10-дәріс. Әсет ақынның және Ш.Уәлихановтың әдеби мұрасы
XIX -XX ғ.ғ өнер тұтастығын ұстанған ақындар шығармалары қазақ әдебиетінің әлем өркениетінің байытатын дара ерекшелігі. Кейбір нышандары әлем халықтары әдебиетіндегі ақындар шығармашылығында кездеседі. Бірақ қазақ әдебиеті тарихындағы әнші ақындар (салдар, серілер) өнеріндегі тұтастық болмысына тең келе алмайды.ХІХ-ХХ ғ.ғ. өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар: Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897), Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913), Сегіз сері (Мұхамед-Қанапия) Баһрамұлы (1818-184 ),Сара Тастанбекқызы (1878-1916), Әсет Найманбайұлы (1863-1895), Сары Батақұлы (1863-1895), Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929), Құлтума Өтемісұлы (1840-1915), Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлы (1864-1919), Тайжан Қалмағамбетұлы (1878-1938), Мәди Бапиұлы ( 1880-1921), Шашубай Қошқарбайұлы (1865-1952), Кенен Әзірбайұлы (1854-1976), Нартай Бекежанов (1890-1954), т.б.
|
|
11
|
11-дәріс. Шоқанның ғылыми еңбектері және Ы.Алтынсарин поэзиясы
XIX ғасырдағы қазақ фольклоры мен әдебиеті мәселелерінің өркениет кеңістігінде танылуында Шоқан Уәлихановтың еңбектері айрықша. Ш.Ш.Уәлихановтың ғылыми-әдеби мұрасын зерттеушілер: Ә.Марғұлан, С.Мұқанов және т.б. Ш.Ш.Уәлихановтың мұралары Қазақстан тарітхына, географиясына, этнографиясына, бейнелеу өнеріне арналған зерттеулерде де қамтыла қарастырылып келеді.Ш.Уәлихановтың әдеби көркем бейнесінің сомдалуында қаламгерлер С.Мұқановтың "Аққан жұлдыз" роман-трилогиясы, "Шоқан Уәлиханов" пьесасы, С.Бақбергеновтың "Ақ боз атты ару" повесі, С.Бегалиннің "Бала Шоқан"повесі, т.б. ерекше орын алады. Ш.Уәлиханов шығармаларының бес томдығы, таңдамалы бір томдығы - бэрі де көрнекті ғалым Әлкей Марғұланның басқаруындағы ҰҒА-ның Тарих институты ұжымының еңбек жемісі. Шоқан Уәлиханов - ағартушы, демократ, философ-тарихшы, фольклоршы-этнограф, әдебиеттанушы, географ, саяхатшы, суретші, т.б. Ғалымның киноэкрандағы бейнесі де "Қазақфильм" студиясы туындылары арқылы жарық көрді.
|
|
12
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |