Дәріс тезистері дәріс Кіріспе. Адам анатомиясының тарихы, бөлімдері, зерттеу әдістері


Дәріс 14. Сенсорлық жүйелер. Анализаторлар



бет14/15
Дата14.10.2023
өлшемі93,48 Kb.
#113994
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Дәріс 14.
Сенсорлық жүйелер. Анализаторлар
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Сенсорлық жүйеге түсінік
2. Көру анализаторы
3. Есту анализаторы

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Организм әр дайым сыртқы және ішкі ортадан түсетін информацияны қабылдап, өңдеп (анализдеп-синтездеп), оларды бағалайды, мәнісін, мазмұнын және мағынасын айырады. Нәтижесінде жауап реакциялары, іс-әрекеттер орындалады. Осы мүмкіндікті іске асыруды қамтамасыз ететін маманданған арнайы жүйелер сенсорлық жүйелер немесе анализаторлар деп аталады. Анализаторлар туралы ілімді жасаушы И.П.Павлов болып есептеледі. Анализатор өзара морфологиялық және функционалды байланысқан үш бөлімнен тұратын тұтас, бірыңғай жүйе:

  • Рецептордың әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдаушы орган (шеткі бөлім)

  • Өткізгіш жолдар-афферентті (рецептордан тітіргендіргіштерді. ОЖЖ жеткізеді), эфферентті (ОЖЖ Р), аралық жолдар.

  • Ми қыртысындағы орталық бөлім.

