Дәріс тезистері дәріс Кіріспе. Адам анатомиясының тарихы, бөлімдері, зерттеу әдістері



бет7/15
Дата14.10.2023
өлшемі93,48 Kb.
#113994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Дәріс 7.
Тыныс алу жүйесі
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Тыныс алу жүйесі.
2. Мұрын қуысы.
3. Көмекей.
4.Кеңірдек және бронхылар.
5. Өкпе.

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Тыныс алу - адам, жануарлар мен өсімдіктердің өмірлік маңызы бар қызметтерінің бірі болғандықтан, тірі дене мен сыртқы орта арасындағы газ алмасуының қамтамасыз етеді. Осы қызметінің нәтижесінде дене оттегімен қамтамасыз етіледі де, зат алмасу өнімдері- көмір қыщқыл заты, су буы, тағы басқа сыртқа шығарады. Тыныс алу мүшелері иіс сезу, дыбыс және сөз құрау қызметтерімен тығыз байланысты. Мысалы: мұрын қуысының келегейлі қабығында иіс қабылдайтын иіс сезі жүйкесі ұшы бар.
Тыныс алу органдарының организм тіршілігінде маңызы зор. Олар газ алмасу, дыбыс шығару, сөйлеу қызметтерін атқарады. Тыныс алу аппаратына мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхылар және өкпе органдары жатады.
Мұрын қуысы сүйек пен шеміршектен түзіліп, сырты терімен жабылып, ішкі беті кілегейлі қабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады. Мұрын қуысының кілегейлі қабаты қан тамырларына өте бай, оның беті көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен жабылған. Мұрынға енген шаң тозаңды эпителий кірпікшелері ұстап қалады. Ал бездерден бөлінген сілекей бактерияларды өлтіріп отырады. Мұрынның ортаңғы пердесі мұрынды тең екі бөлікке бөледі. Оның артқы бөлігі сүйектен, алдыңғы бөлігі шеміршектен тұрады. Көз жасы арнайы түтік арқылы мұрын қуысына өтеді, оның кілегейлі қабатын ылғалданып тұрады. Мұрын қуысының бүйір қабырғасында жоғарғы, ортаңғы және төменгі кеңсірік қалқандары бар. Олардың аралығынан жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрын жолдары өтеді. Осының нәтижесінде ішке сорған ауа тыныстау мүшелеріне тікелей өтпей, ауа жолдары арқылы жылытылып, тазартылып өтеді. Мұрын қуысы тыныс алу және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді. Иіс сезу бөлігі мұрынның жоғарғы бөлігінде орналасқан. Оларға ерекше жасушалар мен иіс сезу рецепторлары жатады. 
Көмекей мойынның алдыңғы жағында, IV-V мойын омыртқаларының тұсында орналасқан. Көмекейдің алдынан тіл асты еттері, артында жұтқыншақ, ал бүйірінде қалқанша безінің бөліктері мен қан тамыр будалары, қыдырма жүйке өтеді. Көмекейде 6 шеміршек бар. Олардың 3-уі жұп, 3-уі тақ. Жұптар: ожау, мүйіз, сына шеміршектер. Көмекей 3 қызмет атқарады: тыныс алу, қорғаныс және дыбыс құрау.
Кеңірдек көмекейдің тікелей жалғасы. Ол түкше пішіндес. Ұзындығы 9-15 см, ені 1,5-2,7 см. Кеңірдек 16-20 жарты сақинаша шеміршектен құралған. Олар бір- бірімен буында арқылы біріккен.Кеңірдектің қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Ішкі-кірпікшелі эпителімен қапталған сілемейлі шырышты қабат. Кеңірдек тік бұрыш болып оң және сол жақтағы бас бронхтырға бөлінеді. Қорыта айтқанда, өкпенің қақпасына кіркеннен кейін бас бронх талдың бұтағынша тамақталады.
Өкпе адам мен жануарлардың тыныс алу мүшесі. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлінеді әрі тыныс алу бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді онымен қоса оның ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады. Ересек адамның екі өкпесіне 700 млн-нан астам көпіршіктер сияды. Жан-жағын қантамырлар капиллярлары қоршаған көпіршектерде газ алмасу жүреді. Өкпеде жұтқан ауа қанға өтедікөмір қышқыл газы қаннан ауаға шығады. Адамның жалпы орташа өкпе сыйымдылығы – 2680'120. Өкпе дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, қан ұюыақуыз, май және көміртек алмасу процестеріне қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет