аңшылық, төрт түлік туралы әңгімелер мен жырлар, маусымдық салт өлеңдері, бақсы сарыны, арбау, бәдік, алғыс, қарғыс, түрлі рәсімге байланысты өлеңдер, ертегілер, көне эпостар.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Тест Әлемнің жаратылуы, алғашқы адамның дүниеге келуі мен оның жасампаздығы аңыздық прозаның қандай саласында баяндалады?
А) миф
В) аңыз
С) меморат
D) әпсана-хикаят
Е) ертегі
Қазақ эпостарының классификациясын жасаған ғалым
А) Ыбыраев Ш.
В) Жирмунский Б.М.
С) Марғұлан Ә
D) Бердібаев Р
Е) Қоңыратбаев Ә
Қаһарманның үйлену мақсатындағы түрлі жорықтары қай жанрдағы шығармалардың негізгі сюжетін құрайды?
А) қаһармандық эпос
В) көне эпос
С) сатиралық ертегі
D) әпсана
Е) аңыз
Қандай жыр:
” Ер екен ... бұрын өткен,
Ақырда мұратына ол да жеткен
Мұхиттың Гозар деген аралында
Аң аулап мергендікпен кәсіп еткен”,- деген жолдарымен басталады?
А) Қобыланды
В) Қамбар
С) Қыз Жібек
D) Жоямерген
Е) Ер Тарғын
”Көк желкенің тұсы деп,
Өлер жерің осы деп,
Жайымен бара жатқанда,
Найзаны алма ұрады
Біршімбайдай серкеден...”, деген үзінді қай жырдан алынған?
А) ”Алпамыс батыр”
В) “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”
С) ”Қобыланды батыр” жыры
D) “Айман-Шолпан” жыры
Е) “Ер Тарғын” жыры
Қазақтың қаһармандық эпосының арғы тегінде тұрмыс-салт жырлары: қоштасу,естірту, жоқтау сияқты өлең түрлері жатқанын алғаш айтқан ғалым:
А) Әуезов М.
В) Ыбыраев Ш.
С) Қасқабасов С.
D) Жирмунский В.М
Е) Мелетинский Е.М.