Көру органы көз алмасынан көру нервісінен және қосымша аппараттардан тұрады. Көз алмасы бассүйектің алдыңғы жағындағы көз шарасының ішінде орналасқан. Көз алмасының алдына қарай шығынқы келген бөлігін- алғы полюсі, артқы көру нервісінің шыққан жерін- артқы полюсі деп атайды. Осы екі полюс арасынан қосып тұрған тік сызықты «Көз осі» деп атайды.Көз алмасы үш қабаттан сыртқы- тығыз фиброзды, ортаңғы-тамырлы қабық, ішкі тор қабықтан түзілген. Тығыз ақ қабықша көзді механикалық, химиялық зақымданудан, бөгде бөлшектер мен микробтардан сақтайды. Тығыз ақ қа-бықша екі бөліктен тұрады. 1. Алдыңғы дөңес мөлдір қасаң қабық. 2. Артқы ақ қабық.
Тамырлы қабық үш бөлімнен тұрады. 1. Алдыңғы- нұрлы қабықша 2. Ортадағы – кірпікті дене 3. Артқы- меншікті тамырлы қабық.
Нұрлы қабықша ортадағы тесік көз қарашығын қоршап тұрады. Оның түсі ашық көгілдір түстен, мөлдір қараға дейін болады. Нұрлы қабықшаның алдыңғы беті көз қарашығына және кірпікті денегі қараған екі шеті бар. Нұрлы қабықтың дәнекер ұлпалы негізгі алдында эндотелиймен, артында пигмент жасушалары мен қапталған.
Көздің қосалқы мүшелеріне көз алмасының бұлшық еттері, қабақ, қас, көз жас безі жатады. Көз алмасының бұлшық еттері: жоғарғы, төменгі, ішкергі, шеткі тік бұлшық еттері. Қабақ төменгі және жоғарғы болып екіге бөлінеді. Олар көз алмасының алдыңғы жағын ашып-жабады. Екі қабақтың біріккен жерінде көз бұрышы пайда болады. Көз алмасының бір-біріне қараған көз бұрышында қызғылтанып көз еті шығып тұрады. Жоғарғы қабақты үстінде қас орналасқан. Қас көзді маңдайдан аққан кірпіктер шаң-тозаннан қорғайды.
Көз жас безі көз шарасының осы аттас шұңқырында. Көздің жасын осы без шығарады. Көз жасы көз алмасының алдыңғы бөлігін жуып, көз жасының көліне жиналады. Көз жасы мұрын-көз жасы өзегі арқылы мұрын қуысына шығады. Көз жасы көзді жуып, оны құрғап кетуден сақтайды. Көз жасының бактериоцидтік қасиеті көзді түрлі аурулардан сақтайды.
Есту органы орналасуына, атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы және ішкі құлаққа бөлінеді. Сыртқы құлақ дыбыс толқынын жинақтап ортаңғы құлаққа өткізеді, ортаңғы құлақ ішкі құлақтың қабылдау рецепторларына береді. Ішкі құлақта есту органдарынан басқа тепе-теңдік аппараты да жатады. Тепе-теңді корганы дененнің және оның әрбір мүшесінің сыртқы жазықтықтағы жағдайын қабылдап, орталыққа немесе ми бөлігіне беріп отырады.
Сыртқы құлақ. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы жатады.
Құлақ қалқаны сыртқы орталықтағы дыбыс толқынның жинақтап дыбыс жолына қарай икемдейді. Жануарлардың құлақ қалқаны адамға қарағанда жақсы жетілген және қозғалып дыбыс шыққан жаққа бұрылып тұрады.
Сыртқы дыбыс жолы құлақ қалқанынның ойысыныан баталып, тереңдеп дабыл жарғағына дейін жететін түтік тәрізді оның ұзындығы 3,5см дейін барады. Бұл түтіктің іщкі жағын атсарлап жатқан теріде көптеген бездер болады, олар май мен құлақ күкіретін шығарады. Ол екеуіннің қосындысын құлақ шайыры дейді. Бұның микробтармен күрес жасайтын қорғаныстық маңызы бар.
Дабыл жарғағы сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақты бөліп тұрған перде тәрізді, оның сыртқы құлаққа қараған сыртқы құлаққа қараған сыртқы беті эпителиймен, ал ортаңғы құлаққа қараған ішкі беті кілегей қабықшамен жабылған. Дабыл жарғағы өте жұқа келеді, сондықтан оның ішкі бетіне жабысып жатқан ортаңғы құлақтың балғашық сүйекшесі көрініп тұрады.
Балғаша сүйектің басы, мойыны, сабы болады. Ол сабы арқылы дабыл жарғағының орта жеріне бекемдеп жатады да, ал басы арқылы төсше сүйектің денесімен байланысады.
Төсше сүйегі бір жағымен балғаша сүйекпен, екінші жағымен үзенгіше сүйекке жалғасады. Үзенгіше сүйек адам денесіндегі ең ұсақ сүйек, оның негізі мен қос аяқшалары болады. Негізі ішкі құлақтың сопақша тесігін жауып тұрады.
Есту түтігі ортаңғы құлақты жұтқыншақпен жалғасытрып тұрады, оның ұзындығы 3-4 см. Түтіктің ішкі аз бөлігі сүйектен, ал сыртқы бөлігі шеміршектен түзілген. Ауа жұтынған кезде осы түтік арқылы жұтқыншақтан ортаңғы құлаққа еніп, оның ішіндегі ауа қысымын сыртқы ортадағы ауа қысымымен теңестіріп тұрады. Бұл жағдай дабыл жарғағынын ауа толқынының қысымынана жарылып кетпеуіне маңызы зор.
Ішкі құлақ немесе лабиринт самай сүйектің тасша бөлігігнің ішінде жатады. Оның өзі бірінің ішінде бірі жатқан сүйекті және жарғақты лабиринттен түзілген. Бұл екеуінің аралығындағы саңылау кеңістікте және жарғақты лабиринттің ішінде лимфа сұйықтығы болады.
Сүйекті лабиринт өте күрделі құрылыста болады. Ол 3бөліктен тұзілген, оның орталық бөлігін кіреберіс, алдыңғы жағын –ұлу, ал артқы бөлігін-иірім каналдар деп атайды.
Сүйекті лабиринттің кіреберіс бөлігі ортаңғы құлақ пен ішкі дыбыс жолынның аралығындағы орналасқан. Пішіні сопақша келген кеңістік. Кіреберістің сыртқы қабырғасы болып табылады.
Кіреберітің бір жағынан ұлу,екінші жағынан үш жартылай иірімді каналдар ашылады. Бұл каналдар сүйекті лабиринттің артқы жағын түзеді, олар бір-біріне перпендикуляр бағытта жатқан үш түтіктен құралған. Оның алдыңғы түтігі-солиттальды, артқы түтігі-фронтальды, ал сыртқы түтігі горизонталь жазықтықта жатады. Олардың әрқайсысы жартыла йкелген шеңберге ұқсайды және қос аяқшасымен лабиринттің кіреберіс бөлігіне ашылады. Олардың кеністік жасаған аяқшаларын ампуласы, ал кенеймеген аяқшаларын жай аяқшалар деп бірігіп, жалпы аяқша түзіп кіреберіске ашылады. Осыған байланысты кіреберісте алтау емес бес тесікше болады,
Ұлу лабиринттің үшінші бөлігі. Бұл кіреберістің алдыңғы жағынан басталып, екі жарым иірім жасап аяқталады. Оның ішінде конус тәрізді кіндік жатады. Ұлудың бірінші орамын-«негізі» екінші орамын-«ортаңғы бөлім», үшінші орамын «ұшы»деп атайды. Иірімнінң қуысында спиральды пластинка жатды. Оның бір шеті кіндікке жалғасып, екінші шеті иірім қуысында бос жатып, ұлудың сыртқы қабырғасына жетпей тұрады. Осының нәтижесінде ұлу қуысы екі сатыға бөлінеді. Жоғарғы бөлігін «кіреберіс сатысы», ал төменгі бөлігін-«дабыл сатысы» деп атайды. Иірім ұшында бұл екі саты бірігіп кетеді. Кіреберіс сатысы кіреберістен басталса, дабыл сатысы жарғақпен жабылған ұлу терезесінен басталады.
Жарғақты лабиринт жұқа дәнекер тканьді жарғақтан түзілген, ол сүйекті лабиринттің ішінде орналасқан. Жарғақты лабиринттің ішінде индолимфа сұйықтығы жатса, сүйекті лабиринт пен жарғақты лабиринттің аралығында перилимфа сұйықтығы жатады. Жарғақты лабиринттің кіреберіс бөлігінің пішіні сүйекті лабиринттің кіреберіс бөлігіне толығымен ұқсас келмейді. Себебі ол бір-бірімен тығыз байланыста жатқан жатырша мен қапшықтан түзілген.
Құлақ қалқанымен сыртқы есту арқылы енген дыбыс толқыны дыбыс жарғағын тербетеді. Бұл тербелу есту сүйекшелерінің тізбегінен кіреберіс терезесіне, одан перилимфа сұйықтығына беріледі. Перилимфа сұйықтығы ұлу қабырғасындағы ұлу нервісінің ұштарына одан орталыққа беріледі.
Лабиринттің кіреберіс бөлігі мен жартылай иірімді каналдары адманың тепе-теңдік аппараты болып саналады. Олар рақылы адам денесінің жәнеоның әрбір мүшелерінің сртқы жазықтықтағы жағдайы қабылданды. Осы кіреберіс бөлігі мен жартылай иірімді каналдардан қозуды сопақша ми мен мишықты беретін кіреберіс ми нервісі басталады.
Есту анализаторының орталығы ми сыңарларының самай аймағында жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет